Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Бизнес-жоспардың қаржылық моделі
Бизнес-жоспардың қаржылық моделін құру үшін мына қаржылық
көрсеткіштер мен параметрлер бойынша кәсіпорынға қаржылық талдау
жүргізу қажет:
• қажет бастапқы капитал;
• бастапқы капитал көздері;
• құн калькуляциясы;
• есептілікті жүргізу және қаржылық жоспарлау;
• «зиянсыздық нүктесін» есептеу.
Бастапқы капитал – істі бастау үшін қажет ақша. Ісіңізді бастай отырып қанша
бастапқы капитал қажет болатынын және оны қайдан алатыңызды білу
міндетті.
Бастапқы капитал
• инвестициялар
• айналымдық капитал үшін қажет.
Инвестициялар бизнесіңіз үшін үлкен құндылықты білдіретін бір нәрсені
сатып алатыныңызды және оны ұзақ уақыт пайдаланатыныңызды білдіреді.
Кейде істі бастау үшін үлкен инвестициялар қажет емес. Ең төменгі деңгейдегі
инвестицияларды пайдаланған дұрысырақ. Бұл тәуекелді азайтады.
Инвестициялық минимумды есептеу қажет. Оларды санаттарға бөлуге
болады:
Бизнес-жоспар жаңа бизнес идеясы, инновациялар, инвестициялық жоба,
бұрыннан келе жатқан өндірісті модернизациялау туындаған кезде қажет. Бұл
іс-шаралар іске асырылу үшін қаржылық ресурстарды қажет етеді. Жобаны
қаржыландыру үшін жобаның жақсы екеніне, яғни пайда әкелетініне меншік
иесінің, инвестордың, кредитордың көзін жеткізу қажет. Осы сәтте бизнесжоспарға деген қажеттілік туындайды, ал қаржылық модель оның құрамдас
бөлігі болып табылады.
Бизнес-жоспарлау барысында бизнес-идеяны және болашақ қызметтің сәйкес
техникалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік аспектілерін сипаттаумен
қатар ақшалай шамада жобаның егжей-тегжейлі есебін жүргізу қажет. Әрине,
болашақта жүзеге асатын жоба үшін болжамдар, тұспалдар, бағалаулар туралы
сөз болып отыр және әртүрлі нұсқаларды қарастыру үшін қаржылық іске
асырылуын және коммерциялық тиімділікті бағалау қажет, қаржылық модель
қажет болады.
Қаржылық модель – кез келген бизнес-жоспардың өзегі. Ол құндық шамада
шынайы активтерге инвестициялар, оларды қаржыландыру тәсілдері мен
схемалары, салық салудың және нақты инвестордың баға белгілеудегі жекеше
ерекшеліктері туралы барлық ақпаратты білдіреді, сондай-ақ экономикалық
ортаның ықтимал әсерін көрсетеді.
Қаржылық моделі жасалып отырған қызметтің мәні мен сипатын анық
айқындаған аса маңызды. Көп жағдайларда бизнес-жоспарлау тиімділікті
бағалау және кәсіпорындарды немесе инфрақұрылымдық объектілерді
құрумен не модернизациялаумен байланысты инвестициялық жобаларға
қаржы тарту үшін қызмет етеді. Оны жұмыс жасап тұрған кәсіпорындағы
жоспарлаудан (немесе бюджеттеуден) ажырата білу қажет. Бұл қажеттілікке
қарай бір немесе екі-үш негізгі түрде мерзімдік қаржылық есептілікті
болжауды білдіреді.
Жеке алынған инвестициялық жобаларды бағалау үшін бағалаудың ерекше
қағидаттары мен жобалау тиімділігінің көрсеткіштері дайындалған.
Бұл көрсеткіштердің (NPV, IRR, PI, DPBP) жобаны орындаудың барлық кезеңі
үшін айқындалатыны өте маңызды. Олар негізінде жұмыс істеп тұрған
кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде есептелмейді және онда аналогы жоқ.
Көрсеткіштерді есептеу жобаның болжамдық ақшалай ағындары негізінде
жүзеге асырылады, олар жоспарлаудың барлық көкжиегінде болашақ қызметті
қаржылық модельдеу барысында құрылады.
Модельдеу тәсілін таңдау үшін ақшалай ағындар құрылымын қарастыру
қажет. Бұл ретте олардың есептелу тәсілі технологиясын түсінген маңызды.
Ақшалай ағынды көрсетудің екі тәсілі бар – тікелей және жанама және оларға
сәйкес ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептің екі түрі болады.
Тікелей тәсіл жағдайында есеп жасау «Ақшалай түсім түріндегі ақшаның
түсуі» бабынан басталады және әрі қарай барлық ақшалай шығындардан және
басқа да түсімдер мен төлемдерден тұрады. Жанама тәсілде есепті жасау таза
пайдадан басталады және кезеңдер арасындағы есептер бойынша өзгерістерді
көрсетеді.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз