Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Әмір Темірдің басқыншылық
жорықтары
• Әмір Темір кім: Ол монғолдың түркіленген барлас
тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. 1336-1405
жылдар арасында өмір сүрген. Әмір Темір 1370 жылы
Мауаранахрды басып алып, 35 жыл бойы жеке дара билік
жүргізген, Шыңғыс ханның ұрпағы болмағандықтан
билеуші ретінде әмір атанған. Өзінің әкесі Самарқан
қаласына жақын Куш қаласының билеушісі болған. Кейін
өзі де билікке араласып, Мауаранахр үшін Моғолстан
ханы Ілияс Қожамен шайқасып, 1365 жылы «Батпақ
шайқасында» жеңіліс тапқанымен, кейін үздіксіз
соғыстардың нәтижесінде Мауаранахрды өзіне қаратады.
Территориясы: Бастапқыда Мауаранахр жері, яғни
Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығы. Кейін
басқыншылық жорықтардың нәтижесінде Алтын Орда,
Ақ Орда және Моғолстан мемлекеттерінің жерлері қол
астына қарайды.
•
• Басқыншылық жорықтары:
Әмір Темір басқыншылық жорықтарын өзінің
•
көршілес мемлекеттері Алтын Орда, Ақ Орда және
Моғолстан мемлекеттеріне бағыттайды. Алтын
Орданың жерін басып алудан бұрын оның өзіне жақын
жатқан бөлігі Ақ Орданы әлсіретуді көздейді. Ол туралы
Ақ Орда тақырыбында толығырақ жазылған.
• Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер
аттандырды. Алмалық қалаларына дейін
жетіп,
Title text addition
керейіттерді талқандап, ал Әмір Темір өзі Ыстықкөл
өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық
жасап, ішкі аудандарына келешекте жасалатын
жорықтардың бағдарламасы болған еді. Ол
Моғолстанға 1372-1390 жылға дейін он шақты рет жорық
жасаған. 1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты
қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың
text addition
адамдық әскер Title
аттандырып,
1377 жылы Қаратау
етегіндегі Бұғым шатқалында екі рет күйрете жеңеді.
Әмір Темірге жеке дара қарсы тұра алмайтынын
түсінген Моғолстан 1380 жылы Ақ Ордамен одақ құруға
әрекет жасайды
The use r ca n d e mo nstra te o n a p rojecto r o r
co mp ute r, o r p ri nt the p rese nta tio n a nd ma ke it
fi lm
The use r ca n d e mo nstra te o n a p rojecto r o r
co mp ute r, o r p ri nt the p rese nta tio n a nd ma ke it
fi lm
• алайда оны біліп қойған Әмәр Темір 1384-1391 жылдар
аралығында Алтын Орда және Моғол жеріне бірнеше рет
жорық жасап, Моғолстанның түкпір-түкпіріне 120 мың
әскер аттандырып, нәтижемінде 1390 жылдары Моғолстан
Темірге толық тәуелділікке түсті.
•
Әмір Темір жорықтарының зардаптары:
•
Әмір Темірдің жорықтары 1405 жылы Отырар
•
қаласында қаза болуымен аяқталады. Оның қазақ жеріне
жорықтары мәдениет пен экономикалық дамуына
зардаптарын тигізді.
• Шапқыншылық салдарынан ауа көшу, қоныс аудару
күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып
қалыптасу жүйесін бұзды. Алайда Әмәр Темірдің
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауиге арнап
кесене салғызғанын айта кетуіміз керек. Ол туралы
бірнеше аңыз бар. Аңыз бойынша Темірдің әмірімен
Түркістан қаласында ислам дінінің сопылық бағытының
негізін қалаушы ғұлама Қожа Ахмет Йассауиге арнап
кесене тұрғызбақшы болады. Бірақ кесене салынып
жатырған кезде күнде таңда бір бұқа мүйізімен түйіп,
кесенені қиратып кететін көрінеді.
• Осы жағдайға куә болған жергілікті ақсақалдардың
кеңесімен алдымен Қожа Ахмет Йассауидің пірі, ұстазы
Арыстан бабқа кесене тұрғызып, сосын барып келесі
кесенені Қожа Ахметке соқтырады. XIV ғасырдың аяғында
салынған қасиетті кесене әлі күнге дейін өз келбетін сақтап
тұр. Еліміздің тұғырын биік ұстаған хандары мен тәуелсіздігі
үшін соғысқан батырлар да осы жерде жерленген.
Әмір Темір Шыңғыс ханнан кейін әлемді дүр сілкіндірген
•
жаулап алушы. Оның өмірі мен соғыстары туралы
зерттеулер көп жүргізілген. Осындай зерттеулер желісімен
оның жерленген жері зерттелмек болып зерттеушілер тобы
құрылады. КСРО зерттеушілері Темірдің қабірін зерттемекші
болды. Алайда оның қабірінің сыртындағы жазуына көңіл
бөлмеді.
Ол жерде қабірді ашуға болмайтындығы, ашқан
жағдайда үлкен қасіретке душар болатындығы туралы
жазылған болатын. Зерттеушілер жергілікті ақсақалдардың
да сөзін тыңдамай қабірді ашып, оның мүрдесін КСРО-ның
орталығына жібереді. Дәл осы күні елге үлкен қасірет Ұлы
Отан соғысы басталған еді. Кейін зерттеушілердің біреуі
осы жазу туралы ойланып, бұл әңгіме Сталиннің құлағына
тигеннен кейін Әмір Темір мүрдесі қайта жерленеді.
Сәйкестік пе әлде ақиқат па сол жылы соғыс аяқталып,
КСРО жеңіске жетеді.
•
Рахмет
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз