Материалдар / А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы»

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтар жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
31
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

     

Бөлім:

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде

Педагогтің аты-жөні

Айғалиев Ербол

Күні:

14.02.2024 ж.

Сынып: 8 «Г», «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А. Байтұрсынов-«ұлт ұстазы»

Зерттеу сұрағы:

Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау


Сабақтың мақсаты

А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасына және қоғам қайраткері ретіндегі рөліне баға беру

Бағалау критерийлері

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретіндегі рөлін бағалайды

Тілдікмақсаттар

Негізгіұғымдар:«Әдебиет танытқыш», комиссар, элита т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Құндылықтарды

дарыту

Тәуелсіздік және Отаншылдық («Ой қозғау» әдісі. Тұлғаны тану.)

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

8 минут

«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі - үй тапсырмасын сұрау.
1) 1928 жылдың соңында тұтқындалған «Алашорданың» бұрыңғы қайраткерлеріне тағылған айып? (буржуазияшыл ұлтшылдар)
2) 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың нешеуіне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» айыптары тағылды? (8544)
3) 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да сотталып, ату үкімі орындалғандар саны (3 млн 777 мың, 643 мың)

4)ГУЛАГ азабынан 101 мың қазақстандықтар өтіп, олардың қаншасы жазықсыз атылды? (27 мыңнан астам)

5)Қазақстандағы тұтқындар азап шеккен лагерьлерді ата (АЛЖИР, ҚАРЛАГ, СТЕПЛАГ т.б.)

6)Орталығы Долинка ауылында болған ең үлкен лагерь (ҚАРЛАГ)

7)32 мың адамға арнап салынған ҚАРЛАГ лагерінде бір мезгілде қанша тұтқын ұсталды (74 мың)

8) 1938-1953 жылдар арылығында АЛЖИР-де қанша мыңға жуық тұтқын ұсталды? (20 мыңға жуық)

9) ҚР «Саяси жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң шыққан жыл (1993 ж. сәуір)

10)Бұл лагерьде С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, С.Қожановтың әйелдері және Т.Рысқұловтың отбасы азап шекті. (АЛЖИР)


«Ой қозғау» әдісі. Тұлғаны тану.

Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында ол жалғыз-ақ адам еді.

С.Сейфуллин


-түйінді сөзде кім туралы айтылады?

-түйінді сөз қандай ақпарат береді?

-түйінді сөздің құндылығы неде?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады.

Зерттеу сұрақтарымен таныстырылады.

Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Оқушылар парта бойынша 3 топқа бөлініп отырады.




Сұрақтарға жауап береді

















Жаңа тақырыпты ашу мақсатында берілген түйінді сөзді оқып сұрақтарға жауап береді.












ҚБ «Мадақтау»


Тақырыптық суреттер


1-слайд





2-слайд










3 слайд

Жаңа сабақ

15 минут








4 минут






7 минут




























4 минут








Бейне түсіндіру

Оқулықтағы мәтінмен, қосымша ақпараттармен танысу.

Мәтінмен жұмыс. Тізбектеп айту стратегиясы
І топ. Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының қалыптасуы
ІІ топ.
Саяси қызметі
ІІІ топ. Әдеби мұрасы мен ғылыми ағартушылық қызметі.


Жұптық жұмыс. «Таңда да таста» стратегиясы.

Сөздер: Күңше, Бәдрисафа, «Қарқаралы петициясы», "Қазақ" газеті,Төте жазу, «Оқу құралы»,«Қырық мысал»,«Маса», Реформатор

Жеке жұмыс. 1-тапсырма. «Ақиқат/Жалған» кестесі

Анықтама

Ақиқат

Жалған

1. Ахмет Байтұрсынов – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес идеясымен байытқан ақын.

+


2. Ахмет Байтұрсынов басынан Кеңес билігі жағында болды.


+

3. Ахмет Байтұрсынов халыққа білімді және мәдениетті болуды насихаттап, ғылымға шақырды.

+


4. 1920 жылдары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және тағы басқалары қызметтен босатылды.

+


5. Кеңес өкіметі Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сияқты қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерін қорғап-қолдау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады.


+

6. А. Байтұрсынов бастаған қазақ автономист жетекшілері Кеңес өкіметінің өздеріне деген сенімін ешқашан пайдаланбады, ал бұл жағдай қазақ зиялыларының арасындағы келіспеушіліктерді одан әрі шиеленістіріп жіберді.

+


7. А. Байтұрсынов араб графикасы негізінде «төте жазу» – қазақ әліпбиін құрастырды.

+


8. А. Байтұрсыновтың қажырлы еңбегі арқасында қазақ халқының сауаттылығы артып, ұлттық мектептің берік іргетасы қаланды.

+


9. А. Байтұрсыновтың «төте жазуында» 42 әріп болды.


+



2-тапсырма. Еңбектерге қатысты ақпаратты жікте.

«Қырық мысал»

«Жаңа емле»

1,4


2,3

1)Крыловтың мысалдарына негізделді
2)
XX ғасырдың басы мен 1929 жылға дейінгі аралықта қолданыста болды
3)
Осы еңбегіне байланысты А.Байтұрсыновты «қазақ тілінің реформаторы» деп атады
4)
Қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуды мақсат етті

Бейнеролик көреді

Дескриптор:
А.Байтұрсынұлының тұлғасының қалыптасу кезеңін анықтайды;

-А.Байтұрсыновтың саяси қызметін бағалайды;

-Әдеби мұрасы мен ғылыми ағартушылық қызметі талдайды


Дескриптор:
-
Жұптар бүктелген қағазды ашып, ішіндегі сөздердің бүгінгі тақырыпқа сай мағынасын ашады


Дескриптор:
1/2/3/4/5/6/7/8/9 - ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды.





















Дескриптор:

Еңбектерге қатысты ақпараттарды бос ұяшықтарға жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


«Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды



ҚБ Мадақтау


ҚБ дұрыс жауапты көру арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды


4 балл


балл

баға

7-8

5

5-6

4

3-4

3





4 балл

https://www.
youtube.com
/watch?v=I6
WAWEVFfvs

4-слайд,

Оқулық, қосымша ақпараттар.


5-слайд




6-слайд

ҚБ парағы









7-слайд





8-слайд




Қорытынды
7 минут




Сабақты бекіту . «РОМБ» әдісі
Берілген жылдарда болған тарихи оқиғаларды баяндау


1873 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келді.

1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер даялайтын төрт жылдық училищені аяқтады.

1909 жылы Семей түрмесіне жабылды.

1910 жылы 19 наурыз А.Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге Орынбор қаласын жер аударды.

1913 жылы 1 ақпан күні Орынбор қаласында "Қазақ" газетінің бірінші саны жарыққа шықты.

1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде жұмыс жасады.

1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынборда салтанатты түрде аталып өтілді.
1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.

1929 жылы Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді.


Кері байланыс. «Мұғалімге смс» әдісі.

- Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды!
-Мен сабақты жақсы түсіндім!

- Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек!

Дескриптор:

Оқушылар берілген жылдарда болған тарихи оқиғаларды баяндайды












Тақырып бойынша не білетінін, не үйренгенін, ұсыныстарын жазады



ҚБ Қолпаштау












Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

9-слайд

стикер

конверт

















10-слайд

Үй тапсырмасы

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» Эссе



11-слайд

















1-тапсырма. «Ақиқат/Жалған» кестесі

Анықтама

Ақиқат

Жалған

1. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалады.

+


2. Ахмет Байтұрсынов – Қазақстан тарихы оқулығының тұңғыш авторы.


+

3. Ахмет Байтұрсынов – «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі.

+


4. Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға өз үлесін қосты


+




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!