Материалдар / БЖБ, 1-тоқсан 5-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БЖБ, 1-тоқсан 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып БЖБ 1, 1-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
69
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape5

«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа


Оқу мақсаты:

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;

шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут


1-тапсырма. Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.


Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы өте үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.

Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.

Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болган соң берілетін бата. Ас батасы ас ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта атылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.

Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

(143 сөз)



Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

Бата беру – қазақ отбасындағы көне дәстүрдің бірі



Батаны кез келген адам береді



Бата берудің өз жолы бар



Бата – ізгі тілек



Рамазан батасы – айт мерекесінде беріледі



2-тапсырма. Мәтіндегі бата түрлерін шеңбер ішіне орналастырыңыз.


Shape1 Shape2



Shape3





3-тапсырма. Берілген тақырыптардың біреуін таңдап шағын диалогке түсіңіз.

  1. 1. Сүйікті пәндерім.

  2. 2. Отбасындағы дәстүрлер.

  3. 3. Сүйікті кейіпкерім.







Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;


1-2

мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды:

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат



1

1

1

мәтіндегі батаның төрт түрін анықтайды.

4

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

3

Тақырып бойынша өз ойын жеткізеді;

1

сұрақтарға нақты жауап береді;

1

орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.

1

Барлығы

10




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!