Материалдар / Цифрлық сауаттылық 1 тоқсан сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Цифрлық сауаттылық 1 тоқсан сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 3 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
96
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ: Өміріміздегі қайталаулар

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өміріміздегі қайталаулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Циклдің адам өміріндегі маңызын түсінеді.

Оқушылардың көбі үшін:

Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм ретінде мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Жаңалық ашамыз» ойыны

Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі. Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды әсер сыйлайды.

Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.

Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу), т.с.с.

Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау әдісі бойынша бағаланады.


Топтастыру:

Топтастыру. «Фигуралар» әдісі

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. Алдымен оқушылар фигуралар салынған хатқалта ішінен көзбен көрмей, қолына ілінген қағаз фигураны алады. Сол фигура бойынша ұқсас топтарға бірігеді.


I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге; өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау әдісі бойынша бағаланады.


(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Оқушыларға интерактивті тақтадан төменде берілген сұрақтар мен 1-ші және 2-ші сурет көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша ұжымдық үлгіде өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Ой қозғау сұрақтары

  • 1-ші мен 2- суреттерде не бейнеленген? Әңгімеле.

  • Бұл екі суретке қандай ортақ тақырып беруге болады деп ойлайсың?

  • «Сызықтық пен тармақталу алгоритмдері» дегеніміз не? Есіңе түсір. Мысалдар келтір.



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісімен бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!



Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Мәтінмен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі

«ДЖИГСО» әдісімен жұмыс істеу ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асырудың мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Бұл тәсіл мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтауға ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Топтық жұмыс.

«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істей білуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-ның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.

1-тапсырма

«Көмір тасудың» сөзбен сипатталған циклдік алгоритміне блок-сызба құрастырыңдар. Блок-сызбаны құрастыру үшін 3-суреттегі циклдік құрылымды қолданыңдар.

Дескриптор:

  • 3-суреттегі циклдік құрылымды қолданады.

  • Циклдік алгоритмге блок-сызба құрастыра-ды.


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!,Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.

Саралау

Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі қолданылады. Оқушылардың ойлау дағдыларын, жинақтау деңгейін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырма беруді және қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қоюды жоспарладым. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруі үшін, тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін. Бұл тапсырма А деңгейіне жатады.


Жұптық жұмыс

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады:

- сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

- одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз.

2-тапсырма

Қанаттың үйіне әкелінген көмірдің салмағы 2 тонна, ал көмір таситын шелекке 10 кг көмір сыяды. Осы деректерді пайдаланып анықтаңдар:

  1. «Көмір тасудың» циклдік алгоритмі (цикл денесі) неше рет жұмыс істейді? Ал, 2 шелекпен тасылса ше?

  2. Цикл саны анықталған «Көмір тасу» алгоритмінің блок-сызбасы қалай өзгереді?

Дескриптор

  • «Көмір тасудың» циклдік алгоритмі (цикл денесі) мен 2 шелекпен тасылса неше рет жұмыс істейтінін анықтайды.

  • Цикл саны анықталған «Көмір тасу» алгоритмінің блок-сызбасын сызады.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Мадақтау сөздері» әдісімен бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!

Саралау

Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі қолданылады. Оқушылардың ойлау дағдыларын, жинақтау деңгейін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырма беруді және қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қоюды жоспарладым. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін. Бұл тапсырма В деңгейіне жатады.


Жеке жұмыс

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар өзіндік ой тұжырымдайды. 3-тапсырма бойынша берілген сұрақтарға өзінің жеке пікірін ұсынып, жауап береді.

3-тапсырма

  • Циклдің адам өміріндегі маңызы қандай?

  • Күнделікті тұрмыста қандай іс-әрекеттерді циклдік алгоритм ретінде мысалға келтіруге болады?

Дескриптор

  • Циклдің адам өміріндегі маңызы туралы айтады.

  • Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм ретінде мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырма орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!.

Саралау

Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі қолданылады. Оқушылардың ойлау дағдыларын, жинақтау деңгейін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырма беруді және қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қоюды жоспарладым. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін. Бұл тапсырма С деңгейіне жатады.

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!

Тиімділігі

Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:















































Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ: Циклдер

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Циклдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін кедергілерді біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Программаны орындау кезінде цикл тоқтамаса не істеу керектігіне мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch ортасында циклдік алгоритмді іске асыруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Айдаһар» ойыны

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «Айдаһардың басы», соңындағы оқушылар – «құйрығы».  Басы құйрықты ұстап алу керек. Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылардың сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді.

Топтастыру:

Топтастыру

«Социометрия» әдісі

Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында интерактивті тақтадан 1-сурет көрсетіліп, сұрақтар қойылады. Оқушылар ұжымдық үлгіде өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Жазғы демалыста табиғат аясында өткіздің бе? (1-сурет) Алған әсерің туралы айт.

  • Scratch ортасында қозғалысты қалай программалауға болады? (1-сурет)


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім тапсырманы орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауға тырысу керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Данышпан үкілер» әдісі

  1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.

  1. Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.

  1. Таныс және таныс емес

Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты тап.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көрсет.,

  1. Үлгі боларлық қорытынды

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  1. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Топтық жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

1-тапсырма

Циклдік командалардың 3 түрін салыстырыңдар. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атаңдар. Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіріңдер.

Дескриптор

  • Циклдік командалардың 3 түрін салыстырады.

  • Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атайды.

  • Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіреді.


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісімен бағалайды.


Плакат

Түрлі-түсті маркерлер


Жұптық жұмыс. «Суреттер сөйлейді» әдісі

Интерактивті тақтадан төрт түрлі сурет көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап жұмыс жасайды.

2-тапсырма

Суреттегі оқиғаларды 1-кестедегі цикл түрлеріне жіктеңдер. Не себептен таңдағандарыңды түсіндіріңдер. Мысалы, суреттегілердің қайсысы «әрқашан» цикліне мысал бола алады?

Дескриптор

  • Суреттегі оқиғаларды 1-кестедегі цикл түрлеріне жіктейді.

  • Таңдау себептерін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жеке жұмыс. 3-тапсырма

Робот әр қадамда 10 см түзу сызық сызады. Роботтың ұзындығы 40 см, ені 30 см болатын тіктөртбұрышты неше қадамда салады? Циклдік алгоритмінің қайталану санын анықта.

Дескриптор

  • Роботтың ұзындығы 40 см, ені 30 см болғанда тіктөртбұрышты неше қадамда салатынын анықтайды.

  • Циклдік алгоритмнің қайталану санын анықта.


Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Қошеметтеу» әдісімен бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жеке жұмыс. «Еркін микрофон» әдісі

4- тапсырма

  • Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін қандай кедергілер бар?

  • Программаны орындау кезінде цикл тоқтамаса не істеу керек?

Дескриптор

  • 1-сұраққа жауап береді.

  • 2-сұраққа толық жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты өзін-өзі «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгінбі сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді.

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:







Сабақтың тақырыбы: 3-сабақ: Кейіпкердің қозғалысы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкердің қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тимділігін біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Кейіпкер қозғалысын іске қосатын командалар туралы түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch ортасында кейіпкерлердің қозғалысын ұйымдастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық  әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп,  бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында  тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт,  жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып  біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

4. Топтастыру:

Топтастыру. «Социометрия» әдісі

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.

І топ: Ақ түс

ІІ топ: Қызыл түс

ІІІ топ: Жасыл түс

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Қозғалыс блогында қозғалысқа арналған қандай командалық блоктармен таныссың?

  • 1-суретке назар аудар. Не бейнеленген?

  • Осы суреттер негізінде қандай оқиға сюжетін немесе ойын идеясын ұсынған болар едің?


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Мәтінмен жұмыс» әдісі

Тапсырмалар:

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

  • негізгі ұғымдарды сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

  • мәтіндегі барлық негізгі ұғымдарды кезегімен атап беру;

  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.


Топтық жұмыс

«ПОПС формуласы» әдісі

Оқушылар оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдайды. Қорытындысын төмендегі сөйлем тіркестері арқылы баяндап, топ арасында бір-біріне жеткізеді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

1-тапсырма

«Ормандағы кездесу» ертегісі жобасының 3, 4-інші және 5-суреттегі скриптеріне талдау жасаңдар. Жобада қолданылған командаларды блоктарға жіктеңдер. Командалардың жобадағы қызметін жазыңдар.

Дескриптор

  • «Ормандағы кездесу» ертегісі жобасының 3, 4 және 5- суреттегі скриптеріне талдау жасайды.

  • Жобада қолданылған командаларды блоктарға жіктейді.

  • Командалардың жобадағы қызметін жазады.


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жұптық жұмыс. 2-тапсырма

Координата жазықтығында лақтың қозғалыс бағыты берілген (6-сурет). Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазыңдар.

Дескриптор

  • Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтайды.

  • Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазады.


Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жеке жұмыс

3- тапсырма

7-інші және 8-суреттерде берілген жоба скриптері орындалғанда, кейіпкер қозғалысын бағала. Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай сызба пайда болады?

Дескриптор

  • Берілген жоба скриптері орындалғанда кейіпкер қозғалысын бағалайды.

  • Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай сызба пайда болатынын анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай өздерін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.



Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Топтық жұмыс. «Қар үйіндісі» әдісі

Біріншіден, оқушылардың әрқайсысы жеке жауап беруі керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

4- тапсырма

  • Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың қандай тиімді жағы бар?

  • 1-кестедегі командалардың арасында ең көп қолданылатын команда қай команда? Себебін түсіндір.

Дескриптор

  • Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тиімді жағын айтады.

  • Ең көп қолданылатын команда түрін атайды және себебін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

«Үш пікір» әдісі

Ортаға өтілген тақырып параққа жазып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.

Қалыптастыруыш бағалау: мұғалім ожқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Бас бармақ» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:













Сабақтың тақырыбы: 4-сабақ: Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Өздеріне ұнайтын тақырыптағы компьютерлік ойындарды әңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу т.б....

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Топтастыру:

Топтастыру: «Гүлмен тілек жеткізу» әдісі

Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

І – топ – «Дыбыстық әуендер»

ІІ – топ – «Дыбыстық файлдар»

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Қандай тақырыптағы компьютерлік ойындарды ұнатасың?

  • 1-суретті қолданып, құрастыруға қандай ойын идеясын ұсынар едің? Ойыңды ортаға сал.


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші мен түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу: «DEAL» әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу);

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу);

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау);

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Топтық жұмыс

«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.

1- тапсырма

«Еңбекқор кірпі» ойын жобасындағы алма кейіпкерлерінің скриптілеріне талдау жасаңдар.

1) 3, 5, 6-суреттегі алмалардың скриптілеріндегі айырмашылықтарды табыңдар.

2) Алмалардың скриптісіндегі мұндай айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жұптық жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Төмендегі суреттерді пайдаланып, қандай ойын жобасын құрастырған болар едіңдер? Ойын идеясын ұсыныңдар. Ұсынған ойындарыңның алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.

Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай «От шашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жеке жұмыс

«Еркін микрофон» әдісі

  • «Еңбекқор кірпі» жобасына тағы бір алманы қосу үшін жобаға қандай өзгеріс енгізу керек?

  • Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командалары қандай қызмет атқарады?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «От шашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

(Ұ). «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды әрі бір тілек айтуды сұраңыз.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат.

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай «От шашу» әдісімен бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«От шашу» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:



Сабақтың тақырыбы: 5-сабақ: Практикалық тапсырмалар

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);

3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;

3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Сызықтық, тармақталу мен циклдік алгоритмдерді пайдаланып кейіпкерлерді қозғалтуға тапсырмалар орындайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Достармен кездесу уақыты» ойыны

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір баланы тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, «...сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен». «...сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім». Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп, жұмыс істеу тапсырылады. Сонымен сынып 4 топқа бірігеді.


Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдердің блок-сызбаларында қандай айырмашылықтарын атай аласың?

  • Сахнаға кейіпкерлерді координаталар арқылы орналастыру не үшін тиімді саналады?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!»


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы тиіс, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу

«Жауап беретін әріптес» әдісі

Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін, оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. /Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуға, бір-бірімен талқылауға, бір-біріне сұрақ қоюға тиімді болып келеді./


Топтық жұмыс

«Көршіме айтамын» әдісі

«Көршіме айтамын» әдісі оқушылардың өз ойларын ауызша немесе жазбаша білдіруі үшін қолданылады.

Төменде берілген 1-тапсырма бойынша сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз. Содан кейін оқушылардан ойларын көршісімен талқылауын сұраңыз. Топ ішінде бір-бірімен талқылау жүргізіп, тапсырманың алгоритмін көрсетеді.

1- тапсырма

1-суретте өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін тап. Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсын.

Дескриптор

  • 1-суреттегі өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін табады.

  • Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсынады.




Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жұптық жұмыс

2-тапсырма

1) Scratch программасының сахнасы координата жазықтығы арқылы берілген (2-сурет). Асқар мен әпкесі Әлия мектептен үйге қайтып барады.

а) 2-суретті пайдаланып, Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қандай деректер қажет? Жазыңдар (3- сурет).

ә) 2-суретті пайдаланып, Әлияның үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазыңдар (4-сурет).

2). Асқар мен Әлияның 3 және 4-суреттегі скриптерінің блок-сызбасын құрыңдар.

Дескриптор

  • Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.

  • Әлияның үйіне жетуі үшін, оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.

  • Асқар мен Әлияның скриптерінің блок-сызбасын құрады.


Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»




Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жеке жұмыс

3-тапсырма

Төменде берілген жоба скриптерін талда. Скриптілердің алгоритмнің қай түріне жататынын анықта. Скриптілердің орындалуын компьютерде тексермей, кейіпкердің іс-әрекеттерін есептеу тәсілімен анықта.

Дескриптор

  • Жоғарыда берілген жоба скриптерін талдайды.

  • Скриптілердің алгоритмнің қай түріне жататынын анықтайды.

  • Скриптер орындалуын компьютерде тексермей, кейіпкердің іс-әрекеттерін, есептеу жолымен анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – жарайсың», Сары түс – «Жақсы!» «Қызыл түс – «Талпын»

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Топтық жұмыс

«Еркін талқылау» әдісі

Бұны шағын топпен де, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыдан көмекші болуды сұрауға болады.

4-тапсырма

Төмендегі суреттерге назар аударыңдар. Балалардың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар? Олардың іс-әрекетінің алгоритмін сөзбен сипаттаңдар. Scratch ортасында осы суреттердің негізінде жоба құру идеясын ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • Балалардың іс-әрекетін бағалайды.

  • Олардың іс-әрекетінің алгоритмін сөз түрінде сипаттайды.

  • Scratch ортасында осы суреттердің негізінде жоба құру идеясын ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Стикерлер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:



















Сабақтың тақырыбы: 6-сабақ: Желіде тілдесу

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Желіде тілдесу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.2.1 Жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;

3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Интернетте жұмыс жасаудың зияны туралы әңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Интернет қауымдастықтарға мүше болудың қажеттілігіне дәлелді мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Жай тілдесу мен Интернетте тілдесудің негізгі үш айырмашылығын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Жағымды тілектер алқасы» ойыны

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі түсті қысқа жіптен алып, бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып, байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады. Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру: «The Hot» программасы арқылы оқушыларды үш топқа топтастыру. «Робот», «Салт-дәстүр», «Қозғалыс» деген атаулармен топтастырамын. Оқушылар өз топтарының атаулары бойынша түсінік береді.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Адамдардың өзара тілдесуінің қандай маңызы бар?

  • Интернеттегі тілдесудің жақсы жағы мен зияны жайлы не айтуға болады? (1-сурет)

  • 2-суретте берілген таңбаларға қарап, Интернетте тілдесудің қандай түрлерін атай аласың?

  • Интернетте тілдесуде қандай қауіпсіздік шараларына назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактив-ті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу

«INSERT» әдісі

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V» «Білемін»

«-»

«Мен үшін түсініксіз»

«+»

«Мен үшін жаңа ақпарат»

«?»

«Мені таңғалдырады»

INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.


Жұптық жұмыс

«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін, оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін, әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

1- тапсырма

Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережесін құрастырыңдар. Ережені мәтіндік редакторға жазып сақтаңдар. Қағазға басып шығарып, сыныптастарыңа таныстырыңдар. Олармен пікір бөлісіңдер.


Дескриптор

  • Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу ережесін құрастырады.

  • Ережені мәтіндік редакторға жазып, сақтайды.

  • Сыныптастарымен пікір бөліседі.


Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін тапсырма орындау белсенділігіне қарай «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Топтық жұмыс

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Оқушылар 2-тапсырма бойынша ең алдымен өзара топтық талқылау жасайды. Содан кейін кестені топтық талқылаудың қорытындысы бойынша ауызша жауап береді.


2-тапсырма

Төмендегі кестеде сауалнама берілген. Сауалнамаға ауызша жауап дайында.

Дескриптор

  • Кесте бойынщша топтық талқылау жүргізеді.

  • Кестедегі сауалнамаға ауызша жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін тапсырма орындау белсенділігіне қарай «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жеке жұмыс

  1. Белгілі уақыт режімінен артық Интернетте жұмыс істеудің қандай зияны бар?

  2. Интернет қауымдастықтарына мүше болудың қажеттілігі бар ма? Дәлелді мысал келтір.

  3. Жай тілдесу мен Интернетте тілдесудің қандай негізгі үш айырмашылығын атай аласың?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа жауап береді.

  • Үш сұраққа толық жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сұраққа жауап беру белсенділігіне қарай өзін-өзі «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Еркін жазу» әдісі

Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйретеді.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жұлдызшалар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:

































Сабақтың тақырыбы:№7-сабақ: Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.2.1 Жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;

3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Әлеуметтік желілермен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданатыны және оның қандай қаупі бар екені туралы әңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Желідегі ақпарат алмасу программалық қосымшаларымен танысады.

Кейбір оқушылар үшін:

Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жақтарын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық әрекетті үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Төрттік» әдіс

Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып, топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • 1, 2 және 3-суретте берілген программалық қосымшаларды қандай ортақ атау біріктіреді?

  • Сен желіде қандай программа қосымшаларын қолданасың?

  • Әлеуметтік желі мен мессенджер қосымшалары-ның айырмашылығы бар ма? Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу

«Жәшіктегі кітаптар» әдісі

Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.

Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».

Оқушылар: «Кітап».

Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».

Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң балалар 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.


Топтық жұмыс

«Кезбе тілші» әдісі

1-тапсырма

Төменде 1-кестеде сауалнама берілген (1-кесте). Сыныптастарыңның арасында сауалнама жүргізіп, кестені толтырыңдар. Оқушының пайдаланатын желісіне немесе мессенджеріне «+» таңбасын қойыңдар.

Кестені өңдеуге арналған сұрақтар:

  1. Сыныптастарың әлеуметтік желі мен мессенджерді көп пайдалана ма?

  2. Сыныптастарың мен құрдастарың мессенджерлерде құрған ортақ топ бар ма?

  3. Ең көп қолданылатын әлеуметтік желі қайсы?

  4. Ешқандай әлеуметтік желі пайдаланбайтын оқушылар бар ма? Нешеуі қолданбайды? Неге қолданбайды?

Дескриптор

  • Топ ішінен тілші тағайындайды.

  • Сауалнама жүргізіп, кестені толтырады.

  • Сұрақтарға жауап беріп, себебін анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай бір-бірін «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жұптық жұмыс

«Венн диаграммасы» әдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

2-тапсырма

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстыр. Ұқсастық пен айырмашылығын анықта. Мысалы, фейсбук пен уатсап.

Дескриптор

  • Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстырады.

  • Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай бір-бірін «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жеке жұмыс

«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

Оқушылар төмендегі берілген тапсырма бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады немесе көшіріп жазады т.б.

3- тапсырма

  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданамыз?

  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолданудың сенің жасыңдағы балалар үшін қандай қаупі бар?

  • Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс істеудің қандай тиімді жақтары бар?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа жауап береді.

  • Үш сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай өзін-өзі «Күлегештер» әдісімен бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, т.б.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Күлегештер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!