Материалдар / Қыс серуен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қыс серуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Серуен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
28
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Қыс» мезгіліне арналған серуен картотекасы

1 слайд
«Қыс» мезгіліне арналған серуен картотекасы

«Қыс» мезгіліне арналған серуен картотекасының мазмұны: Аспанды бақылау Кешкі аспанды бақылау Желді бақылау Күнді бақылау Су

2 слайд
«Қыс» мезгіліне арналған серуен картотекасының мазмұны: Аспанды бақылау Кешкі аспанды бақылау Желді бақылау Күнді бақылау Су бетіне қатқан мұзды бақылау Қарды бақылау Судың қатқанын бақылау Тоғайларды бақылау Ағаштар мен бұтақтарды бақылау Қар үстіндегі іздерді бақылау Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу Қар жауып тұрған құбылысты бақылау Қырауды бақылау Мұз сүңгісін бақылау Қайың ағашын бақылау Терезедегі өрнектерді бақылау Желді бақылау Аула сыпырушы еңбегімен танысу

Аспанды бақылау Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, т

3 слайд
Аспанды бақылау Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тiлдерін дамыту. Тәрбиеші балалардың назарын аспанға аударады. Аспанның түсi ашық, көгілдір екендігін, онда ақ бұлттар, қалқиды. Олардың пішіндері әр түрлі болады, бұлттарды жел қозғайды. Жұмбақ: Бір түкті кілем Бір түксіз кілем (жер, аспан) Мақал – мәтелдер: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады, Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады. Тақпақ «Аспанда» Аспан бұлтқа толып кетті. Бұлттар түлік болып кетті. Бір бұлт шықты бие болып Бір бұлт шықты түйе болып Қозғалмалы ойын. «Ұшты-ұшты» Мақсаты: заттарды ажыратуға, аттарын есте ұстауға шапшаңдыққа зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еңбек әрекет: Жолдарды қардан тазарту. Кешкі аспанды бақылау Мақсаты: балаларды кешкі табиғат сұлулығымен таныстыру. Қыс мезгілінде аспанда күн ұзақ тұрмайды, сондықтан кеш тез бататындығы, яғни далада неліктен тез қараңғы болатындығы туралы түсінік беру. Болжамдар: аспанда жұлдыз аз болса – күн суық болады. Тыйым сөздер: айға қарап саусағыңды көрсетпе. Тақпақ: Жалықтырып мал-жанды Тынған кезі жауынның Жапалақтап қар жауды Көбігіндей сабынның Қозғалмалы ойын: «Қасқыр мен лақтар» Мақсаты:ойынға қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Еңбек әрекеті: ойын алаңын қардан тазарту

Желді бақылау Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету

4 слайд
Желді бақылау Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету. Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау, ағаш бұтақтарының қозғалысын бақылау. Жұмбақ: Қанаты жоқ-ұшады Аяғы жоқ-қашады. (Жел) Тақпақ: Жел тынымсыз гуілдеп Болып кетті тым бұзық Шуылдайды тал, терек, Жапырағын жұлғызып. Қозғалмалы ойын: «Жел мен бұлттар» Еңбек: өсімдіктерді,көшеттерді қармен жабу. Мақсаты: өсімдікке деген қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Күнді бақылау Мақсаты: балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін күннің маңызы зор екендігін ұғындыру. Байқампаздық, бақылай білу қабілеттерін дамыту. Қыста күн қысқарады, жылуы аз болады, сондықтан қыста күн суық болатындығы туралы түсінік беру. Жұмбақ: Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ оған қарағысы келмейді. (Күн) Болжамдар: Түнде ай жарқырап тұрса немесе аспанда жұлдыздар көп болса, ертең күн ашық,жылы болады. Тақпақ: Шұғылалы күніміз Бақшамызға барамыз Күнге қарап жайқалып Біз өсіп бармыз. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түрлі-түсті автомобильдер» Еңбек: бұтақтардың түбін тазарту.

Су бетіне қатқан мұзды бақылау Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үй

5 слайд
Су бетіне қатқан мұзды бақылау Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден күзден қалған жапырақтарды байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді. Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас (мұз) Болжам: егер қыста қар аз және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады. Қозғалмалы ойын: «Түлкі мен қаздар» Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу. Қарды бақылау Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына қараңдаршы, олар әр түрлі пішінде біреуі үлкен кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар. Жұмбақ: Жылт-жылт етеді, Ұстасақ еріп кетеді. (қар) Болжам: көп қар- көп нан. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру.

Судың қатқанын бақылау Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру. Тәрбиеші қат

6 слайд
Судың қатқанын бақылау Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру. Тәрбиеші қатқақ суға балалардың назарын аударады. Олар қайдан пайда болды? Болжамдар: желтоқсанда қар көп болса- сол жылы егін мол болады. Тақпақ: Қар жатыр аппақ Ойнауға жақсы-ақ Осындай шақта Кім үйде жатпақ? Жұмбақ:Қолы жоқ сурет салады, Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз) Қозғалмалы ойын: «Кімдікі алыс». Мақсаты: Икемділігін, күшін дамыту. Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу. Тоғайларды бақылау Мақсаты: Қыстағы өсімдіктердің тіршілігін, келбетін бақылауға, сипаттауға үйрету. Ағаштардың айырмашылығын, ұқсастықтарын ажырата білуге, көлеңкесіне қарап тоғайларды ажыратуды үйрету; Тоғайлар мен бұтарларға қараңдаршы. Ең әдемі тоғай немесе бұтаны тауып, оны сипаттайық. Қыста тоғайлар тыныштық күйде болады, яғни ұйықтайды. Тоғайдың түбіне, бұтақтарына, құрылысына, түсіне қарап, бақылау жүргізу. Болжам: қар ағашқа жабысса – жылы болады. Мақал- мәтел: «Бір тал кессең – он тал ек» Тақпақ: Қазақ жері –сәніміз Мәуесі мол бағымыз Саясында жетілер Балдай бала шағымыз. Қозғалмалы ойындар: «Қояндар мен аю» Еңбек: Тоғайларды қармен жабу.

Ағаштар мен бұтақтарды бақылау Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету. Жапырақсыз қалған өсімдікке на

7 слайд
Ағаштар мен бұтақтарды бақылау Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету. Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы көруге болатындығы туралы түсінік беру. Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер. Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік мол болады. Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады. Тақпақ: «Қарағай» Көкке бойын созады, Көпке қолын созады. Кең құшағын ашады, Көлеңкесін тосады Көп қарағай,қарағай Мейірбанды анадай. Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар» Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды үйіп жинау. Қар үстіндегі іздерді бақылау Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу. Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді? Тақпақ: Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, Үсті – басы ақ қырау түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.          (Абай) Мақал: Жемберсең қыста құсқа- сауабы тиер оның жазда. Қимылды ойын: «Ақ қоян» Мақсаты: балаларды ептілікке баулу. Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру. Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.

Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен тан

8 слайд
Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу. Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауды ұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді. Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі, жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі. Тақпақ: Жазда көлге мұз қатты, Табанымды мұздатты. Мұз ойылып кетті тез, Күліп едік, біз қатты. Қимылды ойын «Ортаға түспек» Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету. Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету. Қар жауып тұрған құбылысты бақылау Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады. Тақпақ : Есік алды тайғанақ жата берсін. Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ, Шыға беріп жалтақтай, Ұшып түсті қалпақтай. Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар» Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру. Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру. Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар) Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Қырауды бақылау Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрей

9 слайд
Қырауды бақылау Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады. Болжам: Ағашқа қырау түссе, аяз болады. Тұман болса, күн жылынады. Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды. Жұмбақ: Қант сияқты ақ, Ұлпа боп жерде жатады. (қар) Қимылды ойын: «Суықторғайлар» Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу. Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету. Мұз сүңгісін бақылау Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету. Сұрақтар: Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады? Ол қандай? (Сәбіз сияқты) Сүмелек мұз қай жерде, пайда болады? Күнгей жақта ма, әлде көлеңке жақта ма? Тақпақ : Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ, Қыстың өзі жасағандай бізді ойлап, Шаңғы теуіп жарысамыз желменен, Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.        Мұзафар Әлімбаев Қимылды ойын: «Үйсіз қалған қоян» Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру. Еңбек: «Мұз жерлерге құм себу»

Қайың ағашын бақылау Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау. Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу. Тапсырма:

10 слайд
Қайың ағашын бақылау Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау. Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу. Тапсырма:ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға ағаш суреттері таратылады. Тақпақ: Ағаштар тұр жүдеп, Жапырақ сәні енеді. Соғады жел үдеп, Қыстың кеп сәлемі. Жұмбақ: Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш) Қимылды ойын: «Апандағы аю» Мақсаты: зеректікке, ептілікке баулу. Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау. Терезедегі өрнектерді бақылау Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектердің қалай пайда болғаны жайында түсінік беру. Тапсырма: трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау. Тақпақ: Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалды артта атырап Іздерінен қар ұшып Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету. Жорамал: қыс аязды болса – жаз ыстық болады. Жұмбақ: Отта жанбайды Суда батпайды.        ( Мұз) Қимылды ойын: «Айлакер түлкі» Мақсаты: оңды – солды жалтақтап қарай жүгіруге жаттығу. Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Желді бақылау Мақсаты: желдің бағытын қалай, нелерарқылы анықтауға болатынды-ғын,баяу, жылдам сөздерінің мағнасын түсіндіру

11 слайд
Желді бақылау Мақсаты: желдің бағытын қалай, нелерарқылы анықтауға болатынды-ғын,баяу, жылдам сөздерінің мағнасын түсіндіру Сұрақ: -  Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады? - үй мұржаларынан шыққан түтіннен, - қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен - орамалдардың қозғалысынан анықтап білуге болады. Көркем сөз Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр. Қимылды ойын: «Әткеншек» Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру. Еңбек:алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою. Аула сыпырушы еңбегімен танысу Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбегі, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Бағбандардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру. Тақпақ: Қолынакиіп қолғапты, Ауланы ағай сыпырды. Тазалап қарды мұздарды, Бәрімізге олжол ашты. Қимылды ойын: «Сауықшылар»(қысқы спорт ойындары.) Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Жаңылтпаштар: Қаңтар айы болды, күн суытты Қалың қар жауды, боран соқты. Жапалақтап ақ қар жауды Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу.