Материалдар / Батыс Түрік қағанаты ҚМЖ 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Батыс Түрік қағанаты ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Батыс Түрік қағанаты. Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2024
104
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер


Бөлім:

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6. 3. 1. 2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Сабақтың мақсаты

Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарының даму ерекшеліктері мен ұқсастықтары және айырмашылықтарын түсіну.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: ябғу, шад, елтебер, тархан, бұйрық, қара бұдун, тат ұғымдарының кемінде 4-уінің мағыналарын біледі;

Қолдану: Түрік, Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының жер аумағын кескін картада белгілейді;

Талдау: Қағандардың жүргізген саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, талдайды.

Тілдік мақсаттар


VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы мәтін оқытылады (оқылым)

Сұрақтар бойынша жауап жазады (жазылым).

Тақырып бойынша сыныпта өзара пікір алмасады (айтылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ябғу, шад, елтебер, тархан, бұйрық, қара бұдун, тат

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Түркі қағанаттарынының сыртқы саясатының негізгі бағыттары...

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

География, дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдері мен ерекшеліктерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин










3 мин






1 мин




2 мин

  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  • Үй тапсырмасына қысқаша тоқталу;

  • Оқушыларды 3 топқа бөлу:

1-топ: Бумын қаған (Түрік қағанаты)

2-топ: Шегу қаған (Батыс Түрік қағанаты)

3-топ: Білге қаған (Шығыс Түрік қағанаты)


Үй тапсырмасының сұрақтары

  • Түріктер туралы мәліметтер қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі;

  • Түрік қағанаты қашан құрылды?

  • Түрік қағанатының негізін салушы қаған?

  • Түрік қағанатының этникалық құрамы;

  • Түрік қағанатының ыдырауының басты себептері?

(Б) Б Ой қозғау

  • Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің дамуында ерекше рөл атқарған қай қағандардың есімдерін атар едіңіз?


(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.

Презентация












Сабақтың ортасы
5 мин





















5 мин


























7 мин















































































































10 мин

«Білу» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 1. Жаңа ұғымдармен жұмыс

Төмендегі берілген ұғымдарының мағынасын ашыңыз

Ұғымдар

Мағынасы

Ябғу


шад


елтебер


тархан


бұйрық


қара бұдун


тат



Дескрипторлар:

  • Ябғу сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Шад сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Елтебер сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Тархан сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Бұйрық сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Қара бұдұн сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Тат сөзінің мағынасын анықтайды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


«Түсіну» дағдысына негізделген тапсырма

Картамен жұмыс.

(Т) Тапсырма 2. Түрік, Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағандардың билік еткен мемлекеттерінің аумағын кескін картаға белгілеңіз.













Дескрипторлар:

  • Түрік мемлекетінің аумағын кескін картада белгілейді;

  • Батыс Түрік мемлекетінің аумағын кескін картада белгілейді;

  • Шығыс Түрік мемлекетінің аумағын кескін картада белгілейді.

  • Түркі мемлекеттерінің белгілі қағандарын атайды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы



«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 3. Мәтінмен жұмыс

1-топ

Бумын қаған - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.

Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған. Ашина тайпасынан шыққан. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қоластындағы Темір кенін өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан ел болған. Түркілердің басшысы болған әкесі өлгеннен кейін, VI ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік жолмен Бумын таққа отырады. Қытай жазбаларында Тумын қаған, түркі ескерткіштерінде Бумын қаған деп атайды. Бумын қаған түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумынның тұсында түркілер әскери жағынан күшейіп, Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір бөлігін бағындырады. 552 жылы Бумын қаған бастаған түрік әскерлері жужандармен соғысып, жеңіске жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.


2-топ

Шегу қаған — Батыс түрік қағанатының билеушісі (612- 630).

Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты. 604 жылы бес тайпалы дулу ұлысының бектері Таман ханды құрылтайсыз таққа отырғызғанда, бес тайпалы Нушеби ұлысының бектері оған бағынудан бас тартып, Шегу ханды хан көтерді. Шегу ханның иелігі Нушибилер жерінде болатын. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарысты одан әрі шиеленістіру үшін Қытай императоры Шегуй ханға қолдау көрсетті. Таман хан әлі жас болғандықтан, бүкіл елдегі саяси жағдайға бақылау орната алмады. Қағандықтың әрбір ұлысының билеушілері Қытаймен жеке қатынастар орнатып, елшіліктер жібере бастады. Император Шегуй ханның елшілігіне ақ қауырсынды бамбуктен жасалған жебе беріп, оны қаған ретінде мойындайтынын білдірді. Бірақ бұл жебе жолда Таман ханның қолына түсті. Бұл оқиға Шегуй ханды Таман ханға қарсы ашық соғыс жариялауға түрткі болды. 612 жылы Шегуй хан Таман хан әскерін талқандап, өзін шығысқа қарай қуды. Осы жылы өткен Құрылтайда Шегуй хан Тон Жабғу хан деген атпен Батыс Түрік қағандығының тағына отырды. Тон Жабғу хан билікке келісімен елдегі ресми билік ішкі жағдайларға толық бақылау орнатты. Қағандықтың жағдайы жақсара бастады. 619 жылы Жоңғариядағы телес билеушілері Тон Жабғудың билігін өз еріктерімен қабылдады. Билеушінің ордасы Ташкенттің солтүстігіндегі көгалды кең алқапта орналасты. Ол осы жерде Византия мен Қытайдан келген елшілерді қабылдады. Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экономикалық жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627-630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Шегу қаған билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды.


3-топ

Білге қаған (шамамен 681 – 734 жж.)

Білге – Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй, әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. «Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады». Бірақ ол құт-береке өздігінен оп-оңай келмеп еді. «Жалаңаш халықты тоңды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым… Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын айла-ақылмен, бірқатарын әскери күшпен қиратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қидан, татабы халықтарына қарсы, бербері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», — дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).

Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 жылы тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер тыныс тапты. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанды. Сөйтіп, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Солтүстік Жоңғария түркілердің қол астына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.

Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қатынас орнатты. Бірақ қытайлықтар мұны онша құптамады. Сөйте тұра мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге халқын 722–741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясаты арқасында орнады.


Әр топқа бір қағаннан бөліп беріледі.

1 топ – Бумын қаған (Түрік қағанаты)

2 топ – Шегу қаған (Батыс Түрік қағанаты)

3 топ – Білге қаған (Шығыс Түрік қағанаты)

Топтарға әр қағанға қатысты деректер ұсынылады.

Топ ішінде Түркі қағанаттарында ел билеген әрбір тарихи тұлғаға қатысты ең маңызды үш датаны/оқиғаны анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын төменде көрсетілген критерийлерге аудартылады:

  1. Таңдалған дата/оқиға көбінесе өзгерістермен байланысты (әлеуметтік, экономикалық (жер қатынастары мен алым - салық), саяси, мәдени).

  2. дата/оқиға одан кейін болған тарихи оқиғалардың болуына септігін тигізді.

  3. дата/оқиға қазіргі уақытта да өзінің тарихи маңыздылығын сақтауда.

Әр топ өзінің жұмыс нәтижелерімен таныстырады. Таныстырылым барысында тыңдаушы топ қорғаушы топтың мәліметтерін кестеге толтырып отыруы қажет.

Қағандар

Мемлекеттің ішкі тұрақтылығын сақтады

Көрші елдермен сауда-саттық қарым-қатынасты жақсартты

Өз жауларына төтеп бере отырып, соғыстарда жеңіп отырды

Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалды

Бумын





Шегу





Білге






Дескрипторлар:(Топ өздеріне берілген қаған бойынша)

  • Қағанның мемлекеттің ішкі тұрақтылығын сақтаудағы қызметіне баға береді;

  • Қағанның көрші елдермен сауда дипломатиялық қатынастарын жүргізудегі жетістіктерін саралайды;

  • Қағанның соғыстарда қол жеткізген жетістіктеріне дәлел келтіреді;

  • Қағанның мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалудағы рөліне баға береді.


Бағалау. Оқушылардың бір-біріне кері байланысы.








































Сабақтың соңы

5 мин






5 мин









Қорытындылау: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды? Бұл қағандардың есімі неліктен тарихымызда ерекше орын алады?



Рефлексия:


Стикерлер

Үй тапсырмасы

Қосымша тарих деректерді пайдаланып, қағанаттардың шаруашылығы мен сауданың дамуына қатысты шағын әңгіме жазу.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!