Материалдар / 10 -сыныпқа арналған БЖБ Т2
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

10 -сыныпқа арналған БЖБ Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілді мектептердегі 10-сыныпқа арналған қазақ тілі және әдебиеті пәнінен БЖБ тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
74
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
900 тг 810 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

10-сынып

(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)




Житиқара қаласы



Кушербаева Гульсим Мурсалимовна


№4 жалпы білім беретін мектебі



2024-2025 оқу жылы



















    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

№ 1 «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекеттері Тыңдалым, айтылым


Оқу мақсаты

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин

сөздердің мағынасын түсіну


10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Бір күні осы өзен бойына көп ағаш түсірілді. Ағаштан зәулім көпір салынды, жал болып үйілген тас-топырақтың үстіне көлденең ағаштар төселінді. Қырлы жіңішке ұзын шойындар әкелініп, қатарынан осы көлденең ағашқа шегеленгенде Әліштің ойына ауылдағылардың «жол домбыраға ұқсайды» дегені түсе кетті. Жол, шынында да, домбыраның мойнына ұқсап қалды. Екі рельс екі шек те, ал шпалдар перне сияқты.

Жол бітіп поезд келерде, Әліш Үмбеталовты жол мастері Тарасов шақырып алды да:

Сен поезд өткенше көпірдің астына жатасың,— деді.

Менің де поезды көргім келеді, Дмитрий Степанович,— деді ол.

Сен поезды көрмек түгіл, мәңгі сонымен бірге боласың, алғашқы поезд өткенше осында қаласың,— деді Тарасов. Сөйтіп, бірінші рет поезд өтетін көпірдің астында Әліш жалғыз қалды. Әдетте бұл кезде жұмыстағы ең озат адам поезд алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне ие болады екен. Ол кез-келген адамға ұсыныла бермесе керек.

Поезд гүрсілдеп өте шыққан соң, Әліш орнынан тұра келіп жол үстіне қарап еді, түтіні будақтап паровоз жүйткіп барады екен. Бұрын поезд көрмеген түйелі, атты қазақтар паровоздың артынан таң қалысып қарап тұр, енді біразы жарысып шауып барады. Әліш ел қуанышының куәсі болды. Кейінірек өзен жағасындағы иіннің мәнісін де түсінді, ол цементтен, тастан біржола істелетін темір бетонды көпірге қалдырылған орын болып шықты.

Түрксиб темір жолы Айнабұлақта түйісіп, жұмыс біткен күні Әліш Үмбеталов Айнабұлаққа шақырылды. Поездан түсе қалған жерде Әлішті бұрынғы өзінің жолдастары Тарасов пен Колесников қарсы алды. Олар Әлішті жол бастығына алып кірді.

Үмбеталов деген озат жұмысшы осы, сіздің шақыруыңызбен келді, жол бастығы жолдас,— деді Тарасов.

Жол бастығы орта жастағы байсалды адам екен. Әлішпен көп әңгімелесті.

Сізді Ауыр өндіріс Халық Комиссариатының грамотасымен құттықтаймын,— деді ол Әлішке. Бұған қоса көп заттай сыйлық тапсырды.


1.Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

А) Ағаштан зәулім көпір салынды,______________________________________ағаштар төселінді.

В) Сөйтіп, бірінші рет _________________________________________________ Әліш жалғыз қалды.

С) _____________________________ Әлішті бұрынғы өзінің жолдастары Тарасов пен Колесников қарсы алды.


2.Ақпараттарды сәйкестендіріңіз.


Ақпараттар

Сәйкестендіру

1.Бір күні

А. Әліш орнынан тұра келіп жол үстіне қарап еді, түтіні будақтап паровоз жүйткіп барады екен.

1-

2.Поезд гүрілдеп өте шыққан соң

Б.Әліш Үмбеталов Айнабұлаққа шақырылды.

2-

3.Түрксиб темір жолы Айнабұлақта түйісіп, жұмыс біткен күні


В. Өзен бойына көп ағаш түсірілді.

3-


3.Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.


Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,...; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз.

Еңбек нарығы.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалащқы өскен сайын өсіп отырады.

Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

-         халықтың жалпы санымен;

-         жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

-         белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

-         халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

-         жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

-         әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

-         еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;

-         жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

1

мағынасына қарай қажетті сөздерді қояды;

1-сөйлем 2-сөйлем 3-сөйлем


1

1

1

2

ақпараттарды өзара сәйкестендіреді; 1-сәйкестендіру

2-сәйкестендіру 3-сәйкестендіру

1

1

1

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

3

сұрақ қоюда сөйлеу этикеті формаларын қолданады;

1-сұрақ 2-сұрақ

3-сұрақ


1

1

1

жауап беруде сөйлеу этикетінің

формаларын қолданады.

1

Барлық балл

10




























Еңбек нарығы және сұраныс» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

МShape1 ағынасына қарай қажетті сөздерді толықтыруда қиналады.

МShape2 ағынасына қарай қажетті сөздермен дұрыс толықтыруда қателеседі.

МShape3 ағынасына қарай қажетті сөздермен дұрыс толықтырады.

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Сұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өз пікірімен жүйелі

бShape4 айланыстыруда, сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады.

СShape5 ұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өз пікірімен жүйелі байланыстыруда, сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қателеседі.

СShape6 ұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өз пікірімен жүйелі байланыстыруда, сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

































2 «Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»

Дулат Исабеков «Әпке драмасы»



Сөйлеу әрекеттері Оқылым, жазылым



Оқу мақсаты

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-

қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр

тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта,

презентация)



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды

  • Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды

  • Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Отандық бренд өнімдері экономикамыздың жастығына қарамастан алуан түрлі және қанатын кеңге жайып келеді. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте отандық бренд атағын иеленіп үлгерген компаниялардың бірі «Aida KaumeNOVA» сән үйі қазақстандық fashion-индустрияда жақсы дамып келе жатыр. Қойдың, түйенің таза жүнінен көз тартарлық көйлектер тігетін Ая Бапанидың жұмыстары да шетелде өте жоғары бағаланады. Дизайнердің айтуынша, тауарларының тұтынушыларының басым көпшілігі шетелдік азаматтар екен.

«Mimioriki» кәсіпорны балалар киімінің толық топтамасын тігетін тұңғыш қазақстандық бренд. Бұл компания өнімдерін Ресейге де экспортқа шығарады. Ал «Әдемі-ай» компаниясы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын бейнелейтін кәдесыйлардың қайталанбас түрлерін шығарады. Олар шет елдерде өткен көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, жүлдегер атанды. Елімізге келген туристер кәдесый ретінде сатып алатындықтан, сұранысы жоғары.

Еліміздің халықаралық нарықтағы беделін арттыруға ықпал ететін отандық брендтерге мемлекет тарапынан қандай қолдаулар жасалады? Кәсіпкерлердің тауарларын экспортқа шығару, өнімдерін көрмелерге ұсынып, халыққа таныстыру, несиелік қаражаттың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау секілді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасайды.

Мысалы, отандық кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған несие алуға болады. Өкінішке орай, Қазақстанның киім-кешек нарығын әлі де әлемдік брендтер иеленіп отырғаны анық. Себебі қарапайым тұрғындар үшін қазақстандық дизайнерлердің киімдерінің бағасы қолжетімсіз. Ал отандық өнімдерді шығару үшін қажетті шикізаттың шет елдерден тасымалдануы өнім бағасының жоғары болуына әсер етеді.



1.Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Жоспар

1.


2.


3.


4.




2.Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз.

3. «Әпке» шығармасында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз.

1. 2. 3.

4.Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартуы дұрыс па? Кейіпкердің шешімін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойыңызды 5-6 сөйлеммен беріңіз.

Shape7
Shape8

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінге жоспар құрып, негізгі

1

мәтіндегі әр абзацтың мазмұны

1

және қосымша ақпараттар


бойынша жоспар құрады;


бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды




2

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, тірек-схема әзірлейді;

1-тірек-схема


1



2-тірек-схема

1



3-тірек-схема

1



4-тірек-схема

1

Көтерілген мәселені анықтап,

3

шығармадағы 3 мәселені анықтайды;


кейіпкерлер әрекетін шынайы


1-мәселе

1

өмірмен салыстырып, баға


2-мәселе

1

береді


3-мәселе

1


4

кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін

2



5-6 сөйлеммен жеткізеді.


Барлық балл

10



«Отандық өнеркәсіп өнімі»;«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың әтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды

МShape9 әтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, 1,2,3,4 тірек-схема әзірлеуде қиналады.

МShape10 әтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, 1,2,3,4 тірек-схема әзірлеуде қателеседі.

МShape11 әтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, тірек-схема әзірлейді.

Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді

ШShape12 ығармадағы 3 мәселені анықтап, кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізуде қиналады.

ШShape13 ығармадағы 1,2,3-мәселені анықтап, кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізуде қателеседі.

ШShape14 ығармадағы 3 мәселені анықтап, кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізеді.

















2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


3 «Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит тіршілік мекені» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекеттері Тыңдалым, айтылым


Оқу мақсаты


10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға

сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру


10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді

  • Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады

Ойлау дағдыларыны деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп мазмұнын түсіндіріңіз.


Дүниежүзілік мұхит проблемалары қазіргі таңда ең елеулі проблемалардың бірі. Жер шарындағы тіршілік үшін Дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттекпен байытады, адамдарды күнарлы да пайдалы азык-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық карым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералды ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез үлғайып жаткан жағдайда мүхит суларынан кен өндірудің, өсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себешні болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мүхит суларының биологиялық ресурс ретіңдегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутек изотопы — дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр станцияларын салу; теңіз суын түщыландыру істерінде жаңа жобалар ашуда.

Ғаламдық азық-түлік проблемасының шиеленісуі Дүниежүзілік мұхиттың биологиялық қорларына деген сұранысты күшейтті. Мұхит өнімдері қазірше адамзаттың азық-түлік «қорының» 2%-ын ғана (жануар текті нәруыздың 15%-ын) толтырады. Әрине күннен-күнге балық пен теңіз өнімдерін өндіру артып келеді, бірақ мұхиттардың биологиялық байлығы сарқылатын ресурстар қатарына жататындығы сендерге аян. Ғалымдардың пайымдауынша қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына қауіп төндірмей-ақ жылына 150—200 млн т-ға дейінгі мөлшерде бұл қорларды алудың мүмкіншілігі бар. Теңіз марикультурасын дамыту да кеңінен жолға қойылуда.


2.Сізге мектеп оқушыларының алдында «Дүниежүзілік мұхит проблемалары» деген тақырыпта ауызша баяндама жасау тапсырылды. Ауызша баяндама жасауда мәтін ақпаратын қолданыңыз, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз.






Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

Білім алушы

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды жоспар түрінде түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді

1

Негізгі ақпаратты жоспар түрінде есімдіктерді қолданып жазып алады;

1

Мәтін мазмұнын қысқаша өз сөзімен түсіндіреді

2

Жазып алған ақпараттарға сүйенеді

1

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін

орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады

2

Баяндама мазмұнында ақынның өмірі туралы айтады

1

Ақынның экология,табиғат шығармаларынын маңызы туралы айтады;


1

Өз пікіріне аргументтер мен дәлелдер келтіреді

2

Мәтін мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

1

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтайды

1




10




















«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит тіршілік мекені» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған рубрика



Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді

НShape15 егізгі ақпараттарды жазып алып, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіруде қиналады.

НShape16 егізгі ақпараттарды жазып алып, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіруде қателеседі.

НShape17 егізгі ақпараттарды жазып алады, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіреді.

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды

қолданып, ғылыми-

көпшілік және публицистикалық

мәтіндер негізінде монолог құрады

МShape18 әтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашуда, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасауда қиналады.

МShape19 әтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашуда, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасауда қателеседі.

МShape20 әтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашады, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасайды.
























4 «Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекеттері Оқылым, жазылым



Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін

идеясымен байланысын анықтау


10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.




Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.Ораза ұстау – ол жаман нәрседен алшақтап, нәпсіні кез келген жағдайда тию,яғни шектеу қою және Аллаға құлшық жасау. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, ниет етеді.

Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен бас­талады. Айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп, олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды. Бұл күндері туған-туыстар бір жерге жиналып немесе зират басына барып өмірден озған жақындарының әруағына бағыштап құран оқиды.

Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан - береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады. Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның әдеттегілерден негізгі еркшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.



Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін идеясымен байланысы

1.

2.

3.


1.

2.

3.



  1. Берілген тұжырымдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. Тиістісіне «+» белгісін қойыңыз.


Тұжырымдар

Факті

Көзқарас

Мұсылмандар үшін ең қасиетті екі ұлық мереке бар.



Оразаның шарттарын орындаған жандар аузын ашады.



Ораза айт үш күнге созылатын үлкен мереке



Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен бас­талады



Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке деп саналады



Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді.




3. «Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті ұлттық мереке» деген тақырыпта 70-100 сөз көлемінде шығармашылық жазба жұмысын жазыңыз


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады,

мәтін идеясымен байланыстырады

1-2

3 негізгі ақпаратты анықтайды;

2

3 қосымша ақпаратты анықтайды;

2

мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен көрсетеді;

2

факті мен көзқарасты ажыратады;

1

Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

3

тақырыпты ашады;

1

көркемдегіш құралдар мен амалдарды

қолданады;

1

сөз көлемін сақтайды;

1

Барлық балл

10















«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады

МShape21 әтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстыруда, факті мен көзқарасты ажыратуда қиналады.

МShape22 әтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстыруда, факті мен көзқарасты ажыратуда қателеседі.

МShape23 әтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстырады, факті мен көзқарасты ажыратады.

Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

КShape24 өркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазуда қиналады.

КShape25 өркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазуда қателеседі.

КShape26 өркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазады.

























3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

5 «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекеттері Тыңдалым, айтылым


Оқу мақсаты

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин

сөздердің мағынасын түсіну


10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,

тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Ойлау дағдыларыны деңгейі

ң Қолдану

Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Қазақстандық үлес­ті молайтуда оң тәжірибелерді жаң­ғырту, өзара тиімді меморандумдар қа­был­дау көзделген бетбұрысқа жол ашпақ. «Қазақ­станда жасалған» акцияс­ының бастау алатыны жергілікті тауар өнді­рушілерді қолдаумен қатар жалпы­қазақстандық патриотизмге жаңа екпін берді.

Елбасы өнімнің сапасын арттыру бүкіл әлемге танылатын «Қазақстан­да жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап айтты. Сондықтан да қазір еліміздің барлық өңірлерінде табиғи азық-түлік брендін қалыптастыру жұмыстары қолға алынды.

Соңғы уақытта елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша көптеген жобалар қолға алынды.

Егемен елімізде жеңіл өнеркәсіп көпсалалы өндірістің қатарына жатады. Оған тоқыма, тігін, мақта, мата, былғары тері илеу салалары кіреді. Сөйте тұра, аса қажетті бірінші кезектегі тауарларды шетелден әкелеміз. Қалай болғанда да импортқа тәуелдіміз. Ал, сарапшы мамандардың айтуы бойынша экономикалық тәуелділіктен арылу үшін біз өзімізді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтып отыруымыз қажет көрінеді.

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен оның жұбайы Қарақат Әбілдина отандық ойыншық өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдады.

"Balbala" атты отандық ойыншық шығарып, оны бренде айналдырған Қарақат пен Қыдырәлі бүгінгі күнде тағы бір отандық өнімді шығаруға кірісіп кетті. Танымал продюсер әрі кәсіпкер енді шұлық өндірумен айналыспақ ниетте. Отандық фабрикада шығарылатын шұлыққа Болманов “Бал-бала” брендінің атауын беріпті. Кәсіпкердің айтуынша, 100% таза мақтадан жасалатын шұлық Шымкент фабрикасында өндіріледі.



  1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.

  1. жетекші

  2. жәрдемдесу

  3. көбейту

  4. дүние жүзі

  5. аймақ

  6. белгілі


  1. Бос орындарға керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

Тәуелділіктен /азық-түлік/ отандық өнімдерге/

  1. Барлық қазақстандықтарды «Қазақстанда жасалған» атты акцияны жүзеге асыруда ____________________қолдау білдіруге шақырды.

  2. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде табиғи ___________________брендін қалыптастыру жұмыстары қолға алынды.

  3. Сарапшы мамандардың айтуы бойынша экономикалық ________________ арылу үшін біз өзімізді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтып отыруымыз қажет.


  1. Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.


1-оқушы


Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең еніп, онымен тығыз байланысқа түсті. Ол әр адамның өміріне дерліктей әсерін тигізеді. Бұқаралық ақпарат құралдары бізге шексіз ақпарат беріп, білімімізді ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтеді. Біз ол арқылы жаңалықтарды жылдам біле аламыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары ішінде керексіз, жалған, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпарат жеткілікті. Бұл кішкентайлар мен жастарға үлкен қаупін тигізеді. Бірақ неліктен ?


2-оқушы

Кішкентайлар мен жастардың әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын әр адам біледі. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланысты. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алғын жағдайда ғана бұқаралық ақпарат құралдары адамға пайдасын тигізе алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалғын білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар. Бұл жастарға кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Ойындар, теледидар жастарға. өте зиянды әрі қауіпті деген стереотиптің ең негізгі себебі осы болып табылады. Жастарға көру қызығырақ болғанан кейін, көпшілігі теледидарға жүгінеді.




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

1

сөздердің синонимін мәтіннен табады;

2


2

сөйлемдердің мазмұнын берілген сөздермен толықтырады;

1

1


Мәтін бойынша монолог, диалог

3

жұбына мәтініндегі ақпараттар мен

1

құрауда сөз әдебі мен сөйлеу


мәселе туралы әңгімелейді;


этикетін қолданады


жұбының мәтіні бойынша 2 сұрақ

1



қояды;

1



жұбының қойған 2 сұрағына толық

1



сөйлемдермен жауап береді;

1



сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу

1



этикеті формаларын қолданады.


Барлық балл

10



«Сауда ме көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады

СShape27 өздердің синонимін мәтіннен табуда, сөйлемдердің мазұнын берілген сөздермен толықтыруда қиналады.

СShape28 өздердің синонимін мәтіннен табуда, сөйлемдердің мазұнын берілген сөздермен толықтыруда қателеседі.

Сөздердің синонимін мәтіннен табады, сөйлемдердің мазұнын берілген сөздермен толықтырады

.Shape29

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

МShape30 әтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қоюда, сұрақтарға жауап беруде, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады.

МShape31 әтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қоюда, сұрақтарға жауап беруде, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қателеседі.

МShape32 әтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қояды, сұрақтарға нақты, жүйелі жауап береді. Сұрақ қою мен жауап беруде бірнеше сөйлеу этикеті формаларын қолданады.





















6 «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»


Сөйлеу әрекеттері Оқылым, жазылым



Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау


10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе,

аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

  • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу,

келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын еліміздеҚазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондардың жалпы көлемі 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.. Бұл ретте, оның айтуынша, тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондардың барлықтарының пайдалану мерзімі аяқталған, оларды жапқан топырақ құнарлығын қайтадан қалпына келтіру керек, олардан шығатын газдарды жинау керек, және жаңа өңірлік иженерлік полигондар салу керек. 

Қауіпті қалдықтар тізіміне Экологиялық кодекстің 287 бабында қарастырылған қалдықтар жатады. Олар жарылғыш заттар; тез тұтанып кететін сұйықтықтар; тез от алатын қатты заттар; өздігінен тұтанатын заттар мен қалдықтар; тотығатын заттар; органикалық пероксидтер; улы заттар; созылмалы аурулар тудыратын уытты заттар; инфекция жұқтыратын заттар; тотығатын заттар; экоуытты заттар; сумен қосылғанда тұтанатын газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; ауа мен сумен қосылғанда улы газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; жоғарыда аталған қасиетке ие болатын басқа заттарды құрай алатын заттар мен материалдар.

Қазақстанда қоқысты, негізінен, аралас жинау тәсілі қолданылып келеді. Бұл жағдай қоқысты түрге айыру жұмысына ауырлық әкеледі де, қоқыстың қажетке жарайтын ресурсқа айналуына кедергі жасайды. Оны қайта өңдеу үшін өте көп күш, уақыт және қаржы ысырап болады. Қазақстанда қоқысты ресурсқа айналдыру технологиясы өте төмен. Жалпы қоқыстың органикалық түрі бейорганикалық түрінен артық, жанбайтын түрі жанатын түрінен артық, ашытып шірітуге болмайтын түрі ашытып шірітуге болатын түрінен көп. Бұл қоқысты ресурсқа айналдыру барысын қиындатып, оны қайта пайдалану мөлшері мен экономикалық өнімділігін төмендетеді. Қазақстанның ірі қалаларының өзінде қоқысты қайта реттейтін құрылғылардың жоқтығына, үкіметтің бюджеттік қаржысы мардымсыздығына байланысты, қоқысты залалсыздандырып көметін, өртейтін зауыттарды әзірге кездестіре алмаймыз. Сатып алынған қондырғылар тұрақты жұмыс істемейді. Заңды тұрғыда басқару әлсіз, сондықтан негізгі жұмыстар қоқыстың мөлшерін азайту жағында ғана. Оны ресурсқа, энергияға айналдыру бағытындағы мүмкіншіліктер ойластырылмаған.

  1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша кластерді толтырыңыз.


  1. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.

Shape33
Shape34


  1. «Адам құқығын сақтау керек» деген пікірмен келісесіз бе? Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі

ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

1

мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

1

негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтайды;

1

1

1


2

мәтіннің негізгі ойына қатысты өз

пікірін 3 сөйлеммен білдіреді;

1

Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

3

берілген пікірдегі кілт сөзге 2-3 сөйлеммен анықтама береді;

1

пікірге қатысты өз ұстанымын

білдіреді;

1

өз ұстанымын 3-4 аргументпен дәлелдейді;

1

мәселенің шешіміне қатысты нақты

ұсыныстар береді;

1

эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен

клишелерді қолданады.

1

Барлық балл

10

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

МShape35 әтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтауда, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізудеқиналады.

МShape36 әтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтауда, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізуде қателеседі.

МShape37 әтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтайды, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізеді

Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

БShape38 ерілген пікірдегі кілт сөзге анықтама беруде, өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қиналады.

БShape39 ерілген пікірдегі кілт сөзге анықтама беруде, өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қателеседі.

БShape40 ерілген пікірдегі кілт сөзге анықтама береді. Өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіріп, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар береді. Эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданады.






4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


7 «Жастардың денсаулығы қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекеттері Тыңдалым, айтылым


Оқу мақсаты


10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада

көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау


10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,

негізгі идеясын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды

  • Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып,

ортақ идеяны түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. «Қозғалыс – бұл өмір» деген сөздің жаны бар. Қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.

Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминозға шалдығу қаупі көп. Алайда көпшілігі оны ауру деп санағысы келмейді екен. Бұл қате пікір. Себебі бұл басқа да аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтануға аса көңіл бөліп қараған жөн. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь, (ішімдік) есірке, және уытты заттар жатады. Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60%, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында – 30% астам, оның үстіне басым бөлігі – қыздар.

Жұқпалы аурулар – бүгінде ең қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Аурудың ерекшелігі: олар адамнан адамға жұгу арқылы үлкен аумақтарға таралуы мүмкін. Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарының ең басты ережесі – жеке гигиенаны ұстану болып табылады. Өнімдерді пісіру алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында міндетті түрде қолды жууды ұмытпау. Үйді желдету, шаңды сүрту, еденді тазалау, жеке гигиена заттарын қолдану қажет.


  1. Денсаулықтың мықты болуының 4 жолын анықтаңыз.

Shape44 Shape43 Shape41 Shape42 Shape47 Shape46 Shape45


  1. Адамзаттың денсаулығының жақсаруына әсер ететін себептерді анықтап, оны ұстану жолдарын ұсыныңыз.

Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын түсіндіріңіз.





Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Жалпыадамзаттық мәселені

1

кейіпкерге қатысты 4 себепті анықтайды;


анықтайды


1-себеп

1



2-себеп

1



3-себеп

1



4-себеп

1



жалыпадамзатқа ортақ 1 мәселені

1



анықтайды;




мәселенің 3 салдарын анықтайды;

1



мәселенің нақты 2-3 шешу жолын

2



ұсынады;


Графиктік мәтіндердегі

2

графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-

1

(иллюстрация, фотосурет,


бірімен салыстырады;


сызба, шартты белгі)


ортақ идеяны түсіндіреді.

1

ақпараттарды салыстыра




отырып, ортақ идеяны




түсіндіреді




Барлық балл

10








«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды

КShape48 ейіпкерге қатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтауда, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынуда қиналады

КShape49 ейіпкерге қатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтауда, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынуда қателеседі.

КShape50 ейіпкерге қатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтайды, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынады.

Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация,

фотосурет, сызба,

шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді

ГShape51 рафиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстыруда, ортақ идеяны түсіндіруде қиналады.

ГShape52 рафиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстыруда, ортақ идеяны түсіндіруде қателеседі.

ГShape53 рафиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады, ортақ идеяны түсіндіреді.

8 «Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау


10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық нормалар ерте заманда-ақ қалыптасқаны белгілі. Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз секілді әлеуметтік нормаларымызға үңілсек, өмір сүру қағидасы еркіндікке негізделген қазақ жанының әділеттілік пен ар-намысты қорғау, сөзге қонақ беру ұстанымына беріктігін байқауға болады. 

Бұрынғы ата-бабаларымыз ұстанған Ясы заңы, Қасым заңы, Есім заңы, Жеті Жарғы сияқты дәстүрге негізделген заңдарға қызығушылық танытып, бүгінгі заңдарды тәжірибеде қолданып жүрген заңгерлер де бар. Бұрынғы қазақ қоғамында ел ішінде қылмыс аз болды, түрме, басқа да жазалау орындары мүлдем дерлік болмады. Қазір күннен-күнге жаза өтейтін орындар көбейгенімен, қылмыскерлер саны азаяр емес.

Бұрынғыдан қалған сөз «қазақ жолы – қанағат, қасаң дау емі – шариғат, ол да жолдан адаспас». Яғни бабаларымыз қазақи бауырмалдық пен кешірімшілдік, кеңдік ұстанымына бағынбай бара жатқан дауларды шариғат жолымен әділ шешіп отырған. 

Жаза мәселесіне келгенде, бабаларымыз шынында да аса көрегендік таныта білген. Оған бір жағынан сол кездегі қоғамдық құрылымы да ыңғайлы болды. Мысалы, қазақ халқы әр рудан тұрғаны белгілі. Тиісінше әр рудың рубасы, өзінің орналасқан жері, жайылымы болды. Айталық, бір рудың адамы екінші рудың адамын барымтада сойылға жығып істі болды делік. Ердің құны жәбірленуші келіскен жағдайда айыптыдан, егер оның шамасы жетпесе, рудан өндіріледі. Ол үшін жауапты адам рубасы бар, кімнен қандай мөлшермен алады, рубасының өз шаруасы. Және би шешімі тез арада орындалады. Айыпты адамды әдетте сол ру ақсақалдары өздері жазалайды.

Құқықтық білім беру – адамның құқытық санасын қалыптастыру мақсатында орвндалатын құқытық тәрбиенің негізгі ықпалы етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқытық білім беру арқылы жасөспірім құқыты ұғынады және оның санасы қалыптасады, дамиды.құқықы ұғыну мен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқытық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім-тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.

1.Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.


2.Құқықтық сауаттылық қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.

3.Жергілікті газетке «Жастар неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді

1

мәтін бойынша кесте-сызба

дайындайды;

1

деректі ақпараттарды қолданады;

1

2

мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін

2-3 сөйлеммен білдіреді;

2

Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды

3

мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің өзектілігі туралы айтады;

1

негізгі бөлімде жастардың қылмысқа

баруының 3-4 себебін көрсетеді;

1

қорытынды бөлімде мәселенің шешу жолдарын көрсетеді;

2

мақала мазмұнында теңеу мен

эпитеттерді қолданады;

2

риторикалық сұраулы сөйлемдерді

қолданады.

1

Барлық балл

11

«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді

ДShape55 еректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындауда, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде қиналады.

ДShape56 еректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындауда, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде қателеседі.

ДShape57 еректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындайды, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізеді.

Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып,

шығармашылық жазба жұмысын орындайды

ТShape58 еңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазуда қиналады.

ТShape59 еңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазуда қателеседі.

ТShape60 еңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!