1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
§3.5. Тасмола
археологиялық мәдениеті.
(1- сабақ)
2 слайд
•
Б.з.д. V ІІ – ІІІ ғасырларда Орталық Қазақстан
аумағын мекендеген адамдар ерекше жерлеу
құрылыстарын қалдырған.
•
Олар шартты түрде «мұртты» обалар деп
аталады.
3 слайд
•
Обалар үлкен, кіші қорғандардан және шығыс
бағытта доғаланған тізбек тастардан тұрады.
•
Тас тізбектердің ұзындығы 20 метрден 200
метрге дейін созылған.
4 слайд
•
Тізбектер мұртқа ұқсас болғандықтан
археологиялық ескерткішті зерттеуші
ғалымдар «мұртты» обалар деп атаған.
•
Ең алғашқы ескерткіш Павлодар облысы,
Екібастұз ауданы, Тасмола деген жерден
табылған соң, археологиялық ескерткіш
кешені Тасмола мәдениеті деп аталды.
5 слайд
•
Қазақстан аумағында 300 – ден астам
«мұртты» оба ескерткіштері анықталды.
•
Олардың тараған аумағы – Орталық,
Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерлері.
•
«Мұртты» обалардың көпшілігі Орталық
және Солтүстік Қазақстан аймақтарында
шоғырланған.
•
Геродот мәліметтеріне сүйене отырып
ғалымдар Сарыарқаның солтүстік – батысын
аргипейлер, орталығын исседондар, шығысын
аримаспылар мекендеген деп болжам жасады.
6 слайд
•
«Мұртты обалар» — көне қорымдар тобы,
•
сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші.
•
Алматы облысы Іле өзенінің
•
жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр
•
тауының бөктеріндегі Шылбыр
•
қойнауында.
7 слайд
«Мұртты» обалардың төрт түрі кездеседі
Бірінші түрі – үлкендеу қорғанның шығыс
жағынан салыеған кішілеу қорған обалар.
Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт»
сияқты тас тізбек кетеді .
8 слайд
•
Екінші түрі – екі қорған оңтүстіктен
солтүстікке қарай қатар салынады және
екі қорғанның оңтүстік және солтүстік
шегінен шығысқа қарай мұрт (доға)
сияқты тас құрылыс жүргізіледі.
9 слайд
•
Үшінші түрінде – алдымен бір үлкендеу
қорған салынады, соның үстінен тағы бір
кіші қорған тұрғызылады.Үлкен қорғанның
шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады .
10 слайд
•
Төртінші түрі – үшіншіге ұқсас, яғни
бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан
тұрады.
11 слайд
М.Қ. Қыдырбаев
(1932 - 1982)
•
Көрінекті ғалым,
археолог, Тасмола
мәдениетін алғаш
зерттеуші.
12 слайд
13 слайд
Үй жұмысы:
•
Тақырыпты оқу.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз