Материалдар / Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі білім алушының сөйлеу әрекетін дамытуға, сондай-ақ оның коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мақсатында жаңартылған білім мазмұнынан негізделген материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін ашу.
Авторы:
18 Қырқүйек 2024
36
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі













Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Осыған орай, ағылшын тілін жаттығулар мен тапсырмалар видео материалдар арқылы оқытудың тиімділігін көрсету жұмыстың өзекті екенін көрсетеді. Интернет ресурсты пайдалана отырып, білім алушының қызығушылығын, оның дүнитанымын кеңейтуге жағдай жасау.

Оқыту процесі, әсіресе, тіл үйрету өте күрделі де қиын жұмыс. Ол ақпараттарды жүйелеу мен қабылдаудан, таным мен түсініктен, бақылау мен анықтаудан, өңдеу мен салыстырудан, есте сақтау мен ізденуден тағы басқалардан тұрады.

Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.

Заманауи оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Заманауи оқытудың көздейтін мақсаты оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар, өрнектеу (моделирование), диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т.б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.

Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі сөйлеу қызметінің барлық түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша дағдылар мен қабілеттерді дамытуды көздейді. Оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы тақырыптар аясында қарым-қатынас жасаудың қарапайым білігін қалыптастыру үшін базалық қабілеттер мен дағдыларды жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді.

Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі білім алушының сөйлеу әрекетін дамытуға, сондай-ақ оның коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мақсатында жаңартылған білім мазмұнынан негізделген материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін ашу.

Ағылшын тілін меңгерудің заманауи әдістемесі ағылшын тілін дәріптейтін арналарға салыстырмалы талдау жүргізеді, дыбыс-бейне жазу құралдары туралы қолда бар ақпаратты қорытып және оларға әдістемелік сипаттама береді.

Сондай-ақ жаттығулар мен тапсырмаларды жаңашаландыра отырып шет тілін оқытуда жаңа әдіс ретінде пайдалануды қарастырып, ағылшын тілі сабақтарында интернет-сайттармен түпнұсқалық бейнематериалдарымен жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайды.

Заманауи оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше бұрыннан бар дағды, әдістерді басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірибеде қолданады. Бұдан ұтатынымыз тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға, қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым- қатынас жасай білуіне ықпал етеміз.

Жулаева Арухан Лесбаевна

«Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!