Материалдар / Казак хандыгынын калыптасуы жане курылуы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Казак хандыгынын калыптасуы жане курылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Казакстан хандыгынын калыптасу тарихын биледи
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
504
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

1 слайд

2 слайд

• XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жа

3 слайд
• XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.

4 слайд

• Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қ

5 слайд
• Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге  Сырдарияның  орта ағысы өңіріне,  Түркістанға  қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді.  1470  жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды. • Осы кезден бастап  Шығыс Қыпшақ  даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар- тын. • Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі  экономикалық ,  саяси  және  рухани  орталық міндетін аткарып келді. Ал  Ақ Орда  мен  Әбілхайыр хандығы  кезеңінде көшпелі  мал шаруашылығы  аудандары мен  отырықшы егіншілік  жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің  стратегиялық  маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі  Отырар ,  Сығанақ ,  Сауран ,  Сайрам ,  Созақ  сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын. • Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы  Мұхаммед Шайбани  арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына  Әмір Темір  мұрагерлері мен  Моғол хандары  да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан),  Арқұқ  және  Үзгентті  алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және  Аққорғанды  ( 1446  жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал  Ташкент  пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы  Сұлтан Махмұд  билік кұрды. • Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін,  Қаратаудың  Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын,  Арал  жағалауын иемденді.

6 слайд

• Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қ

7 слайд

8 слайд

• XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жү

9 слайд
• XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл  күрес  қазіргі Орталық және Оңтүстік  Қазақстанның  далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз  биліктеріне  қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да  Жетісу , Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ. • XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл  Қазақ хандығының  нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді.  XVI ғасырдың  бас кезінде  Мәуереннахрды  Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан  Бұрындық хан  Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.

10 слайд

• XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өт

11 слайд
• XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді  шабуылына  тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің  1503 — 1510  жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан  Иран   шахымен  болған шайқаста қаза табады. • 1511  жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген  Қасым хан  осы сәтті пайдаланып,  1513  жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.

12 слайд