Материалдар / §7. Нәруыздардың құрамы мен қызметтеріне байланысты жіктелуі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§7. Нәруыздардың құрамы мен қызметтеріне байланысты жіктелуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
145
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №4


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу.

§7. Нәруыздардың құрамы мен қызметтеріне байланысты жіктелуі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу.

§7. Нәруыздардың құрамы мен қызметтеріне байланысты жіктелуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу.

Сабақтың мақсаты:

нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Қаныққан май қышқылы, қанықпаған май қышқылы, күрделі липидтер, май қышқылдары, гидрофобты, қаныққан майлар, қанықпаған майлар, майлардың қызметтері.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін атау.



«Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін анықтайды.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-суреттегі нәруыздардың түрлерін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж

Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Фибриллярлы нәруыздар

Глобулалы нәруыздар

Қарапайым нәруыздар

Күрделі нәруыздар

Нәруыз қызметтері

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

«Карусель»әдісі

Бір – бірімен бөліседі.

Теориялық материалмен өздерінің постерлерін ұштастыра отырып, «Карусель» әдісі арқылы әр топпен жұмыс жасату(әр топ өз материалдарымен басқа топтарды аралап түсініктеме береді

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.


1-топ. «Қарапайым және күрделі нәруыздар»

2-топ. «Нәруыздардың атқаратын қызметтері бойынша жіктелуі»

3-топ. «Нәруыздардың қорғаныштық қызметтері»


«Карусель» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Дескриптор:

- қарапайым және күрделі нәруыздарды салыстырады - 5 балл;

- нәруыздарды атқаратын қызметтері бойынша жіктейді – 5 балл;

- нәруыздардың қорғаныштық қызметтерін сипаттайды – 5 балл;


Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



А3,А4 формат қағазы, маркер

Бағалау

Жеке тапсырма:

1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі


2-тапсырма Суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін тауып, кестеге жауабын жаз.


3-тапсырма Тест

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.

Дескриптор :

- берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды- 2 балл;

- суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін дұрыс тауып, кестеге жауабын жазады-2 балл;

- тест тапсырмасын орындайды – 1 балл;

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері










Сабақтың соңы




Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Интерактивті панель, презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс

«Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы»

Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Оқушылардың назарын аудару. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Стоп кадр» әдісінде берілген нәруыздардың түрлерін атау.

Бағалау

1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі


Сипаттама

Ш

Ж

Нәруыздардың құрамына тек аминқышқылдары кіретін болса, мұндай нәруыздар қарапайым нәруыздар деп аталады



Гемоглобин тасымалдаушы күрделі нәруызға жатады



Нәруыз молекуласын ыдыратып, глицин және лейцин аминқышқылдарын алған Я.Беккорий



Бидай нәруызын – ұн құрамындағы желімтікті ашқан А Браконно



Нәруыз молекуласы арасында пептидтік байланыс болатынын ашқан Э.Фишер




2-тапсырма Суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін тауып, кестеге жауабын жаз.









шиыршықтәрізді, N-H және CO топтары арасындағы сутектік байланыс


микроглобула, кез-келген

конфигурацияға ие бола алады



тізбекке қосылған аминқышқылы, пептидтік байланыс


макроглобула, 2-3 немесе одан да көп нәруыз молекуласы біріккен кезде түзіледі




3-тапсырма Тест

1. Адам ағзасында ауыстырылмайтын аминқышқылдар саны

А. 6

В. 7

С .8

Д .10

2.Шаш, тырнақ, қауырсын кұрамына енетін нәруыздар

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Гемоглобин

3/Жарықты қабылдау процесіне қатысатын нәруыз

А .кератин,

В. глютелин

С. родопсин

4/Жиырылғыш нәруыздар:

А .Кератин, коллаген

В. Глютелин , гистон

С. эластин, фиброин

Д. Актин, миозин

5.Тасымалдаушы -нәруыз

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Гемоглобин

6. Түс беретін нәруыз

А .меланин

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Оссейн

7/Қан кұрамындағы глюкозаны реттейді

А. коллаген, эластин,

В.глютелин , гистон

С. кератин, фиброин

Д.инсулин , гликоген

8.Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздар

А.тромбин, фибриноген

В.. коллаген, эластин,

С.глютелин , гистон

Д. кератин, фиброин

9.Қанның ұюы процесінде маңызды рөл атқарады

А.тромбин, фибриноген

В.. коллаген, эластин,

С.глютелин , гистон

Д. кератин, фиброин

10/Сүйек нәруызы

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Оссейн







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!