Материалдар / §3.Майлар мен липидтердің сипаттамалары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§3.Майлар мен липидтердің сипаттамалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
63
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып КГБ №3


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. §3.Майлар мен липидтердің сипаттамалары.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. §3.Майлар мен липидтердің сипаттамалары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Көмірсулар, триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар, моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер, полимерлер, мономерлер, ретті полимерлер.


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.





«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Майлардың құрамында қандай құрамбөліктер кіреді?

Майлар гидрофильді ме?

Майлар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?

Жасушаның қандай бөлігі липидтерден тұрады?

Түйелер мен морждардың ағзаларында майлар қандай қызмет атқарады?

Майда еритін қандай дәрумендерді білесіңдер?

Майлар ағзада көмірсуларға және керісінше айналуы мүмкін бе?

Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың ортасы





Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Карбон қышқылдары, глицерин, дипидтер, фосфолипидтер, сыртқы жасуша мембранасы, миелин қабықшасы, дәрумендер, гормондар.


«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/AF7PiKJm97U?si=E54vkBGPEIYCD4ff


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.

1-топ. «Майлардың химиялық құрылысы, қасиеттері »

2-топ. «Липидтер»

3-топ. «Майлардың қызметі» туралы «Тірек сызба» әдісі арқылы оқулықтағы ақпарты топта талдып, қорғауға нұсқау береді.


Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, жаттығу жұмыстарын орындайды.

Дескриптор:

-майлардың химиялық құрлысы мен қасиетін сипаттайды – 5 балл;

-липидтердің құрлысы мен қасиетін сипаттайды– 5 балл;

-майлардың қызметін анықтайды– 5 балл;

Интерактивті панель, презентация


А3 формат қағаз, маркер


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Бағалау

Жеке тапсырма:


1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды.


2-тапсырма.

«Кім жылдам?»тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды.

Берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды.

Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды.

Дескриптор:

- берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды- 3 балл;


Дескриптор:

- майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды- 3 балл;


Интерактивті панель, презентация


Жұмыс дәптері



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың соңы




Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Нәруыздар»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі


Тұжырымдама

Ш

Ж

Майлар глицерин мен май қышқылдщарына ыдырайды



Глицерин екі атомды спирт



Тотыққан соң майлар көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды



Май жылу мен электр тогын жақсы өткізеді



Майлар суда ерімейді шидрофобты




2-тапсырма

1.Глицерин мен үш май (карбон) қышқылынан тұратын зат

А . липидтер

В .майлар

С. көмірсулар

Д. нәруыздар

2.Адам мен жануарлар ұлпаларында қанша май қышқылы кездеседі

А. 50-ке жуық

В . 60- жуық

С . 70-жуық

Д . 80-жуық

3.Майда еритін витаминдер:

А . С, В, Р,К

В .Д, А, В, Р

С . А, Д, Е, К

Д . В, С, Е, Д

4. Бір тәулікте керек май мөлшері

А . 20г

В .30г

С. 40г

Д . 50г

5. 1 гр май толық ыдырағанда бөлінетін энергия

А . 35,6 кДж

В . 37 кДж

С . 34,9 кДж

Д . 38,9 кДж

6.Кит, морж, пингвиндердің май қабатының қызметі

А . жылау оқшаулау

В . электроқшаулау

С . майлау

Д . қор жинау

7. Суда жүзетін құстарда жақсы дамыған без

А . тер безі

В . «құйымшақ» безі

С . сүт безі

Д . жас безі

8.Қысқы ұйқыға кететін жануарларда жинақталады

А . «сары май»

В . «ақ май»

С . «қоңыр май»

Д . «қара май»

9..Ыстық климатта кейбір ағзалар сарышұнақтар, боз суырлар қызып кетуден сақтану үшін

А . денесіне су жинайды

В . май жинайды

С . тұз жинайды

Д . көмірсу жинайды

10.“Тірі консервілер”қызметін атқарады

А . нәруыздар

В . көмірсулар

С . липидтер

Д . майлар




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!