Материалдар / 5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест. Қола дәуірі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2023
291
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

006. Қола дәуірі

1.Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы

А) Мыс пен темір

В) Қалайы мен күміс

С) Алтын мен мыс

D) Күміс пен алтын

Е) Мыс пен қалайы

2.Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым.

А) Сатпаев

В) Ақышев

С) Марғұлан

D) Төлеубаев

Е) Алпысбаев


3.Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны

А) Қарқаралы, Ақшатау

В) Нарым, Қалба

С) Тарбағатай, Сауыр

D) Жезқазған, Ақшатау

Е) Қаратау жоталары

4.Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар

А) Астаулар

В) Шөміштер

С) Қазандықтар

D) Қалыптар

Е) Донна пештері

5.Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең

А) Полеолит дәуірі

В) Қола дәуірі

С) Неолит дәуірі

D) Темір дәуірі

Е) Мезолит дәуірі


6.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі

А) Қазандар

В) Саптыаяқтар

С) Көзе құмыралар

D) Кеселер

Е) Шыны ыдыстар


7.Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті

А) Беғазы

В) Дәндібай

С) Атасу

D) Қола

Е) Андронов


8.Қола дәуірінің ең алғашқы скерткіштері табылған жер.

А) Арқайым

В) Андронов

С) Беғазы

D) Боголюбов

Е) Петровка


9.Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны

А) 35-тен аса

В) 50-ден аса

С) 18-ден аса

D) 80-нен аса

Е) 100-ден аса


10.Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар

А) Андронов, Беғазы

В) Дәндібай, Атасу

С) Арқайым, Атасу

D) Петровка, Боголюбов

Е) Петровка, Қызылжар


11.Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ

А) Оңтүстік Қазақстан

В) Солтүстік Қазақстан

С) Орталық Қазақстан

D) Батыс Қазақстан

Е) Шығыс Қазақстан


12.Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым.

А) Ақышев

В) Массон

С) Алпысбаев

D) Герасимов

Е) Алексеев

13.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір

А) Неолит

В) Палеолит

С) Темір

D) Энеолит

Е) Қола


14.Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең

А) Неолит

В) Энеолит

С) Қола дәуірі

D) Палеолит

Е) Темір дәуірі


15.Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды

А) Шығысқа, Оңтүстікке

В) Солтүстікке, Батысқа

С) Батысқа, Оңтүстікке

D) Батысқа, Солтүстікке

Е) Солтүстікке, Шығысқа


16.Андроновтықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер

А) Тарбағатай, Қалба, Нарын

В) Қаратау жоталары

С) Атасу, Беғазы, Дәндібай

D) Алтай, Нарын, Зриян

Е) Таңбалы, Жасыбай, Хантау


17.Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі

А) Жер еден астындағы шұңқырда

В) Тыстағы ұраларда

С) Ет пен сүтті кептіріп сақтаған

D) Арнайы қыш құмыраларда

Е) Жердің бетінде салынған тұрақтарда


18.Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті

А) Андронов

В) Беғазы-Атасу

С) Беғазы-Дәндібай

D) Дәндібай-Қарасу

Е) Орталық Қазақстан


19.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы

А) б.з.б. 14-12 ғасырлар

В) б.з.б. 18-16 ғасырлар

С) б.з.б. 16-14 ғасырлар

D) б.з.б. 20-18 ғасырлар

Е) б.з.б. 12-8 ғасырлар


20.Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал.

А) Сиыр

В) Түйе, ешкі

С) Сиыр, жылқы

D) Жылқы, түйе

Е) Жылқы, қой


21.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл

А) 1926

В) 1946

С) 1938

D) 1954

Е) 1931


22.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым

А) Массон

В) Ақышев

С) Марғұлан

D) Гумилев

Е) Алпысбаев


23.Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері

А)Тау аңғарларында

В) Орман арасында

С) Өзендердің жағасында

D) Кез-келген жерде

Е) Жазық далалы аймақтарда

24.Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс

А) Шағалалы

В) Степняк

С) Атасу

D) Беғазы

Е) Алексеевка


25.Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған

А) Терімшіліктің дамуы

В) Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы

С) Рудың қалыптасуы

D) Малды қолға үирету

Е) Егіншіліктің паида болуы


26.Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі

А) Темір дәуірі

В) Мезолит

С) Неолит

D) Палеолит

Е) Қола дәуірі

27.Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары

А) Молдалар

В) Тайпа көсемдері

С) Ақсақалдар

D) Қариялар

Е) Абыздар


28.Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері

А) Ел басқару

В) Әскери істерді қадағалау

С) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау

D) Жер бөлу ісімен айналысу

Е) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу


29.Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары

А) Асыл тастар

В) Жыртқыш аңдардың азу тісі

С) Мал сүйегі

D) Қола салпыншақтар

Е) Алтын әшекей


30.Жеке меншік қалыптасқан дәуір

А) Қолада

В) Мезолитте

С) Неолитте

D) Энеолитте

Е) Соңғы полеолитте



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!