Материалдар / §9. Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

§9. Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
90
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №6


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» §9. Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» §9. Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу.


Сабақтың мақсаты:

түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Нәруыздың бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісінде билетте берілген сұрақтарға жауап беру.


Нәруыз денатурациясын қалай түсінесіңдер?

Аминқышқылдарына дейін ыдыраған нәруыз молекулалары қайта қалпына келе ме?

Денатурацияның қайтымды процесі қалай аталады?

Ол қандай жағдайда мүмкін болады?

Билеттегі сұрақтарға жауап береді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация




Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Сабақтың ортасы




Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Денатурация

Ренатурация

Қайтымды денатурация

Қайтымсыз денатурация

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=FLh-vAm5KdY


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

«Биологиялық зертхана» әдісі.


2 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)»


Мақсаты: наруыз кұрылымына әртүрлі жағдайлардың әсерiн зерттеу.

Кұрал-жабдықтар, реактивтер: гликокол - 0,2н, метилрот - 0.2%, CuO - унтак.2H ерiтiндi NaOH, нәруыз ерітіндісі, 2н ерiтiндi HNO, 2H ерітінді NH_OH, ерітінді Pb(СН,СОО).формалин ерітіндісі 40%, жұқа шыны капиллярлар, сынауықтар және спиртшам.

«Биологиялық зертхана» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Зертханалық жұмысты жұмыс барысының реттілігі бойынша орындайды.



1 тәжірибеде нәруыздарды органикалық ерiтiндiлермен тұндырады.

2 тәжірибе қыздыру барысындағы нәруыздардың денатурациясына ұшырауын және тұнбаға түсуін анықтайды. 3 тәжірибеде нәруыздарды концентрацияланған минералды қышқылдармен тұндырады. Үш тәжірибенің қорытындысын жазады.

Дескриптор:

- 1 тәжірибеде нәруыздарды органикалық ерiтiндiлермен тұндырады – 2 балл;

- 2 тәжірибе қыздыру барысындағы нәруыздардың денатурациясына ұшырауын және тұнбаға түсуін анықтайды – 2 балл;

-3 тәжірибеде нәруыздарды концентрацияланған минералды қышқылдармен тұндырады – 2 балл;

- үш тәжірибенің қорытындысын жазады – 2 балл;

Интерактивті панель, презентация


https://www.youtube.com/watch?v=FLh-vAm5KdY


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



Бағалау

Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері






Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс

«Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау» келесі зертханалық жұмысты зерттеп келу.

Оқушылар үйге берілген келесі зертханалық жұмысты зерттеп келеді. Берілген тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Практикалық тапсырмалар беру.


2 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)»

Мақсаты: наруыз кұрылымына әртүрлі жағдайлардың әсерiн зерттеу.

Кұрал-жабдықтар, реактивтер: гликокол - 0,2н, метилрот - 0.2%, CuO - унтак.2H ерiтiндi NaOH, нәруыз ерітіндісі, 2н ерiтiндi HNO, 2H ерітінді NH_OH, ерітінді Pb(СН,СОО).формалин ерітіндісі 40%, жұқа шыны капиллярлар, сынауықтар және спиртшам.

https://www.youtube.com/watch?v=FLh-vAm5KdY


Наруызды кайтымсыз тұндыру кезінде олардың екінші, үшінші және төртінші реттік кұрылымы бұзылады, нәруыздар денатурацияланады және өздерінің биологиялык физика-химиялық қасиетiн жоғалтады. Наруыздардың денатурациясынын пайда болуына темендегідей физикалык және химиялык факторлар әсер етеді: температураның жоғарылауы, ауыр металдардың тұздарымен, концентрлі минералды қышкылдармен. әрекетке түсуі органикалык ерiтiндiлердiң және баскалардын узак уакытка созылган әсері. Денатурация көп жағдайда кайтымсыз болады, бірақ кейбір жағдайларда ренатурация - наруыз молекуласының бастапкы конформациясын және олардың табиғи қасиеттерін қалпына келтiру байқалады.

1-тәжiрибе. Нәруыздарды органикалық ерiтiндiлермен тұндыру. Бейтарап органикалык ерiтiндiлердi, мысалы, этанолды, ацетонды, хлороформды су-мен араластырып косу, көптеген нәруыздардың суда ерiгiштiк қасиетін төмендетедi және олардың тұнбаға тусуiне ыкпал етеді. Органикалык ерiтiндiлер нәруыз ерiтiндiлерiнiкі диэлектрлік тұрактылығын темендетеді, нәтижесiнде нәруыздардың агрегаттануына және олардың ерігіштігіне әсер ететін нәруыздык белшектердің арасындағы тартылыс арта түседі. Сонымен қатар органикалық ерiткiштер нәруыз молекулалары iшiндегi гидрофобты әрекеттесуді бұзады.Нәруыздарға органикалык ерiткiштермен теменгi температурада кыска уақыттық әсер ету олардың кайтымды тұнуын тудырады. Алайда нәруыздарды жоғары концентрациялы органикалык ерiткiштермен салыстырмалы түрде +20°С және одан да жоғары температурада кыздырғанда оның ұзақ уақытты әсерi нәруыз денатурациясын - кайтымсыз тұнуын тудырады.

Жұмыс барысы

1. 1 мл жумыртка альбуминіне 1,5-2 мл 96%-тік этил спиртін қосады да, сынауықты шайкайды. Нәруыздын ак тұнбасы туседі.

2. 1 мл жумыртка альбуминіне 1,5-2,0 мл 80%-тiк ацетон косады және сынауықты шайкайды. Нәруыз тұнбасы түседі.

2-тәжiрибе. Қыздыру барысындағы нәруыздардың денатурациясы. Нәруыздарды 50-60С және одан да жоғары температурада қыздырғанда олар денатурацияға ұшырайды және тұнбаға түседі. Ұйыған нәруыздар кайтадан ерiтiндiге ауыса алмайды, себебі қыздырганда нәруыздардын төртiншi, үшiншi және екінші реттік кұрылымдарының байланыстары бузылады, олардың физика-химиялық қасиеттері өзгереді, сонымен қатар олардың гидраттану касиетiнiң көрсеткiшi кемиді. Изоиондык куйде кыздыру барысында нәруыздар денатурациясынын дәрежесі жоғарылайды. Себебi изоиондык нукте көптеген нәруыздар ушiн әлсiз кышкылдық ортада орналаскан және кыздыру кезінде сол нәруыз ерiтiндiсiнiң аздаган кышкылдануы оның толық коагуляциялануына ықпал етеді.

Жұмыс барысы

Екі сынауыққа 1 мл-ден жумыртқа альбуминiнiң ерiтiндiсiн кұяды. Сынауыктардын бiреуiне 1%-тік сiрке қышқылынын 1 тамшысын қосады. Екi сынауықты да қыздырады.Ерiтiндi қышқылдандырылған сынауықта нәруыздын уюы жылдамырак журедi. Бақылау нәтижесiн және тұнбалар түсудегі айырмашылыкты түсiндiрiндер.

3-тәжiрибе. Нәруыздарды концентрацияланған минералды қышқылдармен тұндыру.

Концентрацияланған минералды қышқылдар (H_SO HCI, HNO3 және басқалар)нәруыздардын кайтымсыз денатурациялық өзгерісін тудырады, нәтижесінде нәруыз молекулаларынын агрегациясы пайда болады және тұнады. Минералды қышқылдардың денатурациялаушы әсері олардын нәруыздардың функционалдык топтарына әсерімен түсiндiрiледi. Минералды қышқылдар, мысалы, -С00-Tepic тобын COОН диссоцияциаланбаған топқа айналдырады, бул иондық байланыстардын бузылуына, полипептидтiк тiзбектердің тарауына алып келеді.Концентрацияланған минералды қышқылдардын узак уакыт әсер етуiнен наруыз гидролизі (пептидтiк байланыстардын узiлуi), сонымен қоса нитраттану реакциясы, тотығу,сульфаттану, конденсациялану және т.б. пайда болуы мумкiн.


Жұмыс барысы

Сұйықтықты араластырып алмау үшін, 1 мл концентрлі күкірт қышқылына абайлап,тартпа шкаф астында, сынауық қабырғасымен 1 мл жұмыртқа альбумині ерiтiндiсiн қосады.Екi суйыктыктын косылу шекарасында тұнбаға түскен нәруыздан ак сакина пайда болады. Концентрлi коспаны абайлап араластыру кезiнде тұнба жок болып кетпейді.



Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Shape1


Бағалау

Тапсырма

(а) Нәруыздың химиялық құрылысының ерекшелігін сипаттаңыздар:

1.1 суретті пайдалана отырып, амин қышқылдардың жалпы молекуласының химиялық құрылымын пайдалана отырып, бөліктерді әріппен белгілеу немесе дөңгелектеу арқылы анықтаңыздар:

Сур.1.1

Амин тобын көрсетіңіз ____________________________________________

Карбоксил тобын көрсетіңіз ________________________________________

Радикал тобын көрсетіңіз __________________________________________


(b) Нәруыздың қызметтеріне сәйкес келетін суреттер мен сипаттамаларды анықтаңыздар:



Нәруыздар қызметін баяндайын суреттері

Нәруыздардың қызметінің атаулары


Нәруыздардың қызметінің сипаттамалары

1

Құрылымдық

A

Нәруыздар – сигналдық (гормондар) және гормональді рецепторлардың қызметтерін атқаруға қабілетті.

2

Катализторлық

B

Негізгі нәруыз – бұл иммуноглобулин, эритроциттерде мембраналық гликолипидтермен бірге комплекс түзуге қабілетті. Ағзаны ауру қоздырғыштарынан және бөгде заттардан қорғайды.

3

Қозғалыс (жиырылғыштық)

C

Ақуыздар энергия көзі болады. 1 г нәруыздың соңғы өнімге дейін толық ыдырағанда 17.6 кДж энергия бөлінеді.

4

Тасымалдаушы

D

Коллаген, эластин, тірек-қимыл аппараты – сіңір құрамына кіреді.

5

Қорғаныш

E

Ақуыздардың ішіндегі ең көп тарағыны- ферменттер. Жасушадағы химиялық рекциялардың өтуін жылдамдатады.

6

Энергетикалық

F

Актин және миозин ақуыздары бұлшықеттің жиырылуына және басқа да биологиялық қорғаныш түрлеріне жауап береді.

7

Реттеуші

G

Жасуша мен ұлпалардың тұрақтылығын және пішінін ұстап тұруға жауап береді.

8

Тірек

H

Гемоглобин ақуызы – өкпе мен ұлпалар аралығында оттегін және көміртегі диоксидін тасымалдауға жауап береді.



Құрылымдық

Катализаторлық

Қозғалыс

Тасымалдаушы

Қорғаныш

Энергетикалық

Реттеуші

Тірек







8








А




Дескриптор

- нәруыздың химиялық құрылысының ерекшелігін сипаттайды;

- 1.1 суретті пайдалана отырып, амин қышқылдарының жалпы молекуласының химиялық құрылымындағы амин тобын көрсетеді;

- 1.1 суретті пайдалана отырып, амин қышқылдарының жалпы молекуласының химиялық құрылымындағы карбоксил тобын көрсетеді;

- 1.1 суретті пайдалана отырып, амин қышқылдарының жалпы молекуласының химиялық құрылымындағы радикал тобын көрсетеді;

- нәруыздың қызметтеріне сәйкес келетін суреттерді анықтайды;

- нәруыздың қызметтеріне сәйкес келетін сипаттамаларды анықтайды;



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!