Материалдар / Білім көкпары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім көкпары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан жұмыс 10-11 сынып оқушыларының Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
31
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: “Білім көкпары” 10 сынып оқушыларының арасындағы топтық сайыс

Мақсаты:

  • Еліміздің тарихы туралы оқушылардың алған білімін тексеру, қорыту және ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындығын арттыруға ықпал ету;

Құндылығы:

  • Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға шақыру;

  • Туған халқына, Отанына, оның тарихына деген құрмет сезімін күшейту

Топ ережесі:

  • Бірігіп жұмыс жасау, ұйымшылдық таныту

  • Бірін-бірі сыйлау, басқа іспен айнылыспау

  • Уақытқа бағыну

  • Тәртіп сақтау, бір –біріне кедергі келтірмеу

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға тез ойланып, нақты, толық жауап беру

Сайысқа қатысушылар:

  • «Болашақ» тобы

  • «Сенім» тобы

Сайыс кезеңдері:

І-кезең. «Нақты сұрақ-жылдам жауап

ІІ-кезең. «Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте»

ІІІ-кезең. «Ғажайып ұяшықтар»

ІҮ-кезең. «Көне шаһарлар сыр шертеді...»

Ү-кезең. «Қазақта тұңғыш...»



І-кезең. «Нақты сұрақ-жылдам жауап»

Шарты: Әр топқа 7 сұрақтан беріледі, дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Болашақ» тобы

1. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» ,- деп айтқан қайраткер (С. Сәдуақасов)

2. 1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала (Қарағанды)

3. Семей ядролық сынақ алаңында алғашқы атомдық жарылыс қашан сыналды? (1949 жыл 29 тамызда)

4. “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан ” деген монографиялық еңбектің авторы кім?

(Е. Бекмаханов)

5. ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында биология, медицина және геология саласындағы кейбір ғалымдарға тағылған айып (космополит)

6. 1959 жылы әлеуметтік жағдайға байланысты жұмысшылар ереуілі өткен қала (Теміртау)

7. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қашан қабылданды? (2004 жылы)

«Сенім» тобы

1. 1911-1915ж.ж. шығып тұрған "Айқап" журналының редакторы (М. Сералин)

2. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым (Жас қазақ)

3. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

4. 1929-1997 жылдары еліміздің астанасы болған қала (Алматы)

5. 1990 жылы 25 қазанда қабылданды? (Қазақстанның егемендігі туралы Декларация)

6. Тәуелсіздік алғаннан соң Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда қандай ұйымға мүше болды? (Біріккен Ұлттар Ұйымы)

7. Қасым-Жомарт Тоқаев қай жылы ел Президенті болып сайланды? (2019 жыл)



ІІ-кезең . Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте

Шарты:

  • Әр топқа 3 тұлғаның суреттері беріледі.

  • 1. Тұлғаның кім екенін анықтау;

  • 2. Осы тұлғаға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісу



Сергіту сәті

Ән шырқайық

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әні

(«Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен)

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дәйім

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дәйім

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.



ІІІ-кезең. “Ғажайып ұяшықтар”

Шарты: Экранда тақырыптар мен ұпайлар көрсетілген ұяшықтар берілген, әр топ кезекпен тақырыпты және ұяшықты таңдай отырып сұрақтарға жауап береді, әр дұрыс жауап сол ұпаймен бағалан

ІҮ-кезең. “Қазақта тұңғыш...”
Шарты: Топтар кезекпен- кезек экранда көрсетілген сандарды таңдай отырып, тұңғыш тұлғаны немесе оқиғаны анықтайды, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

1. Қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері (Мұхамеджан Тынышбаев)

2. Тұңғыш қазақтың дыбысты көркем фильмі (Амангелді)

3. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі (Әбілхан Қастеев)

4. Тұңғыш кәсіпқой қазақ балуаны (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

5. Тұңғыш қазақ педагогы (Ыбырай Алтынсарин)

6. Кеңес Одағының Батыры атағын 2 мәрте алған бірінші қазақ, ұшқыш (Талғат Бигельдинов)

7. Тұңғыш қазақ ғалымы, этнографы, саяхатшысы (Шоқан Уалиханов)

8. Тұңғыш қазақ заңгері (Жақып Ақбаев)

9. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман (Бақытсыз Жамал)

10. Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш (Хиуаз Досапанова) 11. Қазақтың тұғыш кәсіби биші қызы (Шара Жиенқұлова) 12. Еуропада ән шырқаған тұңғыш қазақ әншісі (Әміре Қашаубаев) 13. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993 жыл,28 қаңтар) 14. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш І Құрылтайы қай жылы, қай қалада болды? (1992 жыл, Алматы) 15. Қазақ елінің тұңғыш астанасы (Орынбор) 16. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш күйші (Дина Нұрпейісова)

Ү-кезең Көне шаһарлар сыр шертеді

Шарты: Әр топқа Қазақстанның екі көне шаһарлары (қалалары) туралы ақпаратық мәтін беріледі.

Қаланың атын тапқаны үшін-1 ұпаймен;

Картадан орналасқан аумағын көрсетсе-1 ұпайпен бағаланады

«Болашақ» тобы

  1. Арыс өзенінің Сырдарияға барып құяр жеріндегі жазирада ірге тепкен ежелгі қала.

ҮІІІ ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі.

Ү-ХҮ ғасырларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. (Отырар)

2. Жазба деректерде қала X ғасырдан бастап белгілі. Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған. Әл-Мақдиси оны «бай, үлкен қала» деп сипаттаған. Қала 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді. (Баласағұн)

«Сенім» тобы

  1. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан жеріндегі ең ірі қала.

Жазба деректерде VII ғасырдан –ақ белгілі. Сюань Цзяньннің жол көрсеткішінде аталған қаланы «Ақ өзендегі қала» деп атаған. Бұл қала атауы соғды тілінде «Ақ су» дегенді білдіреді дейтіндер де бар. Қала аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, халықаралық сауда орталығы ретінде де белгілі болды. Қалада көптеген сауда құрылыстары, керуен-сарайлары мен «тимдер» жұмыс істеген. (Испиджаб)

  1. Ғалымдар қаланың орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Іргесі V ғасырда қаланып, X – XII ғасырларға дейін өмір сүрген. Ерте орта ғасырларда төрт бірдей қағанаттың астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Бұл қала туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Батыс Түрік қағандығының қағаны Тон жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиїанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. (Суяб)

Қорытынды

  • «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»,-деп ұлы ойшыл Әл Фараби айтқандай, тарихшы болу міндетті емес, бірақ кез келген азамат өз елінің тарихын білуі парыз. Біздің өткен өміріміз, кешегі күніміз – Тарих.

  • Қорыта келе, бүгінгі білім сайысын Алаштың ардақты ұлдарының бірі, ақын Міржақып Дулатовтың: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағымыз келіп отыр.

  • Олай болса, Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті, білімді азаматтары болыңыздар!

  • Әрдайым Сәттілік серіктеріңіз болсын!!!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!