Материалдар / §3 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§3 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
§3 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы туралы барлық мәліметтер толық қамтылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2024
561
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
§3 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы Дәстүрлі өркениет дегеніміз - бабалардың мәдени тәжіри

1 слайд
§3 Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы Дәстүрлі өркениет дегеніміз - бабалардың мәдени тәжірибелері мен өмір салтын қайталауға негізделген өркениет. Дәстүрлі өркениетке тән белгілер: табиғатпен тығыз байланыс адамның әлеуметтік топпен қатаң қарым-қатынасы дәстүрдің дәріптелуі діни сана

Дәстүрлі мәдениетті зерттеуге көмектесетін ғылым салалары: Нумизматика Эпиграфика Антропология Археология Этн

2 слайд
Дәстүрлі мәдениетті зерттеуге көмектесетін ғылым салалары: Нумизматика Эпиграфика Антропология Археология Этнография

Мәдениет Материалдық мәдениет Баспана  киім-кешек  сәндік және тұрмыстық бұйымдар қару-жарақ т.б Рухани мәден

3 слайд
Мәдениет Материалдық мәдениет Баспана  киім-кешек  сәндік және тұрмыстық бұйымдар қару-жарақ т.б Рухани мәдениет Білім Идея Діни ұстаным Адамгершілік құндылықтар  Салт-дәстүрлер Әдет-ғұрыптар

Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениет тарихы туралы жазба деректер Антикалық деректер: Геродот «Тарих» еңб

4 слайд
Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениет тарихы туралы жазба деректер Антикалық деректер: Геродот «Тарих» еңбегі  Страбонның «География» еңбегі Үлкен Плинидің «Жаратылыстану тарихы»  Птоломейдің «География» еңбегі  Аммиан Марцелиннің «Ғұндар» еңбегі

Геродоттың «Тарих» еңбегінде Орта Азия тарихы туралы Ұлы Кирдің Орта Азияға жасаған соңғы жорығы туралы баян

5 слайд
Геродоттың «Тарих» еңбегінде Орта Азия тарихы туралы Ұлы Кирдің Орта Азияға жасаған соңғы жорығы туралы баяндалады. Скифтер мен сақтар туралы көп мәліметтер келтірілген. Страбонның «География» еңбегі, Үлкен Плинидің «Жаратылыстану тарихы», Птоломейдің «География» еңбектерінде Александр Македонскийдің жорықтары баяндалады. Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин Ғұндардың Европаға жорығы туралы жазды.

Қытай деректерінің артықшылықтары: 1. Қытай деректері антикалық деректерге қарағанда Орталық Азияның ежелгі тарих

6 слайд
Қытай деректерінің артықшылықтары: 1. Қытай деректері антикалық деректерге қарағанда Орталық Азияның ежелгі тарихы туралы маңызды, нақты ақпараттар береді. 2. Бұл деректер б.з.б ІІ ғасырда Чжан Цзяньның Ферғана, Жетісу, Қаңлы және Бактрияға сапарынан басталды. 3. Чжан Цзяннің «Батыс елдері» еңбегі мен Сыма Цянь «Тарихи жазбаларында» қытайлар мен ғұндар арасындағы өзара тартыс баяндалған.

Орта Азия туралы жазылған ирандық деректер:  Зороастризмнің қасиетті кітабы – Авеста  Авестада «Арий мемлекет

7 слайд
Орта Азия туралы жазылған ирандық деректер:  Зороастризмнің қасиетті кітабы – Авеста  Авестада «Арий мемлекетін» толық сипаттаған географиялық тарау бар.  Авестаның ежелгі мәтіндерінде қола діуңрңндегі ортаазиялық жауынгерлер мен малшылардың өмір салты мен рухани мәдениеті жөнінде көптеген мәлімет бар.  І Дарий патшаның (б.з.б 522-486 жж) бехистундық жазбаларында Орталық Азия халықтарының парсылаға қарсы көтерілісі, олардың далалық көшпелілер мен парсы империясы арасындағы қатынастары айтылады.

Орта Азия туралы жазылған түркілік деректер: Көшпелі түркілер ирандық соғдылардың жазуын пайдаланып, соның негізін

8 слайд
Орта Азия туралы жазылған түркілік деректер: Көшпелі түркілер ирандық соғдылардың жазуын пайдаланып, соның негізінде өздерінің жазуларын қалыптастырған. Бұл жазбаны ежелгі түркілік руна немесе Орхон-Енисей жазуы деп атайды. Руна жазуы бүкіл түркі халықтарына ортақ түркілік әдеби тіл қызметін атқарды. Жазу таңбалары тасқа қашалып, ағашқа ойылып түсірілді. Түркілердің руналық ескерткіштері – құлпытастар, балбал тастар, діни мітндер, заңдық құжаттардың барлығы түркі халықтары туралы құнды мәліметтер береді. Аса ірі жазбалар Екінші Шығыс Түрік және Ұйғыр қағанаттарының көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған.  1893 жылы В.Томсен ежелгі түркі қолжазбаларының құпиясын ашты. Оған В.В.Радлов алғашқы аудармасын жасады. Қазіргі кезде 255 руналық ескерткіш белгілі.

Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1826 жылы В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға жасаған археологиялық қазб

9 слайд
Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1826 жылы В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға жасаған археологиялық қазба жұмыстары; Н.Н.Пантусов бірінші болып тастарға қашалған петроглифтерді суретке түсірді. 1889 жылы Жетісудағы үш қорғанға зерттеу жұмысын жүргізді. 1893-1894 жж В.В.Бартольд Шу, Талас, Іле алқаптарындағы ескерткіштерді зерттеді. ХХ ғасырдың басында Қазақстанды зерттеуге Орынбор мұрағат комиссиясы қосылды.

Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1920-1930 жж қола дәуірін зерттей бастады. Ақтөбе облысынан 500 астам қо

10 слайд
Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1920-1930 жж қола дәуірін зерттей бастады. Ақтөбе облысынан 500 астам қоныс пен қорған зерттелді. Қ.Сәтбаев Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін зерттеп, онда мыс пен кен өндірілетінін анықтаған. 1946 жылы Ғылым Академиясы, Ш.Уалиханов атындағы Тарих институты Сарыарқадағы неолит пен энеолит, қола дәуірінің ескерткіштерінезерттеу жүргізді. Ә.Марғұлан жетекшілік етті.

Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1954 жылы К.Ақышев басшылық еткен Іле археологиялық экспедициясы өз жұм

11 слайд
Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1954 жылы К.Ақышев басшылық еткен Іле археологиялық экспедициясы өз жұмысын бастады. Сақ, үйсін дәуіріне тиесілі ескерткіштерді зерттеді. 1969 жылы Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапты.

Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1970 жылы М.Қадырбаев петроглифтерге зерттеу жұмысын жүргізді. 1970-198

12 слайд
Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы 1970 жылы М.Қадырбаев петроглифтерге зерттеу жұмысын жүргізді. 1970-1980 жж ортағасырлық қалаларға (Отырар, Қостөбе, Түркістан) қазба жұмысын жүргізді. Қазақстанның далалы аймақтарында жаңалықтар ашылып, ғылымға энеолиттік Ботай мәдениеті мен Терсек мәдениеті енгізілді.

Тәуелсіз Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы  1980 жылы В.Ф.Зайберт Энеолиттік Ботай мәдениетін зерттеп, осы

13 слайд
Тәуелсіз Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихы  1980 жылы В.Ф.Зайберт Энеолиттік Ботай мәдениетін зерттеп, осы жерде алғаш жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеді.  К.Байпақов Іле Алатауының далалы аймағы мен тау бөктерінде сақтардың отырықшылық қоныстарының тапты. Бұл сақтардың жартылай отырықшылықта өмір сүріп, тұрақты баспана салғандығын, егіншілікпен айналысқандығын дәлелдейді.  Жетісудың таулы аудандарында Көлсай археологиялық мәдениетіне жататын ертедегі сақтардың ескерткіштері зерттелді.  Алтайдың Қазақстандық бөлігіндегі Берел қорғандарын қазу жұмыстары жүргізілуде.  2004 жылы Тамғалы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұраларының тізіміне енді.

Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен этнографияның рөлі Номадистика – көшпеліл

14 слайд
Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен этнографияның рөлі Номадистика – көшпелілікті тану ғылымы. ХХ ғасырдың ортасынан бастап дами бастаған ғылымның жаңа бағыты. Номадистика ғылымымен тарихшылар, этнографтар, археологтар айналысады.

Қазақтардың көшпелі өркениеті туралы тарихи- этнографиялық еңбектер жазған авторлар: С.Зиманов «Қазақтардың ХІХ ға

15 слайд
Қазақтардың көшпелі өркениеті туралы тарихи- этнографиялық еңбектер жазған авторлар: С.Зиманов «Қазақтардың ХІХ ғасырдың І жартысындағы қоғамдық құрылысы» В.Ф.Шахматов «Қазақтың жайылымды-көшпелі қоғамы» С.Толыбеков «ХҮІІ-ХХ ғасырлардың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы» Д.Кішібеков «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы» Н.Масанов «Қазақтардың көшпелі өркениеті»