Материалдар / Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ (ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
29
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігін дамыту


Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ (ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мєн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын. Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады (сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.























1.Фонетикалық ойындар.

Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.

Аралар ойыны

Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.

Ойын барысыМұғалім екі араны таныстырады. Ағылшын арасы [ð] деп (тілімізді тістеп «з» деп айту) ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ] деп ызылдайды. Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр. (кезек-кезек [ð], [ʒ] деп айту)


2.Лексикалық ойындар

Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.

Алтыншысын ата

Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады. Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды. Мысалы, 5 спорттың түрі, 5 мамандық, 5 мектеп құралдары, 5 жануар т.с.с. Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды. Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады. Біраз ойланып айтса, бұрынғы адам бола береді.

Мысалы: a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]


3.Грамматикалық ойындар

Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын бекіту.

Күн мен түн ойыны

Ойын барысы: Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day» дегенде тапсырманы орындайды.

Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.

Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады, оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.

Мысалы: T: «мысық» , P: «a cat»;

T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;

T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді»,

P: «a cat likes to play with a ball»;


4.Орфографиялық ойындар

Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру

Гусеница (қуыршақ) ойыны

Құрал-жабдықтар: магнит, әріптер жазылған дөңгелектер.

Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар. Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған. Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос), қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.

Ереже: барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек. Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек. (сурет 4.)

Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

Білім беру сапасы артады

Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

Қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

Оқушы белсенділігі артады

Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен, қиындықтар азайады. Себебі, ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана , біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!