Материалдар / Серуен көктем
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Серуен көктем

Материал туралы қысқаша түсінік
Серуен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
29
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Көктем» мезгіліне арналған серуен картотекасы

1 слайд
«Көктем» мезгіліне арналған серуен картотекасы

«Көктем» мезгіліне арналған серуен картотекасының мазмұны: Ауа райындағы өзгерістерді бақылау Ілініп тұрған мұзды бақылау Ағаш

2 слайд
«Көктем» мезгіліне арналған серуен картотекасының мазмұны: Ауа райындағы өзгерістерді бақылау Ілініп тұрған мұзды бақылау Ағаштарды бақылау (бұтақ) Қалың қардың азаюын бақылау Күнді бақылау Су тамшыларын бақылау Аспанды бақылау Батпақтарды бақылау Бұлттарды бақылау Қардың еруін бақылау Жылғалардан аққан қар суын бақылау Аспанды бақылау (бұлттылық) Табиғаттағы көктемдегi өзгерістерді бақылау Көктемгі алғашқы шөптері бақылау Ағаш бүршіктерін бақылау Жауынды бақылау Жауыннан кейінгі табиғатты бақылау Табиғаттың құбылыстарын бақылау

Ауа райындағы өзгерістерді бақылау Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістер туралы түсінікті қалыптастыру; ауа райындағы жаңа өзгерiс

3 слайд
Ауа райындағы өзгерістерді бақылау Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістер туралы түсінікті қалыптастыру; ауа райындағы жаңа өзгерiстерді бақылауға үйрету. Көктем мезгілі басталғанда ауа райы құбылып тұрады, күн өткен сайын ауа райы жылына бастайды. Күн жарқырайтын болғандықтан ашық күндер көбейеді, аспан өзінің сұр түсін ашық көгілдір түске ауыстырады. Балалардың бақылаушылық қабілетін жетілдіру. Болжам: қыстағы суық – жаздағы ыстық. Мақал – мәтел: «Бір тал кессең, он тал ек», «Мезгіл жетсе, мұз ерір». Жұмбақ: Азанда шашып тастайды, Ымыртта жия бастайды. (Көктемде егу, күзде жинау) Қозғалмалы ойынның атауы: «Қасқырдан қаш» Мақсаты: Балаларды шапшаң қозғала білуге, ептілікке үйрету. Қимылдық ойындарды қызығушылықпен ойнауға тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек: Ауланы жинау және реттеу. Ілініп тұрған мұзды бақылау Мақсаты: Төбеде ілініп тұрған мұздарды қарастыру. Мұздардың көлемінің, пішінінің әр түрлілігіне назар аударту. Мұздардың пайда болуын түсіндіру.(қар ериді, су тамшылайды, бірақ ауа райы әрдайым жылы болып тұрмайтындықтан суық болғандықтан су тамшылары қатып қалады) Болжам: Мұздың көп қатуы-көктемнің ұзаруы. Мақал – мәтел: Қыс азығын жаз жина. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Үйсіз қоян» Мақсаты:Балаларды бір аяқпен секіруге үйрету. Алаңдағы еңбек: Аула сыпырушыға қар тазалап көмектесу. Қарды ағашты түбіне жинайды.

Ағаштарды бақылау (бұтақ) Мақсаты: Балаларды ағаштардың діңімен бұтақтарын ажырата білуге үйрету. Табиғаттағы өзгерістерге қара

4 слайд
Ағаштарды бақылау (бұтақ) Мақсаты: Балаларды ағаштардың діңімен бұтақтарын ажырата білуге үйрету. Табиғаттағы өзгерістерге қарап, қуану сезімдерін ояту. Болжам: «Қарағаштан бұрын, ақ қайыңның жапырақ жаюы- жаздың құғақ болуы». Мақал - мәтел: «Адам еңбегімен, ағаш жемісімен қымбат»; «Егер су наурызда ақпаса - шөп сәуiрде өспейді». Тақпақ: «Көктем» Қар еріді күн шықты, Күндер туды шуақты. Байтақ дала келбеті, Түкті кілем секілді. Жұмбақ: Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады. (Жапырақ) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ағаштан-ағашқа». Мақсаты: Балаларды екі аяқпен секіріп алға қарай жылжуға үйрету. Алаңдағы еңбек: Ауланы жинау және реттеу. Қалың қардың азаюын бақылау Мақсаты: Көктем мезгіліндегі қардың, өзгеру жағдайы жайлы білімін жетілдіру. Танымдық қызығушылыңын жетілдіру. Күннен-күнге қардың азаюын және түсінің сұрлануын, қар бетінің қатуын әңгімелеу. Болжам: Қардың тез еруі, судың қатты ағуы- жаздың жаңбырлы болуы. Мақал- мәтел: «жақсылап жыртып жеріңді, кезіде ексең егінді, аларсың мол өнімді»; Тақпақ: Табиғат ол анамыз, Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. Жұмбақ: Қолсыз есік қағады. (Жел) Қимыл-қозғалыс ойыны:«Жолды тап». Мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету. Алаңдағы еңбек: «Жолдарды қалған қардан тазалау».

Күнді бақылау Мақсаты: Көктем мезгіліндегі күндегі белсенді өзгерістерді көруге үйрету. Балаларға күннің адам өмірі үшін, өсімді

5 слайд
Күнді бақылау Мақсаты: Көктем мезгіліндегі күндегі белсенді өзгерістерді көруге үйрету. Балаларға күннің адам өмірі үшін, өсімдіктер үшін, жануарлар үшін, қажеттілігін әңгімелеу. (Күн жоғарлаған сайын, күн шуақтары көп жылу шашады) Болжам: Күн болғанда жылу болады, анаң болғанда мейірім болады. Мақал- мәтелдер: Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады. Жұмбақ: Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады. (Қарға) Қимыл-қозғалыс ойыны:«Күн мен түн». Мақсаты: Балаларды күн мен түнді ажырата білуге үйрету. Алаңдағы еңбек: Алаңды қоқыстан тазарту. Су тамшыларын бақылау Мақсаты: тiрi емес табиғат туралы көзқарасты кеңейту; басқа табиғи құбылыстар арасындағы қарым-қатынасты орнатуды қалыптастыру. Тәрбиеші және балалар күндіз төбеде қардың қалай еритінін бақылайды. Жерге тамшылап түседі. Жерге түскен тамшылар қалай шылдырлайды екен? Бұл құбылыс қалай деп аталады? Қар еріп өз ақтығын жоғалтады. Тәрбиеші тапсырма бередi: кешкі серуенде ілініп тұрған мұзды бақылау. Мақал-мәтелдер: «Қара құс басып жейді, сұңқар құс шашып жейді». Тақпақ: Аш қақпанды ай қара, Көктем келе жатқанда. Ақ қар еріп, батпақ су. Келді наурыз айы да. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ұшақтар» Мақсаты: Балаларды бір -біріне соғылмай жүруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету. Алаңдағы еңбек: Төбеден құлаған мұздарды жинау.

Аспанды бақылау Мақсаты: Балаларды ойлауға, өздігінен бақылай білуге үйрету. Тәрбиеші балаларға көктемгі аспанға қарауды ұсынады

6 слайд
Аспанды бақылау Мақсаты: Балаларды ойлауға, өздігінен бақылай білуге үйрету. Тәрбиеші балаларға көктемгі аспанға қарауды ұсынады. Қысқы аспанмен көктемгі аспанды салыстыру. (қыста аспан көбінде сұр түсті, ал қазір көк аспанды байқаймыз және аспанда ақ бұлттар пайда болды) Мақал мәтел: «Наурыз - көктемнің шапағаты»; Жұмбақ: Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. (Аспан) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Айгөлек» Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, үйрету. Алаңдағы еңбек: Алаңда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Батпақтарды бақылау Мақсаты: көктемдегi өзгерiстердің бірі батпақтың пайда болуы жайлы түсінік беру. Тәрбиеші және балалар батпақты бақылайды. Батпақ қалай пайда болады? Олар күн жылынғанда қайда кетеді? Болжам: Құстар үрпиіп отырса күн суытады. Мақал - мәтел: «Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер». Тақпақ: Үйге кірші торғайым, Мен аяздан қорғайын. Жем шашамын, жегейсің, Үйшік жасап берейін. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Жалаушаға дейiн кiм тезiрек?». Мақсаты: шапшаңдылықты жетілдіру, бір-біріне көмектесіп, топтасып ойнайға қалыптастыру. Алаңдағы еңбек: Бала бақшаның айналасы қардан тазарғандықтан, Тәрбиешібалаларға тазалық жасауды ұйымдастырады.

Бұлттарды бақылау Мақсаты: Балалардың бұлттар жайлы түсініктерін қалыптастыру, аспан әлемінің әдемілігін көруге үйрету. Тәрбиеш

7 слайд
Бұлттарды бақылау Мақсаты: Балалардың бұлттар жайлы түсініктерін қалыптастыру, аспан әлемінің әдемілігін көруге үйрету. Тәрбиеші балалраға ауаның жылуынан бұлттың пайда болғанын түсіндіреді. Көп қар ерісе бұлттар көбейеді. Жұмбақ: Қанатсыз ұшады, Аяқсыз жүгіреді, Желкенсіз жүзеді. (Бұлт) Болжам: наурыздағы тұмандар жаңбырлы жаз болатынынайқындайды; егер тоқылдақ наурызда қақса, жаз кешiрек болады. Мақал - мәтелдер: «жазғытұрым еңбек еткен, күзде бай болады»; «үлпiлдек жүндi жазда қызыл талда көрдiм». Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аю және аралар». Мақсаты: Баларарды қимыл қозғалыс үйлесімділігіне, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек: Алаңда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Қардың еруін бақылау Мақсаты: көктемдегi құбылыстардың өзгерісі туралы көз қарасын қалыптастыру, қызығушылығын тудыру, көңіл бөле білуге үйрету. Тәрбиеші және балалар көктемдегі өзгерісті бақылайды. Тәрбиеші аспан ашық бұлтсыз сондықтан күн жылы дейді. Қар қай жерде тез ериді? Көлеңкеде ме әлде күнде ме? Неге қар күнде ериді, ал көлеңкеде неге ерімейді. Балалардың киім кию өзгерісін қарау. Болжам: Егер төбелерде үлкен сүңгiлер пайда болса, көктем ұзақ болады; қар күннен жылуынан ерiсе, өнiмдi жыл, жауын ерісе – құрғақшылық болады. Мақал – мәтел: «Құр ағашқа– құс қонар. Тақпақ «Қызғалдақ» Қар еріді, күн шықты, Күндер туды шуақты. Байтақ дала келбеті, Түкті кілем секілді. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоңыздар». Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек: Қалған қардан бала бақшаның аумағын жинау.

Жылғалардан аққан қар суын бақылау Мақсаты: Көктемдегі өзгерістердің бір-бірімен байланысын білуге үйрету. Тәрбиеші қар ерігенн

8 слайд
Жылғалардан аққан қар суын бақылау Мақсаты: Көктемдегі өзгерістердің бір-бірімен байланысын білуге үйрету. Тәрбиеші қар ерігеннен пайда болған, суды бақылатады. (Неден пайда болады? Қайда ағып барады? Қандай дыбыс шығарады?) Болжам: егер торғай үрписе - аяз болды, қауырсындары тегiстеелсе – жылы болады. Мақал - мәтел: «Қарлығашқа қайда ұшпасын, жазғытұрым қайта келеді»; «Жазғытұрымды қарлығаш шақырады, бұлбұл жазды аяқтайды». Тақпақ: «Көктем» Төңірек ашық тұман жоқ, Көктен нұрын күн септі. Тоғайда, көлде той қылып, Қаптады құстар жер көкте. Жұмбақ: Жылт-жылт өтеді, Жылғалардан өтеді. (Су) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аққу-қаздар». Мақсаты: Балаларды қимыл-қозғалыс үйлесімділігіне, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек: Гүл егетін орындарды қоқыстан тазарту. Аспанды бақылау (бұлттылық) Мақсаты: аспан әдемiлiгiн көруге қалыптастыру; ой өрiсiн кеңейту; (түңерген, жаңбыр, қар бұлттары) сөздiк қорды молайту. Тәрбиеші және балалар аспандағы бұлттарды бақылайды. Бұлттардың санын және формасын, бағытын бақылау. Бұлт деген не? Бұлттар қайданпайда болады? Әр бұлтқа анықтама беру. Болжам: егер найзағай ерте жазғытұрым жарқыраса, тарсылы естiлмесе, жаз салқын болады. Мақал-мәтел: «Наурызда құстар шалшықтан су iшiп, мас болады». Жұмбақ: Етек – жеңі жиналмай, Дауыл тұрса дым қалмай. Түйдектеліп көшеді, Тоз-тоз болып өшеді. (Бұлт) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Бағбан» Мақсаты: гүлдердін атын атауға оқытып, ептiлікті жетiлдiру. Алаңдағы еңбек: Қалған қардан бала бақшаның аумағын жинау.

Табиғаттағы көктемдегi өзгерістерді бақылау Мақсаты: Көктемдегi өзгерiстер туралы бiлiмдерін, көктемнің өзгерістерін салыстыру

9 слайд
Табиғаттағы көктемдегi өзгерістерді бақылау Мақсаты: Көктемдегi өзгерiстер туралы бiлiмдерін, көктемнің өзгерістерін салыстыруға, табиғаттың жандануын байқауға үйрету. Тәрбиеші және балалар көктемдегi табиғат өзгерiстерін бақылайды. Болжам: Ашық ауа-райында биік түйдек бұлттар пайда болса, күн жылынады. Мақал-мәтел: «Наурызда су, сәуірде шөп» Тақпақ: «Наурыз той» Күн мен түң теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді, Наурыз тойы салтымыз. «Көгерсін» деп халқымыз Көшеге тал егеді. Қимыл қозғалыс ойыны: «Бірге адымдайық» Мақсаты: Ес, зейін, тыныс алу ырғағын дамыту. Алаңдағы еңбек: Қар астында қалып қойған, шөптерді жинау. Көктемгі алғашқы шөптері бақылау Мақсаты: Балаларды өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға және олардың ерекшеліктерін білуге үйрету. Тәрбиеші балалармен бірге алғашқы шөпті бақылайды. Күн қыздырған жерде алғашқы көк шөп шыға бастайды. Мынадай қорытынды шығады: Күн қыздырған жерде қар еріді, топырақ қызды шөп өсе бастады. Болжам: Көп қар – көп нан, Көп су-көп шөп. Нақыл сөздер: нөсер алдында найзағай ойнайды. Жұмбақ: Бізге жаңбырда, аязда көмектеседі, Өзі жасыл әрі жақсы, Әрқашан барлық қолын созар Және барлық құшағын (тал) Қозғалмалы ойындар: «шөптегі хоккей» Мақсаты: Балаларды ептілікке, мергендікке, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын жүрiсi: Допты қақпаға көздеп кіргізу. Алаңдағы еңбек әрекеті: Қар астында қалып қойған, шөптерді жинау.

Ағаш бүршіктерін бақылау Мақсаты: Ағаштардың жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп, бүршік атуын бақылау. Қайынмен теректің бүршік ату

10 слайд
Ағаш бүршіктерін бақылау Мақсаты: Ағаштардың жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп, бүршік атуын бақылау. Қайынмен теректің бүршік атуын, бүршіктің домаланып,жапырақтаардың пайда болуын түсіндіру. Күн жылынып жер суға сіңіп, тоғайдағы бүршіктер шыға бастайды.Әр түрлі ағаштардың бүршіктерін салыстыру. Жұмбақ: Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе сары (жапырақ) Тақпақ: «Көктемде» Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз. Қ.Аманисалов. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Күн мен жаңбыр» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек әрекеті: Алаңды қоқыстан тазарту. Жауынды бақылау Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін кеңейту. Аспанды қара түнек бұлт басты. Жел басталып, ағаштарды қатты тербелтті. Айнала бірте – бірте қараңғылана бастады. Құстар шиқылдап бас сауғалап барады. Алыстан найзағай жарқырап, аспанда күн күркіреді. Жаңбырдың алғашқы тамшылары шатырды ұрғылайды. Болжам: Күн қысқа және біртіндеп күркіресе – жауын жауады. Мақал – мәтел: «Маусым жауынымен бай»; «Қыста аяз, ал жазда жауын». Өлең: Жау,жау,жаңбыр Жау,жаңбыр! Арық суы мол болсын! Өсімдіктер көп болсын Жауған жерін шөп болсын! Қимыл-қозғалыс ойыны: «Соқыр теке» Мақсаты: Балаларды жолдастарымен өздерінің қимылдарын бағалауға және бақылауға үйрету. Алаңдағы еңбек әрекеті: Алаңды қоқыстан тазарту.

Жауыннан кейінгі табиғатты бақылау Мақсаты: Балаларды жауыннан кейінгі табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету. Тәрбиеші бала

11 слайд
Жауыннан кейінгі табиғатты бақылау Мақсаты: Балаларды жауыннан кейінгі табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету. Тәрбиеші балалармен бірге көктемгі жауыннан кейін ауадағы өзгерісті (дымқыл ауа), топырақтағы өзгеріс (батпақтың болуы) және өсімдіктегі су тамшыларын бақылатады. Болжам: Күн қысқа және біртіндеп күркіресе – жауын жауады. Мақал – мәтел: «Маусым жауынымен бай»; «Қыста аяз, ал жазда жауын». Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ордағы қасқыр» Мақсаты: Қозғалмалы ойындар мен жаттығулардың алғашқы түсініктері мен дағдыларын қалыптастыру. Балаларды достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Алаңдағы еңбек: Алаңды қоқыстан тазарту. Табиғаттың құбылыстарын бақылау Мақсаты: Табиғаттың құбылыстарын бақылау және бір – бірімен тығыз байланыста екенін атап өту. Көктем жыл мезгілінің келгенін, ауа райының өзгергенін байқату. Құстармен жәндіктердің пайда болуын, ойын аланының өзгергенін байқату. Мақал – мәтел: Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. Жұмбақ: Бәрі оны сүйеді, Оған басын иеді. Бірақ оған қараса, Көздерін сығырайтады. (күн) Қимыл-қозғалыс ойыны: «От және су» Мақсаты: Ба...