Олимпиадаға қатысу шарттары қандай?
Біздің орталықта олимпиадаларға ақылы және тегін де қатысуға болады. Тегін олимпиадаларға қатысу үшін тегін олимпиадалар бөліміне өтіп, ұнаған олимпиаданы таңдап қатысуға болады.
Ақылы олимпиадалар мұғалімдер мен тәрбиешілерге 490тг, оқушылар мен студенттерге 390тг. Олимпиада 20 сұрақтан тұрады.
Берілетін уақыт: 60 минут.
Олимпиада нәтижесі бірден шығады. Жетекшіге және оқушы ата-анасына алғыс хат тегін беріледі.
Олимпиада біткен соң қатемен жұмысты жасап, жауаптарға анализ жасауға болады.
Сұрақтар кездейсоқ форматта беріледі, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар болады.
Олимпиадаға сынып болып қатысуға болады ма?
Ия, сынып болып қатысуға болады. Ол үшін жетекші сәйкес олимпиадаға кіріп барлық оқушылардың аты-жөндерін жазып шығу керек. Сосын әр қатысушының кодын алып оқушылар сайтқа өтіп қатыса алады. Сайттың басты бетінде код арқылы қатысу батырмасын басса болды. Толығырақ мына нұсқаулықта жазылған:
Олимпиадаға әріптесімді қатыстыруыма болады ма?
Ия, болады. Ол үшін олимпиадаға кіріп барлық әріптестеріңіздің аты-жөндерін жазып шығу керек. Сосын әр қатысушының кодын алып әріптесіңізге беріңіз. Әріптесіңіз сайтқа өтіп қатыса алады. Сайттың басты бетінде кодты енгізу батырмасын басса болды. Толығырақ мына нұсқаулықта жазылған:
Олимпиадаға қатысқан соң бонусты қалай аламыз?
Олимпиадаға толем жасаған соң әр қатысушыдан 10% бонус беріледі. Ол ақшаны картаға шығарып алуға немесе сайттағы қызметтерге жұмсауға болады. Ең белсенді жетекшілерге сыйлықтар беріледі.
Олимпиада нәтижесі қанша уақытта дайын болады?
Олимпиада нәтижесі тест біткен соң бірден шығады. Тест біткен соң сізді нәтижесін көрсететін бетке жібереді. Сол бетте марапаттарды жүктеп алуға болады. Менің олимпиадаларым бетінде де нәтижесі сақталады. Менің олимпиадаларым бетіне өтіп тізімнен өзіңіз қатысқан олимпиадаға кіріп марапаттарды жүктеп алуға болады.