1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Бағдарламалау тілінің
алфавиті, синтаксисі
2 слайд
Кез келген тілді үйрену оның
алфавитін үйренуден басталады.
Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем
құралатыны сияқты программалау
тілінің де өз алфавиті бар.
Программалау тілін үйренуді бастаған
кезде оның командаларын жазу үшін
қандай таңбалар қолдану керектігін
анықтау керек. Python тілінің алфавиті
төмендегідей құрылымға ие
3 слайд
4 слайд
Идентификаторлар (айнымалылар атауы) –
әріппен басталатын цифрлар мен әріптер
тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен,
төменгі сызу таңбасы _ k1 және 0 мен 9
арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A,
s25, a1b88, tri_plus_dv, zzz. Python- ның әріптер
регистрі үлкен және кіші әріптерге
ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және
KOMP1 – екеуі екі түрлі айнымалыға жатады.
Программада қолданылатын айнымалыларды
идентификатор деп атайды.
5 слайд
Айнымалы – мәні мен типі бар шама.
Программамен жұмыс барысында
айнымалылардың мәнін өзгертіп
отыруға болады.
6 слайд
Қызметтік сөздер. Кейбір
атауларды программалау
барысында айнымалы ретінде
қолдануға болмайды. Мұндай
сөздер қызметтік сөздер деп
аталады. Мысалы: for, if, class,
def және т.б.
7 слайд
Python тілінің синтаксисі •
Программадағы жолдардың соңына
нүкте мен үтір қою міндетті емес. •
Бірнеше команданы бір жолда нүктелі
үтір (;) арқылы жазуға болады. •
Программа жазу барысында басқа
программалау тілдеріндегідей begin..end
және {..} жақшалар қолданылмайды.
Керек болған жағдайда ондай
жақшалардың орнына 4 бос орын немесе
табуляция қойылады.
8 слайд
Python- да толыққанды программа
жасау үшін программа терезесінде File
( Файл) – New File командаларын
орындап, жаңа программа жазу алаңын
дайындап аламыз. Бұл бетке жазылған
программа кодын орындау үшін Run –
Run Module командаларын басамыз.
Төмендегі программа кодына назар
аударайық:
9 слайд
Мысалы:
a = 4; b = 12; c = 10
a = a + b + c
print (a)
Нәтиже
26
10 слайд
Сызықтық алгоритм
(программа) дегеніміз –
тармақталу, қайталану
әрекеттері жоқ, әрекеттердің
тізбектей орындалуын
сипаттайтын алгоритм.
11 слайд
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз