Материалдар / §2.Көмірсулар,оларды жіктеу және маңызы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§2.Көмірсулар,оларды жіктеу және маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
38
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып КГБ №2


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері. §2.Көмірсулар,оларды жіктеу және маңызы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;

Сабақтың мақсаты:

көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Диполь, гибратты қабықша, гидрофильді және гирофобты заттар, адгезия, беттік керілу, жоғары жылусыйымдылық, балқу жылуы, қату жылуы.


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.

Көмірсулар қандай өнімдердің құрамында болады?

Қанның құрамында 0,12% концентрацияда қандай көмірсу бар?

Оның қызметі қандай және оны қай гормондар реттейді?

Тамақ құрамындағы күрделі көмірсуларды қандай ферменттер ыдыратады?

Адам тәулігіне неше грамм көмірсу пайдалануы керек?

Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Көмірсулар, триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар, моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер, полимерлер, мономерлер, ретті полимерлер.


«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/TXmE05Cyidw?si=5shwOgruGv90onKN


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.


1-топқа. «Моносахаридтер»

2-топқа «Дисахаридтер»

3-топқа «Полисахаридер»

4-топқа «Көмірсулардың физиологиялық маңызы»туралы

оқулықтағы ақпарты топта талдап, қорғауға нұсқау береді.

Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, жаттығу жұмыстарын орындайды.




Моносахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді. Дисахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді. Полисахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді. Көмірсулардың физиологиялық маңызын сипаттайды.

Дескриптор:

- моносахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді – 5 балл;

- дисахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді – 5 балл;

- полисахаридтердің құрлысы, қасиеттері және қызметтері бойынша жіктейді – 5 балл;

- көмірсулардың физиологиялық маңызын сипаттайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация




Жұмыс дәптерлері



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Бағалау

1-тапсырма. «Сәйкестендіру» тәсілі.

2- тапсырма. Кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.

3-тапсырма

Сызбада көрсетілген органикалық молекулаларды олардың аттарымен сәйкестендіріңдер.

Берілген термин мен тұжырымыды сәйкестендіреді. Көмірсулардың түрлерін біледі. Көмірсулардың құрамын біледі.

Целлюлозаның құрамына кіретін мономерін анықтайды. Фосфолипид /моносахарид

/полисахаридті сызба арқылы анықтайды.


Дескриптор:

- берілген термин мен тұжырымыды сәйкестендіреді -3 балл;


Дескриптор:

- көмірсулардың түрлерін біледі және көмірсулардың құрамын біледі-3 балл;


Дескриптор:

- целлюлозаның құрамына кіретін мономерін анықтайды- 3 балл;

- фосфолипид /моносахарид

/полисахаридті сызба арқылы анықтайды – 2 балл;


Интерактивті панель, презентация


Жұмыс дәптері



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың соңы





Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Майлар мен липидтер»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Практикалық тапсырмалар беру

1-топқа. .

«Моносахаридтер»Shape1








2-топқа «Дисахаридтер»


Shape2






3-топқа «Полисахаридер»

Shape3









4-топқа «Көмірсулардың физиологиялық маңызы» туралы оқулықтағы ақпаратты топта талдап, қорғауға нұсқау береді.


Бағалау

1-тапсырма. «Сәйкестендіру» тәсілі

А. Хитин

1.Өсімдіктерде қор заты ретінде жинақталады

В.Крахмал

2.Өсімдіктердің жасушаларының қабығының негізгі құрам бөлігі. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиетін беретін талшықтар целлюлозадан тұрады. Сол сияқты целлюлоза өсімдік жасушасының мембранасында көп кездеседі.

С.Гликоген

3.Буынаяқтылардың сыртын қаптайды,саңырауқұлатардың жасуша қабықшасының негізгі компоненті

Д.Целлюлоза

4.Адам мен жануарлардағы көмірсулардың негізгі қоры, жасуша цитоплазмасында, негізінен, бауыр мен бұлшық етте жинақталады. Кейбір жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың құрамында да болады.


2- тапсырма. Кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.

Көмірсулардың түрлері

Моносахаридтер

Дисахаридтер

Полисахаридтер

Құрамы




Қызметі




Көмірсулардың мысалдары





3-тапсырма

Сызбада көрсетілген органикалық молекулаларды олардың аттарымен сәйкестендіріңдер.

Фосфолипид .............................

Моносахарид .............................

Полисахарид .............................




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!