Материалдар / Ашық сабақ.5-сынып.математика.Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ.5-сынып.математика.Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына дайын презентация,қмж,үлестірмелер т.б
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2024
194
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3.В Ондық бөлшектерге және оларға амалдар қолдану

Күні:

«Тексерілді»……………………………………….

Сынып:5,математика

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.27.Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін білу,

Басым көпшілігі: ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін қарапайым амалдар орындауда қолдану ,мәтін есепке санды өрнек құру,қарапайым теңдеулерді шешу

Кейбір оқушылар: ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін күрделі есептер шығаруда қолдану,күрделі теңдеудің түбірін табу,өрнекті ықшамдап,оның мәнін табу,

Бағалау критерийлері

-Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін біледі

-Ондық бөлшектерге қосу және азайту ережесін күрделі есептер шығаруда қолданады,мәтін есепке санды өрнек құра алады, қарапайым теңдеулерді шешеді

-Ондық бөлшектерге қосу және азайту ережесін күрделі есептер шығаруда қолданады,күрделі теңдеудің түбірін табады,өрнекті ықшамдап,оның мәнін табады

Тілдік мақсаттар

-Ондық бөлшектерге қосу және азайту амалдарын қолдану алгоритмін ауызша түсіндіре алады.

Екі ондық бөлшекті қосу (азайту) үшін ..................... керек.

Пәнге тән лексика мен терминология:ондық бөлшек,ондық таңба,үтір,бүтін бөлігі,бөлшек бөлігі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылған сандар болғандықтан,оларды қосу.....

- ондық бөлшектерді қосу және азайтуда аттас разрядтар.......

-ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың......

Құндылықтарды

дарыту


Топтық жұмыс арқылы ұжымшылдық,көшбасшылық,ортақ істің нәтижесінде жауапкершілікпен қарау,ортаға бейімделу,жеке жұмыс арқылы жауапкершілік арту,тәжірибеде қолдану,өмір бойы білім алу,өзін өзі реттеу.

Пәнаралық байбайланыстар

Сызу,география,жаратылыстану,әдебиет,ағылшын тілі,орыс тілі

Бастапқы білім


Қосудың қасиеттері,ондық бөлшектерді оқу,жазу,салыстыру,ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасы

(Білу)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,түгелдеу,денсаулықтарына көңіл бөлу

«Досым саған тілерім» сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Стикерге жазылған сандар арқылы үш топқа бөлу

1топ- «Жай бөлшек», 2топ-«Ондық бөлшек», 3топ-«Натурал сан»

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы өткенді қайталау.

1.Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

2.Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

3.Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?

4.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ..................

5.Бөлімі 10 санына еселік болатын санды қалай жазуға болады?

6.Бөлшектің ондық жазылуында үтірден кейін қанша цифр болуы керек?

7.Егер ондық бөлшектің оң жағына нөлді тіркеп жазса бөлшек өзгере ме?

Дескриптор:

-ондық бөлшектің анықтамасын айтады;

-ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылатынын біледі;

-ондық таңбаны ажырата алады;

-ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде,жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу алгоритмін біледі;

Оқушылардың ондық бөлшектерді салыстыру,координаталық сәуледе кескіндеу ережесін қорытындылауға тапсырмалар

Бағалау:смайликтер арқылы (графикалық),ауызша (мадақтау)

1-тапсырма:«Артық - Кем» ойыны.(Жеке жұмыс) Оқушыларға ондық бөлшектер жазылған бірнеше үлестірме таратамын және кез-келген ондық бөлшекті және «артық» немесе «кем» сөздерін айтамын. Егер «артық» десем, оқушылар мен берген саннан артық сан жазылған үлестірмелерін, ал «кем» десем, аталған саннан кіші сандары бар үлестірмелерін көтереді

1,95

0,28

1,8

1,4

2,22

1,125

6,30

0,013

0,6

2,13

8,29

11,1

0,12

5,8

35,12

90,05

3,17

3,24

35,327

4,45

3,8

4,8

42,93

9,1

Дескриптор:

-Ондық бөлшектен үлкен не кіші екенін разрядтары бойынша салыстырып айта алады ;

Бағалау: ауызша (мадақтау)

2-тапсырма: «Үштік» әдіс.Бірік, ойлан, бөліс (Топтық жұмыс)

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды

1-топ:Ондық бөлшектерді координаталақ сәуленің көмегімен салыстырыңдар:

Мына ондық бөлшектердің арасында орналасқан натурал санды тап.

а)8,5<х<9,5; б) 0,23<х<1,7; в) 9,99<х<10,1

2-топ: Координаталақ сәуледе нүктелермен кескінделген ондық бөлшектерді сәуленің төменгі жағына ондық,жоғары жағына жай бөлшекпен жазыңдар.

3-топ: Координаталары 0,1;0,25;0,5;0,75;0,8 бөлшектеріне тең нүктелерді координаталақ сәуледе белгілеңдер.Белгіленген нүктелерді сәуленің төменгі жағына ондық,жоғары жағына жай бөлшекпен жазыңдар

Дескриптор:

- координаталық сәуледе ондық бөлшектің бүтін бөлігі, ондық үлестері және жүздік үлестері қалай кескінделетінін анықтай алады;

-өзара тең ондық бөлшектер координаталық сәуледе бір нүктемен кескінделетінін көрсете алады;

- координаталық сәуледе кіші ондық бөлшек сол жақта,үлкені оң жақта орналасатынын білу арқылы салыстыра алады

- ондық бөлшектердің арасында орналасқан натурал санды ойша таба алады;

-ондық бөлшектерді дұрыс оқи алады

Бағалау:топтар бір-бірін қошеметтеп қол соғу арқылы бағалайды

Оқулық,

жұмыс дәптерлері,

Слайд-1

сандар жазылған

қима қағаздар


слайд-2















Слайд-3


Жауап үлгілері


Ондық бөлшектер жазылған қима қағаздар






Слайд 4,5,6




А2 парақша,

маркер



Сабақтың ортасы

20 минут

Жаңа сабақ

(Түсіну)





















Талдау
















Қолдану,Жинақтау

Есептер шығару















Бағалау





Өте ерте заманда адамдардың заттарды санауы қажет болғандықтан натурал сандар, одан кейін нәрселерді тең етіп бөлу қажеттігінен жай бөлшектер пайда болды.Техника, өндіріс,сауданың өсуіне байланысты тез және дәл үтірлер арқылы есептелінетін ондық бөлшектер қолданылды.

Орыстың ұлы математигі Магницкий:

«Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа еш жан салмасаң

Бөлшекке келсең бұғынып,

Жауабын таба алмасаң,

Есепке мықты демелік,

Бөлшекке көңіл бөлейік»

Ал, Рим жазушысы Цицерон

«Бөлшекті білмейінше,математиканы білемін деп ешкім айта алмайды!» деген екен.Сондықтан балалар натурал сандарға амалдар қолдануды қанша білсек те ,бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесек болмайды. Яғни ондық бөлшектерге де натурал сан мен жай бөлшектер сияқты қосу,азайту,көбейту,бөлу амалдары қолданылады.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

Мақсаты: 5.1.2.27.Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.

«Тыңдау ережесі» бойынша электронды оқулықтан ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың алгоритмімен танысады

Сергіту сәті:Ондық бөлшек сөзінен сөздер құрау


Оқулықтағы берілген есептерді «Баспалдақ» әдісі бойынша

деңгейлеріне (төмен,орта,жоғары) қарай жеке тақтада «Күн шуағы» ойыны

арқылы орындайды

Ойын шарты:Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі. Оқушылар қатар-қатар тұрып, әрбір күннің шуағындағы бір тапсырманы орындайды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады.

Дескр

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!