Мұғалім әрекеті
3D-принтер
-
Виртуалды 3D модельдің негізінде
физикалық объекті жасау әдісін қолданатын
құрылғы.
-
3D баспа түрлі тәсілмен және әртүрлі
материалды қолданып жүзеге асырылады, бірақ олардың әрқайсы қатты
объектіні қабат-қабат етіп салу арқылы жасалады.
3D-принтер
түрлері
Түрі
|
Құны
|
Сипаттамасы
|
Қарапайым (үйге
арналған)
|
500 – 4000 АҚШ
доллары
|
ABS- немесе PLA-пластиктердің
алуан түрлерімен жұмыс істейді. Әдетте сапасы сонша жоғары
емес
|
Кәсіби
|
15 000 – 150 000 АҚШ
доллары
|
Түрлі өндірістік, зерттеу және
бизнес мәселелерін шешуге арналған сенімді
3D-принтерлер.
Көптеген материал түрлерімен жұмыс істейді
|
Өндірістік
|
200 000 АҚШ долларынан
жоғары
|
Ірі өндірістік объектілерде
қолдануға арналған үшөлшемді баспа жүйелері. Әртүрлі өндірістік
материалдармен жұмыс істейді (күйдірілетін, аса мықты,
термотөзімді).
|
3 D-баспаның
негізгі технологиялары
Атауы
|
Жұмыс
әдісі
|
Стереолитография
(SLA)
|
Фотополимерленуші материал
жылжымалы платформаға қабаттап салынады
|
Іріктеп лазермен
біріктіру (SLS)
|
Ұнтақ жұмыс камерасында
қыздырылады да, лазер сәулесі ұнтақты
біріктіреді
|
Еріту әдісімен
модельдеу (FDM)
|
Шүмек арқылы берілетін
балқытылған пластик платформаға қабаттап
салынады
|
3D баспада қолданылатын
материалдар
Пластик — термопластикке негізделген
материалдар тобы. Пластиктер
Stratasys компаниясының 3D-принтерлерімен (FDM әдісі) басу үшін
қолданылады. Сонымен қатар өндірістік SLS-принтерлерінде өнім басып
шығару үшін ұнтақты пластик қолданылады.
Фотополимер
материалдар — УФ-сәуле немесе лазердің әсерінен қататындығы
бойынша топтастырылған көптеген материалдар. Көптеген қасиеттерге
ие (икемділік пен мөлдірліктен бастап термотөзімділікке дейін).
Фотополимер материалдар Objet и ProJet
сериясының
3D-принтерлерінде басу үшін қолданылады.
Металл
ұнтақтары — SLM-баспа жүйесінде қолданылатын материалдар.
Барынша кең тараған ұнтақты металл материалдар: болат (аспаптық
және тот баспайтын), титан, кобальт-хром, алюминий и олардың
қоспалары.
Композитті ұнтақтар — гипске негізделген ұнтақты материал.
Projet x60
(ZPrinter) сериясының 3D-принтерлерінде
қолданылады. Толық түсті үшөлшемді өнім басып шығарудағы ең
қолжетімді тәсіл.
Ұстап тұратын материал
(support material) — күрделі объекті құруда жасалып жатқан заттың
сапасын арттыру үшін қолданылатын көмекші материал. Іші қуыс, шығып
тұратын жерлері бар, күрделі, қабырғалары жұқа үшөлшемді модельді
ұстап тұратын материалсыз басып шығару мүмкін
емес.
Яғни, ұстап тұратын
материал басылып жатқан бұйымның уақытша функдаменті десе болады.
Қабаттап басып шығару дегеніміз кейінгі қабат алдыңғы қабаттың
үстіне салынуын көздейді. Егер бұйымның белгілі бір жерінде астында
тірек болмаса, осы жерге ұстап тұратын материал қажет
болады.
Практикалық
тапсырмаларды орындайды
«3D-принтинг негіздері:,»-
бойынша 1-ші топ 3D-баспа технологиялары
-тақырыптары бойынша өз жұмыстарын қорғап,
басқа топтарға түсіндіріп береді және 2-ші
топтар 3D-баспаға
арналған материалдар мен
3D-принтер түрлері жұмыстарына шолу жасап,
жасалған жұмыстардың бейнематериалдарын интерактивті тақтадан
көрсетіп, онда қандай құрылғылар пайдаланылғанын егжей-тегжейлі
түсіндіріп берді
|