Материалдар / 11 сынып Сабақтың тақырыбы: «Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.». «Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып Сабақтың тақырыбы: «Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.». «Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.». «Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2024
29
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Хлоропластың құрылымдық компо-ненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.». «Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»


Бөлім:

11.1 Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Смет Гүлжамал Нұрыллақызы

Күні:

20.09.2024

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Хлоропластардың құрлысы мен негізгі құрылымдық компонеттерімен танысады.

Құндылықтарға баулу:

Талап құндылығы

Сыни және креативті ойлау;

Жеке және командамен жұмыс істей білу;

Күтілетін нәтижесі:

Қоршаған орта тазалығынсақтайды;

Ізденімпаз, жасампаз тұлға..

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) музыка қосулы: Оқушылармен смайликтер суретімен амандасу сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

ә). Топ ережесін еске түсіреді.

б). Топтастыру.








Сап түзеп тұру арқылы Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу

І-топ:

ІІ-топ

ІІІ -топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне , тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.





Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады

«Кинометафора» әдісі бейнеролик кору

Бүгінгі сабақта:

Сіздің білетініңіз.

хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орната алады

1. Хлоропластың қызметін айтыңдар?


2. Хлоропластың құрылымына сипаттама беріңдер?


3. Хлоропластың жасушада қозғалу қабілетін дәлелдейді.


4. Фотосинтез процестеріне сипаттама беріңдер?


  1. а және b хлорофилдерінің сіңіру спектрлерін сипаттаңдар..

  2. Хлорофилдегі әртүрлі пигменттерді қалай анықтауға болады ?

  3. Қандай факторлар Rf мәніне әсер ете алады?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.


Интернет ресурстарын пайдалана отырып тақырып бойынша видео ролик көру


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма

Хлоропласттың құрылымын сипаттайды. Кестені сызып толтырады.




2.Фотосинтез реакциясының реттілігін анықтайды және қайда жүретінін көрсетеді.

Хлоропласттың химиялық құрамының ерекшелігін көрсетеді және жүйелейді.

Хлоропласттардың пайда болуы үшін қажетті жарықты дәлелдейтін тәжірибе жоспар ұсынады.

Дескриптор:

Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы сипаттайды, кестені дәптерге сызып толтырады.

ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

1. Балдырлар мен фотосинтездейтін бактериялардың әр алуан пигменті құрамын түсіндіреді.


2. Хлорофилдің физикалық қасиеттерін талдайды және а хлорофилінің құрылымдық формуласын жазады.


3. Хлорофилдің химиялық және физикалық қасиеттерін жазады.

Хлорофилдің химиялық қасиеттері

Хлорофилдің химиялық қасиеттері






Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырмаларға жауап береді.

2. Кестені толтырады.

ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2.1 -Зертханалық жұмыс: «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зертеу».


Жұмыс мақсаты: әртүрлі өсімдік түрлеріндегі пигмент хлорофилдер және каротноидтер құрамын салыстырады.

1.Пигменттердің спирттік ерітіндісін алу.

Бұл мақсатта құрғақ жапырақты да, жаңа әзірленген өсімдік материалын да пайдалана алады.

Жұмыс барысы: 1-2 г қазтамақ жапырақтарын фарфор ыдысқа салып, азддап кварц құмын және бір себім бор ұнтағын қосады.Жапырақтарды біркелкі масса болғанша үгітіп, оған 10-15 мл 96℅-тік этанол қосады. Мұқият араластырғаннан кейін пайда болған гомогенатты ақ лентасы бар қағаз сүзгі арқылы түтікке сүзіп құяды. Сұйықтықты ыдыстан құйған кезде қабырғаға ағып кетпеу үшін шыны таяқшаны сыртынан вазелинмен майлап, ыдыстың ұшына тақап қою керек. Ыдысты бірнеше мл этонолмен шайып, оныда сол сүзгіге құюға болады. Жұмыс сапалы сипатқа ие, сондықтан пигменттерді ерітіндіге толық көшіруге болмайды. Егер фильтраттың алғашқы порциялары лайланған болса, оларды сүзгіні ауыстырмастан қайта сүзіп алуға болады. Алынған жасыл түсті экстракт келесі тәжірибелерге жарамды.

2.Красу әдісі бойынша пигменттерді бөлу.

Қорытынды.қағаз хромотаграфиясын пайдалана отырып, әр пигменттердің қашықтықтарын өлшеп, оның Rf мәнін өлшейді.


Пигмент

Lo

Lx

Rf

Сары жасыл b хлорофилі




Ксантофилл




Көк жасыл а хлорофилі




Каротин





Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Зертханалық жұмысты орындайды.

2. Сұрақтарға жауап береді


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.










Аты: _________________ күні: _________________ сыныбы: ______________

  1. Хлоропласт бөліктерін анықтаңыз:


1__________________________


2__________________________


3__________________________


4__________________________


5__________________________


6__________________________


7__________________________






  1. Бір дұрыс жауабын таңдаңыз

  1. Пластид дегеніміз не?

  1. Сабақтан табылған кішкене жасуша

  2. Ақуыздардың алмасуы үшін қолданылатын хлоропласт ішіндегі түтікті көпір

  3. Өсімдік жасушасында табылған маңызды қызмет атқаратын органеллалар түрі

  4. Фотосинтез пигменті



  1. Аталғандардың қайсысы тилакоидтардың жиынтығы болып табылады?

  1. строма

  2. тилакоид

  3. грана

  4. ламелла

  5. хлорофилл



  1. Аталғандардың қайсысы гранадан тыс, хлоропласт ішіндегі түссіз материал болып табылады?

  1. Строма

  2. тилакоид

  3. грана

  4. ламелла

  5. хлорофилл



  1. Екі грананы қосатын құрылымды атаңыз?

  1. Строма

  2. тилакоид

  3. грана

  4. ламелла

  5. хлорофилл



  1. Қай құрылымда фотосинтетикалық пигменттер болады?

  1. строма

  2. тилакоид

  3. грана

  4. ламелла

  5. хлорофилл



  1. Аталғандардың қайсысы фотосинтез үшін реагент болып табылмайды?

  1. су

  2. CO2

  3. глюкоза

  4. күн сәулесі



  1. Хлоропласт қандай толқын ұзындығындағы түсті шағылыстырады (сіңірмейді) ?

  1. көк

  2. сарғыш

  3. қызыл

  4. жасыл

  5. күлгін







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!