Материалдар / авторлық бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
1289
28 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат 5 сынып оқушыларын «Өлкетану» таңдау курсын дайындау барысында оларға өз өлкелерінің тарихының қалыптасуы жайында жүйелі түрде түсіндіру. Өлкетану дегеніміз – туған өлкені жан-жақты зерттеп білу. Өлкетанудың басты міндеттері – өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау. Сол жердің тарихын зерттеумен айналысатын археолог, этнограф, тарихшы т.б. мамандарға көмек көрсету. Бұл сендердің болашақтарың үшін, Отанымыз үшін зор үлес болып есептеледі. Халық арасынан шыққан өлкетанушылар туған өлкелерінің тамаша білімпазы болған. Олар өздерінің тарихи-географиялық білімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Ерте замандардан бері өлкетанушылар өз халқының мәдениетін, тарихын сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке жетелеген. Қазақ халқы жер-су атаулары мен олардың қасиеттерін, ата-бабалардың ескілікті қорымдары мен зираттарын қадірлеген. Көне жырлар мен нақыл сөздерді білетін адамдарды аса құрметтеген. Тарихи өлкетану XVIII ғасырдан бастап жеке ғылым ретінде қалыптасқан. Орыс патшасы I Петр 1713 жылы қаулы шығарып, қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешкен. Сонымен қатар олардың қай жерде, қандай жағдайда табылғандығын жазып алу міндеттелген. Осылайша Ресейде алғашқы мұражай «Кунсткамера» ашылды. Өлкетану – археология, ономастика, мүрағаттану сияқты тарих ғылымының салаларымен тығыз байланысты. Жер, адам есімдері, ру атаулары т.б. жайдан-жай қойыла салмайды, олардың әрқайсысының өз тарихы, өз мәні бар. «Өлкетану» таңдау курсының жүргізілуі оқушыларға өз өлкесінің тарихын оқытуға үйретеді. Өлкесінде туып-өскен батырлармен, танымал қайраткерлермен танысып, өзінің ата-бабаларының тарихымен танысады.

Оқытудың мақсаты: - Оқушыларға кешегісіз бүгіннің жоқ екенін, ал бүгінсіз ертеңнің жоқ екенін тарих пәні арқылы түсіндіру. Осы пәнді оқытудың мақсаты – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, өз өлкесінің өткен тарихының жетістіктерімен таныстыру, тарихқа сын көзімен қарай отырып келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару. Міндеттері:-Іскерлік пен мәдени дағдыны қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.-Өз беттерінше ізденіп, зерттеп, талдай білу қабілетін дамыту, жүйелі ойлауды қалыптастыру.-Тұлғаның жеке мүддесін ескере отырып, халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқытып үйрету.

Күтілетін нәтиже:-Оқушының дүниетанымы артады;-Сабаққа деген қызығушылығы оянады;-Өз өлкесін қорғауға, аялауға үйренеді;-Оқушылардың білімге деген ынталығын арттырады;-Өлкесінің тарихын іздену арқылы өлкесін мақтан етеді.





Оқушылардың білім және біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптар:1.Конспект, баяндама жасау, дебат сабақтар өткізу, өз пікірлерін дәлелдеу;2.Өз өлкесінің даму тарихы туралы мәселелерін талдап, сөз жарыстар өткізу;3.Оқушыларға рефераттар жаздырып, өзіндік жұмыстар орындату т.б.

Пән аралық байланыс:1.Қазақстан тарихы;2.География;3.Қазақ әдебиеті



Оқу курсының мазмұны:

1.Өлкетану әлемі ( 9 сағ.)Таңдау курсына кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері. Өлкетанудың өлке тарихын зерттеуі. Деректер – тарих негізі. Өлкеміздің картасы. Тараз – көне қалалардың бірі. Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы. Жамбыл облыстарының аудандарымен таныстыру.2.Өлкеміздің тарихы ( 13сағ.)Ақыртас кешені. Орта ғасырлық Бектөбе қаласы. Ботамойнақ үңгірі. Қамыстыбұлақ құпиясы. Ақбұлым көне жәдігерлерге бай.Ақкөл – Айнакөл. Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы. М.Қашқари, Ж.Баласағұн. Ұлы жүздің биі – Төле. Елдің атын шығарған ерлері бар. Қойгелді батыр.3.Таңғажайыптар әлемі ( 12 сағ.)Айша бибі кесенесі. Қарахан кесенесі. Тектұрмас кесенесі. Атаулар осылай туған. Ы.Дүкенұлы – дәлескер күйші. Наным – сенімдер. Б.Момышұлы. Көшелер тарихы. Қайталау.



























«Өлкетану» таңдау курсының оқу- тақырыптық жұмысының күнтізбелік жоспары5 – сыныпЖылдық сағат – 34Апталық сағат – 1

Рет №Сабақ №Сабақ тақырыбысағатмерзіміӘдебиеттер,әдістемелік құралдар




І Өлкетану әлемі9







І тоқсан 9сағат





11Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті1



22Өлкетанудың өлке тарихын зерттеуі1



33Деректер – тарих негізі1



44Өлкеміздің картасы1



55Тараз – көне қалалардың бірі1



66Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы1



77Жамбыл облысының халқы, табиғаты мен экономикасы1



88Жамбыл облыстарының аудандарымен таныстыру1



99Қайталау1







ІІ Өлкеміздің тарихы13







ІІ тоқсан 7 сағат





101Ақыртас кешені1



112Орта ғасырлық Бектөбе қаласы1



123Ботамойнақ үңгірі1



134Қамыстыбұлақ құпиясы1



145Ақбұлым көне жәдігерлерге бай1



156Ақкөл - Айнакөл1



167Қайталау









ІІІтоқсан 10сағат





171Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы1



182Өлкедегі мәдениеттің дамуы және Ұлы Жібек жолы1



193М.Қашқари, Ж.Баласағұн1



204Ұлы жүздің биі - Төле1



215Елдің атын шығарған ерлері бар1



226Қойгелді батыр1







ІІІ Таңғажайыптар әлемі12



237Айша бибі кесенесі1



248Қарахан кесенесі1



259Тектұрмас 1



2610Атаулар осылай туған1







ІVтоқсан 8сағат





271Атаулар осылай туған1



282Ы.Дүкенұлы – дәлескер күйші, қобызшы1



293Наным - сенімдер1



304Б.Момышұлы1



315Көшелер тарихы1



326Көшелер тарихы1



337Қайталау1



348Қорытындылау1



























Тәжірибелік бөлім:1.Топпен жұмыс;2.Пікір сайыс;3.Ізденіс зерттеу;4.Конференция.





Оқытудың бағалау жүйесі:

1.Реферат;2.Тест;3.Сөз жұмбақ;4.Ребус.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:1.Тарихи таным. Б.Қожабекұлы Алматы, Атамекен баспасы 19942.Қазақ мәдениеті энциклопедиялық-анықтамалық Алматы, Аруна баспасы 2005ж3.Түрік әлемі Қ.Салғараұлы Астана, Елорда 2000ж4.Түркі халықтарының тарихы 3-кітап. К.Аманжолов Алматы, Білім баспасы 19995.Жамбылская область К.Рыспаев Тараз, Сенім баспасы 20066.Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамасы Р.Сырғабаева Тараз қаласы 2007 7.Өркені өскен өлке Жамбыл ауданы. – Алматы, 20088.Өрені өскелең Байзақ өңірі. – Алматы: Мектеп баспасы, 2007Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан тарихы. 1-ші том. «Атамұра» баспасы 1996ж. Алматы 2.Нығымет Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы. «Жалын» баспасы, 1994ж. Алматы 3.Көкіш Рысбаев. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы. «Санат» баспасы 1999ж.4.М.Мырзахметұлы. «Қазақ топонимдері мен антропонимдері»5.Ж.Дәдебаев. «Талас аңыздары». Алматы. 2002ж.6.А.Досымбаева. «Меркі – Жетісу түркілерінің киелі жері», «Сенім», Тараз 2000ж.7.Н.Мұхаметханұлы – Тарихи зерттеулер. Алматы. «Жалын» баспасы 1994ж.8.«Ұлы Жібек жолы және Тараз» К.Байпақов, К.Байбосынов
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!