Материалдар / Ашық сабақ Өсімдіктердің вегетативті көбеюі 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Өсімдіктердің вегетативті көбеюі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар, «Өсімдіктердің вегетативті көбеюі» тақырыбында өткен ашық сабақтың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2024
133
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мүсілім Еркежан Ғабитқызы

Қызылорда қаласы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті»

Химия-биология БББ студенті


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

«ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЮ ТӘСІЛДЕРІ»


Бөлім:

Көбею. Өсу және даму

Педагогтің аты-жөні:

Мүсілім Еркежан Ғабитқызы

Күні:

22.04.2024ж

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс

«Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.2 - өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар вегетативті көбею тәсілін біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Өзіме және көршіме” әдісі арқылы оқушылардың көңіл күйін көтере отырып жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушыларға жағымды эмоция сыйлап, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушылар көңілді тапсырмаларды орындау арқылы ашылады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Қытырлақ картоп» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарына жауап алынады. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Жаңа тақырып бойынша “Joyteka” платформасынан видеоролик көрсетеді.

Оқушылар видеороликті қарайды.



1. Қандай көбеюді вегетативті көбею дейді?



2. Неліктен бақшалықта вегетативті көбеюді жиі пайдаланады?



3. Телу деген не? Оны бақшалықта қандай мақсатпен пайдаланады?



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.





Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



















Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.




1-тапсырма.

Оқушыларды жұпға бөліп «Адасқан суреттерді топтастыру» тапсырмасын орындау шарттарын түсіндіреді

Жұптық жұмыс:

Оқушылар жұпға бөлініп, адасқан суреттерді постерге орналастырады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.



Постерлер, желім, суреттер







2-тапсырма.

Топтастырылған суреттер бойынша тапсырма береді, орындалуын бақылайды

Топтастырылған суреттер бойынша олардың артықшылықтары мен ерекшелітерін постерлерге түсіреді, өз жұмыстарын қорғайды



Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- суретті пайдалана отырып тапсырмаларды орындайды.

Постер, маркер













3-тапсырма.

Оқушыларға «LearningApps» платформасында тапсырма орындатады

Жеке жұмыс:

Оқушылар берілген уақыт ішінде платформадағы тапсырманы орындайды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.






Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Ұялы телефон» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар «Ұялы телефон» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды және

Мұғалімге бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс береді.

Мұғалім оқушыларды «Эмодзи» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!









Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.











Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!