Материалдар / 3 сынып ҚМЖ Мәтін теру және өңдеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 сынып ҚМЖ Мәтін теру және өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж цифрлы сауаттылық 3 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2024
36
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Сөз артында сөз

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 3

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді теру және өңдеу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мәтін ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады

Кейбір оқушылар:

Мәтіндік құжатты ашу және сақтау командаларын пайдаланады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Мәтін бізге таныс ұғым. Өз оқулығында, сыныптағы ережелер тақтасында, газеттер мен журналдардағы ақпараттардың мәтін түрінде берілетінін көріп жүрсің.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтін дегеніміз- әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, хабарландырулар, құттықтаулар, мәліметтер, тағы да басқа жазба ақпараттар.

Ерте заманда адамдар тасқа, ағашқа, папирусқа жазған. ХІХ ғасырдан бастап жазу мәшинелері өңдіріле бастады.Қазіргі таңда мәтінді арнайы компьютерлік программалардың көмегімен жазуға, өңдеуге, көбейтуге болады.Мәтіндер компьютерде мәтіндік редактордың көмегімен теріледі.

Мәтіндік редактордың көмегімен кез келген мәтінді теруге, өңдеуге, көшірмесін бірнеше дана етіп басып шығаруға болады. Бүгінгі сабақта WordPad мәтіндік редакторымен танысамыз. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін Пуск (Іске қосу) → Все программы (Барлық программалар) → Стандартные (Стандартты) → WordPad командасын орындаймыз.

Компьютерде жазылған мәтіндердің барлығы мәтіндік құжаттар деп аталады.

WordPad- мәтіндік редакторы мәтіндік құжаттарды құруға, өңдеуге, қағазға басып шығаруға арналған программа. Мәтінді тергенде меңзер көрсетіп тұрған жерден бастаймыз.

Меңзер-экран бетіндегі жыпылықтап тұратын тік сызық немесе тінтуір нұсқағышы.


Көрсетілім. Мәтіндік редактордың терезесі.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, тінтуірдің нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.

Enter пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін Shift пернесін басып тұрып, қажетті әріпті теріңдер. Жолды түгел бас әріппен теру үшін Caps Lock пернесін басып қойыңдар, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басындар.Егер сендер керек емес әріпті теріп қойсаңдар, онда Backspace пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символды жоюларыңа болады.

Мәтінді өңдеу- мәтіннің қате кеткен жерлерін түзету, бас әріппен жазылатын сөздерді, мәтінді теру кезінде ережелердің сақталуын тексеру.

Құжатты қалай сақтаймыз:

Файл → Сохранить как (Сақтау)

Құжатты WordPad-та сақтағанда файлдың кеңейтілімі - .rtf


Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

Мәтінді тер.


Іштік түскі тамақты

Жалап-жұқтап табақты.

Босап қалды ол деген

Цифрға ұқсап «нөл» деген.


Шалшықты бір қаз кешіп жүр,

Қолшатырын қолға алған.

Жаңбырдан қорқар несін бұл,

Шатыры бар қорғанған.


Дескриптор:

- WordPad мәтіндік редакторды іске қосады;

- мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады;

-Мәтіндік құжатты сақтайды.

ҚБ: смайлик

Жеке жұмыс. 2-тапсырма.



Дескриптор:

-мәтіндік редакторды ашу жолын ретімен белгілейді.


ҚБ: смайлик.


Жеке жұмыс. 3-тапсырма.



Дескриптор:

-мәтінді сақтау жолын ретімен белгілейді.


ҚБ: смайлик

Мұғалімді тыңдайды











WordPad редакторды іске қосу үшін командаларды дәптерге жазады















































1-тапсырманы орындайды

















2-тапсырманы орындайды
















3-тапсырманы орындайды















































































Смайлик











Смайлик




















смайлик

Интербелсенді тақта/ компьютер





























































Үлестірме қағаздар

















карточкалар

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Барлығын түсіндім

Бір нәрсе түсінемін, бірақ

бәрін емес

Түсінбедім, қайталап қарау қажет


Өзін-өзі бағалау.


Плакат/ слайд

Үй тапсырмасы

§ 7, жұмыс дәптері 18-19 бет


































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!