Ой шақыру.
Тақырыпқа шығу.
М Оқушылардың жауабы тыңдалып
болғаннан кейін, бүгінгі өтетін
тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы
екендігі ескертіледі. Енді бүгінгі сабақта 1836-38жж Бөкей
Ордасындағы көтеріліс барысындағы тарихи тұлғалар туралы зерттеу
жұмыстары жүргізілетіндігі
айтылады.
М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты
пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт
(себеп пен салдар), зерттеу
сұрағына назар
аударылады.
Зерттеу мен
талдау
1-қадам.
1-топ. Жәңгір
хан.
2-топ .
И.Тайманов.
3-топ.М.Өтемісұлы.
Топтағы оқушылар оқулық,
ғаламтор материалдары, қосымша әдебиеттер арқылы зерттеу
жұмыстарымен айналысады.
Әр топ
жинақтаған ақпарат негізінде
көтеріліс барысындағы тұлғалардың тарихи оқиғадағы ролін, тұлғалық
келбетін зерттеп анықтайды. Тұлға туралы мінездеме жазып, сыныптың
алдында өз жұмыстарын
жариялайды.
2
тапсырма 1-топ. Тұлғаларды тану
стратегиясы
«Бұл қай кезең?», «Суреттегі
тұлғаларды танимыз ба?», «Тұлға көтеріліс кезінде қандай роль
атқарды?», «Тұлғалар арасында қандай байланыс
бар?»
Кері
байланыс.
Кері
байланыс.
2-топ. Жылдар сөйлейді
әдісі
Даталар
сөйлейді
1791-1838 жж- Исатай
Тайманұлы
1804-1846жж- Махамбет
Өтемісұлы
1836 ж.ақпан- Жәңгір ханға
қарсы ашық шабуылға
шықты.
1836 жылы көктемде-
Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы көтерілісшілер
қосына жақын келді.
1837 жылдың бас кезінде-
байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлының қолы
көтерілісшілерге
қосылды.
1837 ж. 15 қараша – Тастөбе
шайқасы
1837 ж. 13 желтоқсан-
көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп
өтті.
1838 ж. 12 шілде- Қиыл және
Ақбұлақ өзендерінің бойындағы шайқаста Исатай Тайманұлы мен 80-ге
жуық адам қаза тапты.
1846ж
-
Кері
байланыс.
3-топ. Рөлдік
ойындар
Көріністің
түрі.
Сарайда отырған Жәңгір хан.
Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері,
т.б.
Жәңгір хан Махамбетті
шақырып:
Ау, Махамбет!
Арамыздан шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені
мақтап мына жұртқа.
Махамбет:
Айтсам айтармын хан Жәңгір,
жұртқа жасаған ісіңді. Қарапайым халықтың ақысын
жеп,
табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
–
Хан емессің
қасқырсың,
Қас албасты
басқарсың.
Достарың келіп
табалап,
Дұшпаның сені басқа
ұрсын.
Хан емессің
аянсың,
Айыр құйрық шаянсың, - деп
айта бергенде Жәңгір
хан:
- Тоқтат! Жетеді
енді!
Кері
байланыс
3
тапсырма
Quizizz тест
сұрақтары
1. Бөкей Ордасында
болған көтерілістің мақсаты айқын
көрінеді:
А) Махамбеттің
өлеңдерінде
В) Исатайдың старшындар
съезінде сөйлеген сөзінде
С) Көтерілісшілердің
патшаға жазған үндеуінде
2. 1837 жылы хан
сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің
саны
А) 10
мың
В) 5
мың
С) 2
мың
3.
Исатай қаза тапқан
шайқас:
А) Тастөбе В) Ақбұлақ С) Теректіқұм
4. Исатайдың
подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы
болды
А) 1836 ж. Қазанда В)
1837 ж. Қазанда С) 1837 ж. қарашада
5. Исатай көтерілісін
тездетіп басуға әсер еткен жағдай
А) Кенесары қозғалысының
Кіші жүзді шарпуы
В) Көтерілісшілер
санының көбеюі
С) Тастөбе түбіндегі
көтерілісшілердің жеңілісі
6. Патша үкіметінің
Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың
мөлшері
А) 2000 сом В) 1000 сом
С) 500 сом
7. 1837 жылы қазанның
15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын
ойрандады
А) Баймағамбет сұлтанның
В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің
8. Патшаны
қолдаушылардың ұйымдастыруымен М.Өтемісұлы
өлтірілді
А) 1838 жылы В) 1842
жылы С) 1846 жыл
Кері
байланыс. Жұптар бір-біріне кері
байланыс береді
|