Материалдар / Бейіналды курс. 5 сынып. Ежелгі Қазақ даласының аңызары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бейіналды курс. 5 сынып. Ежелгі Қазақ даласының аңызары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
948
53 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың негізгі міндеті оқушылардың күнделікті өмірде және еңбек жолында қоғамның әрбір мүшесіне қажетті басқа пәндерді оқытуда және білім жетілдіруде жеткілікті білім мен біліктілік жүйесін түпкілікті жетік меңгеруін толық қамтамасыз ету. Бұл бейіналды оқыту курсының бағдарламасын Ежелгі Қазақ даласындағы аңыздар деп аталды. Бұл курста Ұлы Даланың бай ауызекі шығармашылығындағы аңыздары мен көне әңгімелері жинақталған. Осы ежелгі қазақ аңыздары мен ауыздан-ауызға айтылып сақталған әңгімелері біздің бағзы заманымызда өмір сүрген бабаларымыздың рухани өмірінің айнасы болып табылады. Курсты 5-сынып оқушыларына арналған себебіміз оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты болып отыр. Аңыз әңгіме адамзаттың рухани кемелденуіне зор ықпал етеді. Негізгі міндетті шешумен қатар Қазақстан тарихын бейіналды курсында оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және Дінтану пәніне алғашқы түсінік қалыптастыру. Қазақстан тарихына деген бейімділігін анықтауға және Қазақстан тарихымен жене Дінтанумен байланысы бар мамандықтарға бағыттауды көздейді.
Бейіналды оқыту курсының мазмұны: мифтің аңыздан айырмашылығы аңыз- шежірелі сырға толы көне әңгімелерден тұрады. Аңыздар тарихта шын мәнінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады және нақты бір мекен мен тау-тастардың, өзен-көлдердің пайда болуы хақында болады.Тарихтың терең қойнауында орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын дүние. Қазақ аңыздарындағы үлкен бір топ қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайында. Ең ақырында тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының барлық материалдары қарастырылып, тізімін кең көлемде ұсынылып отыр. Мұндағы мақсат дінтану пәнінің басталуына толыққанды дайындалу үшін балаларға мүмкіндік беру. Бейіналды оқыту курсының тақырыптық жоспары сынып бойынша бөлінген курс материалының тізбегінен тұрады және оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімінде курсты өткізуге қажетті әдебиеттер тізімі берілген.
Ұсынып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Бейіналды оқыту курсының мазмұны.
Бейіналды оқыту курсының тақырыптық жоспары.
Бейіналды оқыту курсының күнтізбелік жоспары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.






Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:

Ежелгі ғасыр тарихын іргелі ұғым ретінде меңгереді..
Курста ру-тайпалардың тілдік және саяси жағынан бірігуі нәтижесінде ұлттың қалыптасуы, өздерінің тарихи өшпес- өлмес іс-әрекеттерімен із қалдырған атақты хандар мен батырлардың ерлік істері мен саясатымен танысады.
Қазақстан тарихы пәнініен алған білімдерін болашақта үлкен өмірде қолдана білуді үйренеді.
Аңыз әңгімелерді оқи отырып рухани кемелденуіне әсер етеді.


Мақсаты:

Оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
Оқушылардың тарихи процес желісін түсінуіне, тарихтың мәдени идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын сезінуіне негізін жасау.
Оқшыларды рухани, интелектуалды жағынан дамытып, тәрбиелеу.
Өз туған тарихын қастерлеуге және саяси түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:
Оқушылардың адамзаттың ежелгі дамуынан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру.
Оқушыларда тарихты оқып үйренудің көп өлшемділігі және тарихи үдерістің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру.
Гуманизммен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру.








Талаптары:
-Игерген білімдерін пайдалана отырып, Қазақстан тарихындағы еліміздің басынан өткен оқиғаларды сараптай біле, сын көзбен қарауға, ел келешегі жарқын болу үшін қандай мүмкіндіктерді пайдалану керектігін анықтай алуы;
- Адам баласының өмір сүруі заңдылық болса, онда қарама-қайшылықтардың заңдылық деп қабылдай отырып, қарсы күресу керектігін дәлелдеу;
- Оқушылар бейіналды оқыту курсындағы алған білімдерін қолдана білуі;

Пәнаралық кіріктіру:
Дінтану, Құқықтану, География, Тарих, Әдебиет пәндерімен байланыстыру.

Кәсіпке бағдарлау:
Тарихшы, Теолог, Заңгер, Философ, Саяхатшы, Әлеуметтанушы, Демограф мамандарын таңдайтын оқушылардың білімдерінің терең де мазмұнды болуына ықпалын тигізеді.



























Ежелгі Қазақ даласындағы аңыздар 34 сағат


Сабақтың тақырыбы
Негізгі ұғымдар мен мәселелер
Сағат саны
Мерзімі

1
Кіріспе сабағы.
Аңыз әңгімелер хақында.
Курстың жоспарымен таныстыру, тарихи әдебиеттермен таныстыру
Сұрақтың жауабын оқушылар өз бетімен әзірлейді, сөйлейді, өз ойларын ортаға салады.
1


2
Тәңірдің жаратылуы туралы аңыз. От- Ана. Жер-Су.
Тәңір-ең жоғарғы құдай. Тәңірдің ұлдары. Ғаламның әлемдерге бөлінуі.
1


3
Жан. Адамның қалай жаратылды?
Өлімнің келуі.
Иттің хикаясы және Еркіліктің әйелді жаратуы. Тәңірдің Арун-Сюдун деп аталатын Алтын сарайдан қуылғаннан кейінгі адам.
1


4
Шамандықтың пайда болуы. Тілдердің сапырылысуы
Тақуа Жайық-Нама және оның ұлдары. Адамдарға от олжалаған Надулуша.
1


5
Тәңірдің дұғасы. Ұмай бұлағы. Ұмай ана мен Аю батыр
Ұмай Тәңірдің дұғасы. Үлкен Тәңірге жалбарыну.
1


6
Жер мен көктің жаратылуы.
Адам һәм оның ғұмыры
Жаналғыш әзірейіл
Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында.
Жануарларды,құстарды және басқа жан иелерінің жаратылуы.
1


7
Тәңіршілдік- жер бетіндегі ең алғашқы дін.
Ата-бабаларымыз неге Көк Тәңірге табынған?
Көне мифтерге негізделген қазақ ырымдары.
1


8
Жын, шайтанның пайда болуы. Аруақтар.
Дәулер. Перілер мен Көк періштелері
1


9
Табиғат құбылыстары туралы аңыздар
Кемпірқосақ. Жел иесі. Жаңбыр мен найзағай.
1


10
Ағаштар жайындағы аңыздар.
Жұмақ алмасы. Қарағай мен сексеуіл. Тобылғы, Баялыш һәм Арша. Әлем ағашы туралы.1
1


11
Қанатты аттар туралы аңыздар. Бес түлік малдың иелері.
Құрбан аттары. Теңіз аттары. Сиқырлы ақбоз аттар.
1


12
Құстар жайлы аңыздар.
Қалша батыр мен аққу. Тотықұс неге сөйлей алады?
1


13

Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар туралы аңыздар
Ай мен күн. Ай неге жалаңаш қалды? Жетіқарақшы мен Үркер хақында. Сүмбіле. Темірқазық
1



14
Әлемдік топан су қаптағанға дейін жерде не болды?
Лекция сабағы. Уақыт машинасы тарихи даталармен жұмыс
1


15
Қазықұрт тауы хақындағы аңыз
Қысқаша тарихи диктант
1


16
Нұх пайғамбар туралы аңыз
Нұх пайғамбар мен кемпір. Нұх пайғамбардың кемеде өткізген өмірі хақындағы аңыздар
1


17


Ұмай ана туралы аңыз
Қазақ даласында болған аналар туралы аңыздарды іздеу
1




18
Көне түріктердің аңыз-шежірелері
Тұран патшасы Афрасиабтуралы аңыз
Тұран патшайымы Зарина туралы аңыз
1


19
Скиф аңыздары
Сақтар. Томирис патшайым мен Шырақтың ерлігі. Сыпатай мен Ескендір қорғаны туралы аңыз
1


20
Наурыз мерекесінің пайда болуы
Наурыз мерекесі туралы аңыз
1


21
Аңызға айналған Ғұндар
Мөде тәңірқұты. Ғұндар Еуропада. Аттила жайлы аңыз
1


22
Үйсіндер туралы аңыз
Асылтек көкбөрі туралы аңыз
1


23
Қорқыт туралы аңыз
Қорқыт ата хақындағы әңгімелер мен шығармалары
1


24
Қимақтар мен қыпшақтардың шығу тарихы хақындағы аңыздар
Көрұғлы туралы аңыз
1


25
Арыстан баб пен Қожа Ахмет Йассауи туралы аңыз
Құдіретті сөз, Аса таяқ, Бес жүз бірінші дүре, Ақ түйемен сапарлау, Шебер мен Мәрзия ханшайым туралы аңыздар
1


26
Алаша хан, Қарахан туралы аңыз
Бабаджа қатын мен Айша бибі туралы аңыздар
1


27
Қазақтардың шығу тегі туралы аңыз
Жусан, Ақсақ құлан, Алтын адам туралы аңыз
1


28
Шыңғыс хан туралы аңыз
Иттер елі мен Қойлыбай бақсы мен жын-перілер туралы аңыз
1



29
Асан қайғы хақындағы аңыздар
Асан неге Қайғы атанды, Жерұйық, Ат тұяғы басар жер, Асан Қайғы хан шақырғанда неге келмеді? тақырыбындағы аңыздар
1



30
Топонимикалық аңыздар
Ақмола туралы аңыз
Еділ мен Жайықтың құдаласуы, Бурабай туралы аңыз, Ертісті бөгемек болған алып т.б.
1


31
Қарағанды, Балқаш, Екібастұз, Баянауыл туралы аңыздар
Дарияны тоқтатқан әулие қарт-Бекетауата, Өшпейтін от туралы аңыз, Шайтанкөл, Сырдария аңызы. Марқакөл
1


32
Шарын шатқалы
Райымбек батырдың бастауы Күшікбай батыр асуы, Үш қыз, Маңырақ тауы, Мыңжылқы, Шұбарат. Ешкіөлмес.
1


33
Қазақ даласындағы тарихи- мәдени ескерткіштер
Қазақстанның он төрт облысында бар зиярат ететін орындар туралы мәліметтер жинау.
1


34
Қорытынды қайталау
Кім? Не? Қайда? Қашан?
1

















№ 149 Қызылту орта мектебі

Бекітемін Келісілді
№ 149 Қызылту орта мектебінің Мектеп директорының бағдарлы
директоры оқу жөніндегі орынбасары:


____________ Ж. Рыспембетова ____________ А. Жарқымбекова

тамыз 2016 жыл тамыз 2016 жыл







Ежелгі Қазақ даласындағы аңыздар

бейіналды курсының бағдарламасы



Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл


Бағдарламаға арналған балалардың жасы: 5сынып оқушылары



Бағдарламаны жасақтаған: тарих пәнінің мұғалімі
Ттлемисова Молдир




Жақаев ауылы. 2016 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!