Материалдар / Циклограмма ортаңғы топ 2024-2025
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Циклограмма ортаңғы топ 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
2024
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
91
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1350 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қыркүйек айы 2024 жыл 1 апта


Күн тәртібі

Дүйсенбі

02.09.2024ж


Сейсенбі

03.09.2024ж


Сәрсенбі

04.09.2024ж


Бейсенбі

05.09.2024ж


Жұма

06.09.2024ж


Балаларды қабылдау

Балаларды әсем әуенмен,көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу,жағымды атмосфера орнату.Көңіл күйін сұрау.

Коммуникативтік дағды

Қызыл жүрекшемен көңілді тілек айтып қарсы алу,үйде немен айналысқанын сұрау. Коммуникативтік дағды

Шармен , көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу,балалық шақ күйін қосу.Шығармашылық дағды,ұлттық құндылық

Қонаққа келген қоянның ойыншығымен қарсы алу,қоянның сұрақтарына жауап беру. Коммуникативтік дағды

Достар әнімен қарсы алу. жағдайын,көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру . Жеке жайлы жағдай жасап қабылдау Шығармашылық дағды

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың көңіл-күйі, денсаулығы жайлы әңгімелесу.

Үйдегі өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалай қалыптасып жатқанын сұрау

Баланың үйдегі ойыншықтарға деген қызығушылығы жайлы сұрау

Балабақшадан кейінгі баланың өзін-өзі қалай ұстатйыны жайлы әңгімелесу

Демалыс күндердегі баланың күн тәртібі жайлы әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Күз мезгілінің маусымдық өзгерістермен таныстыру. Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауды үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Экологиялық білім беру және экологиялық мәденеиет

«Қай жануар артық»
Мақсаты: Жасырылған жануарларды таба алады.


«Қуыршақты киіндір» мақсаты: қазақ халқының ұлттық киімдерін тануға үйрету Ұлттық құндылық

Заттардың белгісі мен қасиеттерін анықтай білуге жаттықтыру. Табиғатты сүюге баулу Экологиялық білім беру және экологиялық мәденеиет

Асық ойындары«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Бестемше: «Дарабоз» (тәрбиеленушілердің арасында)

«Жарысқа шық, жанұя» (ата-аналардың арасында)

Ұлттық құндылық

Біртұтас тәрбие


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені ( (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Бала, оның отбасы, үйі.

«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту.

Қоршаған ортамен танысу

Біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету Шама ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

Математика негіздері

Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру

Құрастыру

Заттық сурет салу.

Түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру Сурет салу

Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Көркем әдебиет

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау.

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;


Қазақ тілі

ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Дене шынықтыру

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;

Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сіздерге арналған көп ойыншықтар бар. (Балаларға демонстрациялық көрнекілікті көрсете отырып, балабақшамен таныстыру) – Мынау не? – Оған не саламыз? т.б. сипаттарын атау, түсін, көлемін айту. – Мынау не? – Оған не саламыз? – Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар? – Мынау не? (Кереует – жататын төсек). – Онда не істейміз? (ұйықтаймыз, т.б.) топ, бөлме, кереует, қолжуғыш сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі.Қоршаған ортамен танысу,көркем әдебиет

Ойыншық үйді дәсүрден тыс сурет салу арқылы жасау

Дәстүрден тыс сурет салу

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата. - Күз мезгілі несімен қызықты? - Күздің неше айы бар? - Күзде адамдар қандай еңбек жасайды?Қошаған ортамен таныстыру,Сөйлеуді дамыту

ағаштаға құстарды салыстыруМатематика негіздері

Бар сиқыр осы қарындаштардың ұшында екендігіне тоқталады. Ұстағышпен ұстап олардың ұшын шығарады. Қарындаштың ұшымен, қатты баспай әдемілеп сызықтар сызуды көрсетеді. Қарындашты оң қолдың үш саусағы – бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақпен ұстап, ұшын қатты баспай әртүрлі сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызып, жұмыс жасау жолдарын көрсетеді

Сурет салу

Суретте неше түйе болса сонша дөңгелекті боя.Математика негіздері

Қағаз бетін ашық түсті дақтармен саусаққа жағылған бояумен жақпалармен толтырумен сурет салуға үйрету Сурет салу

«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын-жаттығуы. Бұл тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып, сурет бойынша сәйкестендіреді. Балалар мен шар, текше, доп сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі. – Төртбұрышты текшеге ұқсайды. – Сары түсті. – Шар – шар, текше – куб, доп – мяч. – Допқа ұқсайды, ол домалақ, домалайды. – Қарбыз допқа ұқсайды. – Алма шарға ұқсайды.Сөйлеуді дамыту


ағашта неше жапырақ болы?нешеуі түсті.Математика негіздері, Сөйлеуді дамыту

Педагог балалардан күзді қандай белгілеріне қарай анықтауға болатынын сұрайды. Күзде табиғатта қандай құбылыстар байқауға болады? Балалар өз болжамдарын айтады: Далада жаңбыр жауып тұр, күн суыта бастады, салқын жел соғып, сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн шығып тұрғанымен бұрынғыдай қыздырмайды. Сол арқылы балалардың табиғат құбылыстарының атауларын ауа райындағы өзгерістермен салыстыра отырып атап көрсету қабілетін нығайтады. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр, аңдар да қыстың қамын қылып жатыр. Адамдар егін жинап, көгөніс пен жемістерден қыста жейтін азық дайындап жатыр. Мысалы: жаңбыр жауды – жер батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн бұлттанды.Қоршаған ортамен таныстыру

Әндер мен тақпақтар және билерді қайталаукөркем әдебиет, музыка

Балалардың қалауы бойынша әжелерге арнап  тақия суретін бояуын ұйымдастыру,қарандаш

ты дұрыс ұстауын дамыту.

Түрлі түсті ермексаздан моншақ (дөңгелек) жасау.

Фланелеграфқа моншақ бөлшектерін жапсырып, моншақ тізу.

сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)

Еркін іс әрекеттер


Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату.

Еңбек Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып. (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: «Кімге қандай құрал керек?»

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Соқыр теке».

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған «соқыртеке» жіберіледі.Қалғандары оны «соқыртеке бақ-бақ»,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып «соқыртек» болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

Тренинг: «Біз тату баламыз».

Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.

Еңбек: Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Күзде не киеміз?»

Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру.

Қимылдық ойын: «Аттамақ».

Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

1.Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.

2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.

Тренинг: «Тырналар болып ұшайық».

Бақылау: Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.

Еңбек: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел»

Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек».

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Орамал тастау».

Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

Дербес ойындар:

1. «Желмен жарысайық»

2. «Менің әдемі үйім»(құрастыру)

Тренинг: «Қолшатыр астында».с

Бақылау: Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс:«Алтын күз» тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

Қимылдық ойын: « Ақ қояным»

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты»

Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты қабан ұшты»,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Дербес ойындар:

  • «Тәтті тоқаштар» пісірейік

  • «Мені қуып жет».

Тренинг: «Шаңырақ»



Бақылау: Құстардың күзгі тіршілігін бақылау.

Мақсаты: Құстардың күзгі тіршілігін қадағалай отырып, кейбіреуінің жылы жаққаұшып кететіндігі, ал кейбіреуінің қыстап қалатындығы туралы түсінік беру.

Еңбек: «Біздің ойыншықтар».

Мақсаты: Ойыншықтарын ұқыптап таза ұстауға, мұқияттылыққа үйрету.

Жеке жұмыс: Тақпақ: «Құстар қайтып барады».

Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттату арқылы сөздік қорларын молайту, дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету.

Қазан толы

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Қимылдық ойын: «Жүзік салу»

Мақсаты: Зейін қойып тыңдауға үйрету.

Қимылдық ойын: «Сымсыз телефон».

Ойын барысы: Балалар сап түзеп тұрады.Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз немесе сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, солай соңғы адамға дейін жалғасады.Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап әлгі айтылған сөзді сұрайды.Бастапқы айтқан сөзі кейде өзгеріп кетуі мүмкін, соны қате естіп өзгерткен адам айып өтейді.Айып түрлері: Ән салу, би билеу т.б

Дербес ойындар:

1.Тығылыспақ

2. Әткеншек тебу.

Тренинг: «Құс болып ұшайық».

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың  тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. (Музыка)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіруін қалыптастыру.Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Біреу – көп» ойыны. фланелеграфтағы бір және көп заттардың суреті салынған плакатты көрсетеді. Балаларды суретте қай заттар біреуден, қай заттар көп екендігін сұрайды. Кірпілер тек алманы ғана емес, саңырауқұлақтарды да қатты жақсы көретінін айтады. Суретте кірпілерді табуды ұсынада. Кірпілердің арқаларында нешесаңырауқұлақ барын ата? Себетте неше саңырауқұлақ барын ата? Математика негіздері,сөйлеуді дамыту Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Алаша қандай пішінге ұқсайды? Қандай түсті жолақтардан жасалған? –Балалар, ертегілер әлеміндегі ханзадаларға сиқырлы алашалар керек екен, көмектесіп жіберейік. Алдын ала үлгіден қиып алып дайындаған көк және қызыл түсті жолақтарды кезектестіре отырып, тігінен, солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз Жапсыру

көлеңке тауып орналастыру.Құрастыру

«Суреттерді қарап шығып, күздің бізге не сыйлағанын айтып бер. Күзгі жапырақтың суретін боя. Ол қай ағаштан үзіліп түсті екен?»

Қоршаған ортамен танысу

Жатыр дала жалтылдап, Жаз шуағын мол құйды. Күн астында алтын дән Тербеледі, толқиды. Толықсыған тасқындай Көкжиекпен ұштасып, Күн астында ақ бидай Билейді қол ұстасып.Көркем әдебиет

«Күзгі жапырақтардың түсуі» атты тыныс алу жаттығуына қатысады. Жаттығуларды орындайды: Бөтелкенің қақпағындағы есікке салынған түтікшеден үрлейді. Жел пайда болады. Түрлі түсті қағаз майлық қиындыларымен толтырылған бөтелке мен түтікшелер таратып береді.Қоршаған ортамен таныстыру

Балалар жіңішке жолақ қағаздардың әр түстерін таңдап, жапырақтарды үзіп қияды, көп жапырақ қиып алған соң оны ағаштарға орналастырады,қағазға жабыстырады.Құрастыру,жапсыру

Бұл не заттар? Түстері қандай ? Ұзындықтары, пішіні неге ұқсайды? Неден жасалған? Бұл – ленталар. Ұзын жолға немесе жолақтарға ұқсайды. Шүберектен жасалғанЕнді алдарыңда тұрған үлестірмелі материалдардағы ленталарға мұқият қараңдар. Бұл ленталар ұзын жолға ұқсайды. Осы ленталарды қылқаламды бояуға батырып бояйды.Сурет салу

Бес саусаққа киілетін театр әлемімен таныстыру, әр баланың саусағына кигізіп, саусақ театры туралы түсінік қалыптастыру

(Саусақ театры)


Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:

Міндеті: балаларға сурет оқу қызметі бойынша қарандашты дұрыс ұстауға үйрету.


Жеке баламен жұмыс:

Міндеті:сөздерді дұрыс айтуды үйрету

Жеке баламен жұмыс:

Міндеті: Өлең, тақпақтар жаттату

Жеке баламен жұмыс:

Міндеті: Балалармен қарым -қатынаста болуын дағдыландыру

Жеке баламен жұмыс:

Міндеті Балалардың есте сақтау қасиеттерін арттыру үшін, балаларға тақпақ жаттату

Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Балалардың жиі ойнайтын ойыншықтарын алып, шығу негізінде еркін.

ойындарын ойнату

Қимылды ойын

«Кім жылдам» эстафеталық ойын

Қимылды ойын:

«Шарды ұста»


Түрлі конструкторлармен дербес ойындар

Мысықтың және күшіктің дауысын салу.

Қимылды ойын

«Қайтала, қайталап жаса»


«Өз жұбыңды тап» ойыны

мақсаты: балаларға түстерді үйрету.



Қимылды ойын

«Тәй-тәй»

Пирамидалармен ойын

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналарға кеңес үйде ойын бұрышын ұйымдастыру.

Психолог кеңесі. (Жеке балаларға)


Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес: Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы.

Жобаны таныстыру: әжелер мектебі

Аналар мектебі

Әкелер мектебі


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қыркүйек айы 2024 жыл 2 апта


Күн тәртібі

Дүйсенбі

09.09.2024ж


Сейсенбі

10.09.2024ж


Сәрсенбі

11.09.2024ж


Бейсенбі

12.09.2024ж


Жұма

13.09.2024ж


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу, көңіл күйін қал жағдайын сұрау.Коммуникативтік дағды

Қазақ күйінің сүйемелдеуімен қарсы алу Ұлттық құндылық

Шығармашылық дағды

Қызыл жүрекшемен көңілді тілек айтып қарсы алу. Коммуникативтік дағды

Үш түрлі смайликпен қарсы алу.Жағымды атмосфера орнату

Әлеуметтік дағды

Қонжықтың таңғы тілегімен қарсы алу

Коммуникативтік дағды

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың көңіл-күйі, денсаулығы жайлы әңгімелесу.

Үйдегі өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалай қалыптасып жатқанын сұрау

Баланың үйдегі ойыншықтарға деген қызығушылығы жайлы сұрау

Балабақшадан кейінгі баланың өзін-өзі қалай ұстатйыны жайлы әңгімелесу

Демалыс күндердегі баланың күн тәртібі жайлы әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Жеуге жарамды – жарамсыз» жүргізуші белгілі бір көгөніс, жеміс, жидек немесе кез келген заттың атауын атап, қатысушыларға кезекпен доп лақтырады.Егер жарамды болса допты қағып алады (немесе қол шапалақтайды).

Экологиялық тәрбие

Қоршаған ортамен таныстыру

«Тату-тәтті отбасы» мақсаты: Балалар ойын арқылы отбасы мүшелерін дұрыс атауды үйренеді.

Коммуникативтік дағды


Музыка тыңдау шаттану. ойын: «Бұл не?»

Міндеті топ бөлмесімендегі заттарды атау

Коммуникативтік дағды

«Балабақшадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері»таныстыру,видеоролик көрсету

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған балалар әрекеті түрі

Қауіпсіздік ережелері. Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «Трамвай аялдамасы», «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыру

Бір тұтас тәрбие жоспарынан

Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені ( (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Қазақ тілі

Тілдің грамматикалық құрылымы

-сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру,

Байланыстырып сөйлеу:

-суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау

Сөйлеуді дамыту

Заттық мүсіндеу:

сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу

Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

Желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игеру

Жапсыру

Нан қоқымын шашпағдар

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.. Көркем әдебиет


Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау.

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;


Қазақ тілі

ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Дене шынықтыру

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;

Табиғи материалдармен ойыншық жасату(жаңғақтармен) мүсіндеу.

Мүсіндеу


Геометриялық пішіндерді таныстыруды жалғастыру. Карточкалармен жеке жұмыстарды орындату. Сәйкес пішінмен сызық арқылы қосу

математика негіздері

Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарда еркін іс әрекеттер

«Маша мен аю» ертегісін айтып беру, қайталап айту дағдыларын дамыту. Көңілді музыкаға би билеуді үйрету.

көркем әдебиет, музыка


сурет бойына оң жақ пен сол жақты ажырату.

Математика негіздері



Үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген кітаптарды қарату. Жануарлардың азығы жайлы түсінігін қалыптастыру сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет


Сурет бойынша тапсырма,оң жақ және сол жақ Математика негіздері


Әндер мен тақпақтар және билерді қайталату. көркем әдебиет, музыка


Құрастыру материалдарынан қуыршаққа үйшік құрастыруды жетілдіру. құрастыру



Еркін іс әрекеттер

Балалардың апта бойы жасаған жұмыстары бойынша еркін әрекеттерді ұйымдастыру.

сурет салу, мүсіндеу, жапсыру


Еркін іс әрекеттер

Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту

Серуен

Бақылау: Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді үйшікте Біреуі қардай ақ,

Аулада күшіктер Біреуі сұр жолақ

Біреуі оның қап-қара, Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Біреуі сары ала Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Әткеншек тебу.

2. Допты қуалау.

Тренинг: «Біз біргеміз».

Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.

Еңбек: Жапырақтардан гүл шоғын жасау

Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.

Жеке жұмыс: «Күзгі жапырақ» тақпақ

Қыстың жақын қалғанын, Желмен ұшып барады,

Жапырақтар сезгендей. Жерге қонып үлгермей

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.

Ойын: «Аю жүрген орманда».

Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Орта доп

2.Әткеншек тебу

3.Қуаласпақ

Тренинг: «Бір шаңырақ астында».

Бақылау: Алтын күзді бақылау.

Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.

Қуандырып біздерді, Кел жемісті алтын күз

Мерекелі күз келді Кемелденсін халқымыз.

Қимылдық ойын: «Жылғадан қарғып өтеміз», «Қоян мен қасқыр».

Мақсаты :Ептілікке, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: «Таза алаң»

Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: «Отбасы мүшелері»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Дербес ойындар.

Тренинг:«Біз татумыз».

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

«Қыстың қамын жаз ойла».

Еңбек: Біздің алаң.

Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.

Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату.

Мақсаты: «Суға түкірме «, «Нанды баспа», «Дастархан басында кекірме» т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Тығылыспақ.

2. Тартқышқа тартылу.

3.Допты қуалау.

Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.

Қимылдық ойын: «Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»

Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.

Еңбек: Гүл шоғы.

Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»

Сақта көше тәртібін Сары жанса , сабыр

Бағдаршамның ал «тілін» Сақтай тұрам әзір.

Біліпт алдым мен де: Жанса қызыл шоқтай,

Жасыл жанса, демде Қаламын кілт тоқтай.

Алға кетем лезде.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Төбешіктен-төбешікке секір.

2.Күн мен түн

Тренинг: «Күн шуағы».

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың  тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. (Музыка)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіруін қалыптастыру.Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ойыншықтар қайдан келеді? Бізге ойыншықты көп сыйлайтын адамдар? сөздік қорын кеңейту,байланыстырып сөйлеуді үйрету. сөйлеуді дамыту


Сылдырмақ

Өзінше бір жыр жырлап,

Отыр інім былдырлап.

Әрі ойыншық, әрі аспап

Қолында бар сылдырмақ.

К. Ыбрайұлы

Өлеңді оқып беру. Өлеңнің мағынасын түсіндіру. Бірге жаттау. көркем әдебиет


Балаларды орталықтарға бөліп құрастыру және сурет салу даңдыларын жетілдіру.

карточкаларға қарап құрастыру материалдарынан ойыншықтар құрастырту.

құрастыру

Дәстүрден тыс әдіспен ойыншықтар бейнесін бояту сурет салу


Көлік құралдары ойыншықтарымен таныстыру. Олардың өмірдегі қызметі туралы айту, қалай ойнауға болатынын көрсету.

«Артығын тап» (әуе жер, су көліктер) бойынша карточкалармен жұмыс жасату сөйлеуді дамыту

Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлініп көліктердің суретін салдырту, мүсінін жасату және қағазға жапсырту.сурет салу, мүсіндеу, жапсыру


Балалардың қалауы бойынша топтағы қалаған ойыншығын алуына жағдай жасап ойнату

Таңдаған ойыншығының суретін салу және жапсыру, мүсіндеу жұмыстарын орындату



Үй жануарлары мен жабайы жануарлар ойыншықтарын тамашалау. Олардың кітаптарға бейнелерін табу. Өз ойларын айтқызу.

сөйлеуді дамыту



«Менің қуаршағым»

тақырыбында әңгімелесу. Үйдегі қуыршағын сипаттау, топтағы қуыршақтармен салыстыра сөйлеуді үйрету

сөйлеуді дамыту


Өзінің сүйікті қуыршағының киімін бояу немесе ермексаздан сөмке, әшекей заттар жасауды меңгерту сурет салу, мүсіндеу.



«Ғажайып қоржын» ішінен бір ойыншықты ұстап сезу, бірақ көрмей атын атау.Топтағы ойыншықтарды сипаттауын ұйымдастыру. Қоржынана алған ойыншығы туралы не білетіндерін әңгімелету. Өздеріне ән немесе ертегі құрастыруына ықпал ету.

сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: «Ойыншықтар театры»: Мақсаты: ойыншық кейіпкер үшін іс-әрекет орындау, бейнелеудің басым құралдары дауыс ырғағы және бет қимылы болып табылады.


Еркін ойын:

«Жедел жәрдем.

Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының

Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес

балалардың топтарға бөліне білу және

аяқталғаннан кейін

қайтадан бір ұжымға бірігу бөлігін

қалыптастыру.

Психологтың жұмысы:

Ментемірмен үнді дыбысты (Р) дұрыс дыбыстауды қалыптастыруға жұмыс жасау.



Жеке баламен жұмыс: «100 сөз»

Тілі шықпаған балалармен зат атауларын қайталап тілдерін жаттықтыру





Жеке баламен жұмыс:

Бояумен жұмыс жасау дағдыларын жақсарту үшін қол моторикасы дұрыс дамымаған балалармен жұмыс жүргізу



Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи-тымпи»,- дейді.Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.



Қимылдық ойын: «Монданақ».

Ойын барысы: Монданақ ойыны бойынша белдік-белбеу әйтпесе орамалды шиыршықтап алып дөңгелене отырады.Ортаға біреу шығады.Отырғандар тізерлеп: «Әне кетті монданақ,міне кетті монданақ»,-деп әндетіп, ортадағы бала сырт айнала бергенде, оны соғып қалып, орамалын қайтадан жасыра қояды.Оны жасыра аллмаған ойыншы ортаға шығады.


Қимылдық ойын: «Көрші».

Мақсаты: Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты қабілеттерін одан әрі дамыту.Шапшаң қимылдап, жылдам жүгіруге үйрету.

Ойын барысы: Балалар екі-екіден қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының екі жағымен жүгірген бойы сызықтан өтіп қайтадан қол ұстасуы керек. Егер ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың алдына келіп тұрады.Ал қалған біреуі торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.

Балалар жүгіріп келе жатқанда торуылшы оларға арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған қасқыр қуып береді.Қолға түскен балалар ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.

Қимылдық ойын: «Итеріспек»

Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені.

Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.Ойын жалғаса береді.


Қимылдық ойын: «Үрпек төбет»

Мақсаты: Тез жүгіре білуге үйрету, жылдамдыққа , батылдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы:

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол ортада отырады.Қалған балалар оған жай ғана жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып, Момақан, сырт пішіні жуас салғырт

Әнекей жалбыр төбет жатыр сұлық, Ояталық жақындап барайық та,

Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып, Қайтер екен содан соң-қарайық та.

Төбет орынан ұшып тұрып үре бастайды.Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі.Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады.Төбет қайтадан ортаға отырады .Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Балалардың үйге қайтуы

Қазақ тіліндегі сөздерді зерделеу бойынша ұсыныстар беру

Режим бойынша өмір сүру» ауызша журнал

«Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі» ата-ана бұрышындағы кеңес

Ас атасы – нан» балалар-ата-аналар жобасы. Міндеті : нан туралы білімді жүйелеуде білім беру қатынастарына қатысушы ретінде ата-ананың қызметін жандандыру. Жоба балалардың назарын дастарханымызда қандай жағдайда пайда болатынына аударуға, нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге арналған. 3-4 жастағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту тақырыбы бойынша ата-аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар

Сәтті демалыс тілеу


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қыркүйек айы 2024 жыл 3 апта


Күн тәртібі

Дүйсенбі

16.09.2024ж


Сейсенбі

17.09.2024ж


Сәрсенбі

18.09.2024ж


Бейсенбі

19.09.2024ж


Жұма

20.09.2024ж


Балаларды қабылдау

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасылық дәстүр туралы жеке әңгіме, балалармен қарым-қатынас жасау және жақсы көңіл-күй қалыптастыру ойындары. Достық атмосферасын құру. «Жақсы көңіл-күй» ойынмен қабылдау

Коммуникативтік дағды

Сиқырлы сөздермен қарсы алу (көйлегің қандай әдемі т.б) Коммуникативтік дағды

Достық эстафетасы арқылы қарсы алу

Коммуникативтік дағды

Көңілді күн әнімен қарсы алу

Шығармашылық дағды

Қонаққа келген қуыршақпен қарсы алу

Коммуникативтік дағды

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың денсаулығы туралы ата-аналармен әңгімелесу. «Баланың шкафында не болуы керек?» кеңес беру


Баланың денсаулығы жайлы әңгіме

Баланың басқа балалармен қарым –қатынасы жайлы әңгіме

Топтық іс-шаралар мен меркелер жайлы әңгіме

Баланың көңіл күйі туралы әңгімелсу

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Жеке атауын ата»

 Мақсаты: көкіністердің аттарын жеке – жеке атап,түстерін, пішіндерін ажырата алады.Қоршаған ортамен таныстыру


«Құстарға көмектесеміз»

Мақсаты: Балалар құстар туралы түсініп, өз ойын айта алады.Экологиялық тәрбие


«Қайсысы қайда тіршілік етеді?»

 Мақсаты: суреттерден көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін айтады. Қоршаған ортамен таныстыру


«Балық аулау»

 Мақсаты: сұрақтарға жауап бергізе отырып, логикалық қабілетін дамиды

Танымдық дағдылар

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы

«Тілге бойлау» жобасы қазақ тілін меңгеру.Бір тұтас тәрбие жоспарынан

Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені ( (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Көкөністер мен жемістердің суретін салу Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

Сурет салу


Құрылыс материалдарынан әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру

Құрастыру


Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру Мүсіндеу


Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету

Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау Жапсыру


Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету)

Қоршаған ортамен таныстыру

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау.

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;


Қазақ тілі

ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Дене шынықтыру

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;

күз мезгілі туралы не білетінін анықтау. Олар туралы не білгісі келетінін сұрау.

Дидактикалық ойын «Кім екенін тап» ертегі желісі бойынша ойыншықты тауып, атауын үйрету.

сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет

«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны. Шарты: қапшықтан заттар бейнеленген суреттерді бір-бірден алып шығады. Мысалы: – Аспазға азық-түлік, қазан, таба, тамақ пісіретін плита керек. – Дәрігерге дәрумендер, температура өлшегіш (градусник), дәке керек.

сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру



«Бала бала балапан» әнін айтқызу. би қимылдарын жасату. Балапан туралы не білетінін сұрау. сөйлеуді дамыту


«Құс қанат» оюын таныстыру, қалаулары бойынша түстерді таңдап бояту.

сурет салу

ұлттық құндылық


Құрастыру материалдарынан карточкаларға қарап балапан құрастыруға көмектесу құрастыру

«Қай ертегіден» дидкатикалық ойыны арқылы суреттерді көрсетіп, қай ертегі кейіпкері екенін тауып, әңгімелеуді қалыптастыру. Ертегілерде күз бейнесі қалай бейнелегенін суреттерден көрсету. көркем әдебиет


Суреттегі ертегі кейіпкерлерін салысытыру, санату

математика негіздері


Балалардың таңдауы бойынша ертегі желісі негізінде шығармашылық жұмыстарды жасату. сурет салу, мүсіндеу жапсыру



Терезеден көліктерді көрсету, дауыстарын салу. Кімнің үйінде көлік бар.. Дөңгелектерін қалай ауыстырады. Диалог құруды үйрету.

көркем әдебиет


Әр түрлі көлемде ермексаздан дөңгелектер жасату. Оларды салыстыру, санату, (математика негіздері және мүсіндеу)


Көліктерге арнап гараж құрастырғызу (құрастыру)




Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту

Серуен

Күнді бақылау

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру: күнің қысқаруы, түннің ұзаруы түсінік беру.

Бақылау: Серуен алдыңда балалардың көңіл – күй көтере отырып, бүгін күн ашық, бірақ күн ыстық емес, жаздағыдай қатты қыздырмайды.

Тәрбиеші күннің ауысып, орналасқан жерін байқатады; (күндіз және кешкілікте) күннің шығуын, батуын бақылау; күн сәулесінің терезеге түсуі бойынша күннің орналасуын белгілеу.

Жұмбақ: Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды (күннің көзі)

Аспандағы алып доп

Жарқырайды жарық боп (күн)

Көркем сөз:

Күз де келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз де келді, күз келді

Көкте бұлттар жүзді енді.

Күз де келді, күз келді

Құстар мекен іздеді. Қ. Мырзалиев

Қимылды ойын: «Қоңыздар»

Еңбек: құмсалғышты жапырақтардан тазарту.


Шықты бақылау

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысы шықпен таныстыру.

Бақылау: Неге шөп дымқыл? Бұл дымқылдық қайдан келді деп ойлайсындар? Бұл қандай құбылыс? (Шық) Ол қалай пайда болды? ( күн ұясына батқаннан кейін жер, шөп, жапырақтар суып шық пайда болады.

Шық - бұл түнгі өсiмдiктердiң бетi және топырақтарда жиналған дымның тамшысы; Шық қандай ауа -райында пайда болады? Ашық күні ме ,әлде бұлтты күні бола ма?(шық ашық күні пайда болады, бұлтты күні болмайды.)

Жұмбақ:

Мөлдiреген жүзiмдi,

Ұстап едiм, езiлдi. (Шық)

Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгелі түсте жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын,

Мойнына ешкім таға алмас (Шық)

Қозғалмалы ойын: «Мысық пен торғайлар»

Алаңдағы еңбек: қураған өсімдіктерді жинау.


Күзгі аспанды, бұлтты бақылау

Мақсаты: Өлі табиғат аспан туралы түсінік беру; аспанның әсемдігін бақылауды қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту, аспанның ашықтығы туралы білімдерін жетілдіру.Бұлт туралы түсінік беру.

Аспанның түсі күзде қалай өзгереді? (аспан кеңейген сияқты, жақсы көрінеді, жоғарғы жағы қою күлгін, ал шеттері ақшыл).

Түнде және күндіз аспанда не пайда болады? (Аспан ашық: күндіз – Күн, кешке – ай және жұлдыздар)

Болжам: аспанда бірнеше күн ақ бұлттар пайда болса- күннің суытқаны.

Жұмбақтар:

Аспаннан домалап, көп моншақ төгілді,

Бусанды бар алып, терледі, керілді. Бұл не? (Жаңбыр)

Күндер қысқарады, түндер ұзарады

Кім біледі, кім айтады бұл қай кезде болады? (Күз)

Жұмбақ:

Көлігі жоқ, көшеді,

Өзін кезбе деседі. (бұлт)

Қозғалмалы ойын: «Орамал тастау».

Алаңдағы еңбек: Құмсалғышты қоқыстан тазарту. (жапырақ, қағаздарды жинау)


Аула тазалаушыны бақылау

Мақсаты: Балаларға аула тазалаушы еңбегі жөнінде мағлұмат беру. Үлкендер еңбегін бағалай білуге. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында азда болса өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Қамымызды ойлайды

Тазалайды жинайды

Құрметтейміз бәріміз

Тазалықшы ағайды

Қараңдаршы , жолдарда қаншама жапырақтар жатыр. Ол жапырақты кім тазалайды?

*Аула тазалаушы қандай еңбек етеді.

*Ол кісінің қолында қандай құралдары бар?

*Біз өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауымыз керек пе?

*Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

Мақсаты: қоқыстарды белгіленген орынға жинауға, үлкендерге көмек көрсете білуге тәрбиелеу; аула тазалаушының құралымен танып, білу.

Қимыл – қозғалыс ойын: «Жапалақ»

Мақсаты: Баланы біраз уақытқа дейін қозғалмай тұруға және мұқият тыңдай білуді үйретеді.

Еңбек алаңында жұмыс істеу: қоқыстарды белгіленге орынға жинау.


Күзгі желді бақылау

Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстары,желдің соғуын,желдің бағытын,жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау. Жапырақтардын желден сыбдырлағаның тыңдау. Қағаздан жасаған таспа(лента), неге сыбдырлайды? (соққан желден қозғалып сылдырлайды) . Жерге түскен жапрырақтарды, жоғары қарай лақтырып бақылау. Балалармен желді күні бұлттардың қозғалысын бақылауға болады .Желдің қатты соғуын анықтау үшін олармен ойын ойнатамыз айналма (вертушка ), желбіреуішпен.

Көркем сөз:

- Бұлт-ау көктен төнесің,

Қайдан көшіп келесің,

- Мухит үрлесе, желемін!

Жел үрлесе желемін!

Қимыл – қозғалыс ойын «Ұшақтар».

Мақсаты : әр –түрлі бағытта жүгіріп жүруге үйрету, бір – бірін қағып соқпай жүруге үйрету. Белгі бойынша жүріп тоқтауға жатықтыру.

Алаңдағы еңбек . Екі топқан бөлініп ұшқан жапырақтарды шелек жинау.


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың  тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. (Музыка)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіруін қалыптастыру.Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Таңертең қандай іс әрекет жасағандарын күн тәртібі кестесі бойынша көрсету. Жыл мезгілдерін санау, табиғат бұрышынан өзгерістерді анықтату. математика негіздері


сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

Желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игеру. мүсіндеу, жапсыру


Табиғи материалдардан үй құстарына үйшік құрастырту.

құрастыру


Үстел үсті театр ойыншықтарын сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру дағдыларын дамыту

Математика негіздері,көркем әдебиет

Құрастырмалы ойынышықтардан төрт түлікке қора құрастырту

Құрастыру

Фланелеграфта төрт түлікті төлдерімен сол жақтан оң жаққа қарай жапсыруды пысықтау

Жапсыру


Торғай ойыншықтарын сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру мен салыстырту (үлкен, кіші)

Математика негіздері


«Әнші балапан» әнін тыңдату, сюжеттік мүсіндеуді орындату.Мүсіндеу,музыка


«Шалқан» және «Жеті лақ» ертегілерін айтып беру дағдыларын пысықтау. Кітаптарға қарап айту. дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білуін пысықтау.

сөйлеуді дамыту

Кітаптардан ертегілерді қарау. Суреттер арқылы ертегі айтып беру дағдысын қалыптастыру.

сөйлеуді дамыту

Балалардың таңдауы бойынша көлік түрлерінің суретін салып, дайын дөңгелектерді көліктерге жапсыру жұмыстарын орындату сурет салу, мүсіндеу, жапсыру

Балалармен жеке жұмыс

«Қимылды есте сақта»

Міндеті: көрсетілген қимылды түсіну, есте сақтау және көбейту қабілетін дамыту; қол-көз жадын, зейінді дамыту Физикалық дағдылар



«Ертегі кейіпкерін біл» Міндеті : кейіпкерді аталған белгі бойынша анықтау Қарым-қатынас дағдылары


«Кім қайда ұйықтайды»

Міндеті : ақыл-ой қабілетін, негізгі геометриялық фигура туралы түсінігін дамыту; түс атауын бекіту; үлгі бойынша таңдау Танымдық және зияткерлік дағдылар

әрекетін қалыптастыру

«Саусақтармен сурет салу»

Міндеті: ұсақ моториканы дамыту; түстерді зерттеуге көмектесу Шығармашылық дағдылар, зерттеу қызметі


«Зат және әрекет» Міндеті: балалардың заттың қасиеті туралы білімін бекіту; олардың сөздік қорын байытуға және кеңейтуге ықпал ету Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар


Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

«Қояндар мен қасқыр» ойыны

Мақсаты: Балаларды кеңістікте берілген белгі бойынша қимылдауға үйрету.

Міндеті:Балаларды мәтін сөзіне байланысты қимылдауын қалыптастыру.

Ойынға қатысушылардың біреуін қасқыр етіп таңдап алады, қалған балалар қоянның рөлін бейнелейді.

Алаңның бір жағында қояндар өздеріне үйшік жасап жатады (дөңгелектер сызады). Ойын басында қояндар өздерінің үйлерінде тұрады, қасқыр-алаңның екінші шетінде. Тәрбиеші былай дейді:

Шоқақ- шоқақ жүгіріп, Шөпті жалмап жеседі,

Қояндар кетіп барады. -Қасқыр жоқ па?-деседі.

Тұрған көгі құлпырып.

Тың-тыңдайды абайлап.

Көгалды іздеп табады.

Қояндар үйлерінен жүгіріп –жүгіріп шығады да, алаңда ойнай бастайды.

Олар бірлесе екі аяқтап секіреді, біресе тізерлеп шөп жұлады. Қасқыр келіп қалған жоқ па екен деп жан –жағына қарайды. Тәрбиеші соңғы сөзін айтқан кезде қасқыр сайдан шығады да қояндарды ұстауға ұмтылып, қуа жөнеледі. Қояндар өз үйлеріне қарай қашады. Ұстаған қояндарын қасқыр алып кетеді. Қасқыр кетісімен тәрбиеші өлеңнің мәтінің қайталайды, ойын басынан басталады. 2-3 қоянды ұстағаннан кейін басқа қасқыр белгіленеді.

Балалар үйшікті бір-біріне жақын жасамауын қадағалау керек.

«Отбасы мүшелерін ата»

Мақсаты: Балалар отбасы мүшелерін орын-орнына орналастыру. Есте сақтау, зейін қою қабілеттерін жетілдіру.

Ойнаушылар саны: 8 бала

Құрал-жабдықтары: Отбасы мүшелерінің суреттері; апа, ата, әке, шеше, ағай, апай және бала.

Ойынның барысы: Тәрбиеші үстел үстіне отбасы мүшелерінің суретін қояды. Балалар бір бірден шығып сурет арасыннан өз отбасында кім бар екенің тауып, атап, көрсетіп береді.

«Әуе таяқ»

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.

Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

«Сипап сезу арқылы санау»

Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

Тышқан мен мысық.

Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.

Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.

Қажет құралдар: мысық мен тышқан бетперделері.

(дене шынықтыру)

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Балалардың үйге қайтуы

Ата-анаға кеңес: Үйде баласымен қарандашпен жұмыс жасауларына кеңес беру.

Ата-аналарға балаларға оқылатын қызықты ертегілер туралы ақыл-кеңестер беру.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес: Бала өміріндегі жолда жүрі ережелері.

Демалыстарды жақсы өткізу ниетін білдіру


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қыркүйек айы 2024 жыл 4 апта


Күн тәртібі

Дүйсенбі

23.09.2024ж


Сейсенбі

24.09.2024ж


Сәрсенбі

25.09.2024ж


Бейсенбі

26.09.2024ж


Жұма

27.09.2024ж


Балаларды қабылдау

Балалық шақ күйінің сүйемелдеуімен түрлі түсті асықтармен қарсы алу.

Ұлттық құндылық

Қонаққа келген қуыршақпен қарсы алу

Сұрақ-жауап доп арқылы

Коммуникативтік дағды


Достық эстафетасы арқылы қарсы алу Коммуникативтік дағды



Балаларды қоңыраумен қарсы алу. Сылдырлатып қоңырауын соғып кіріп,келесі балаға береді

Коммуникативтік дағды


Сиқырлы сөздермен қарсы алу (көйлегің қандай әдемі т.б)

Коммуникативтік дағды


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Баланың бақшаға бейімделуі жайлы әңгіме

Баланың денсаулығы жайлы әңгіме

Баланың басқа балалармен қарым –қатынасы жайлы әңгіме

Топтық іс-шаралар мен меркелер жайлы әңгіме

Баланың көңіл күйі туралы әңгімелсу

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Мнемотехника әдісі. Ойыншықтарды сипаттау. Әр топ балалары өздерінің қолындағы ойыншықтарды сипаттап айтып береді.Коммуникативтік дағды


«Әжең туралы әңгімелеп бере»баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту. Коммуникативтік дағды


«Көңілді кубиктер »Кубиктерді пайдаланып, түрлі құрастырулар жасайды.«р», «қ»дыбыстарын дқрыс айтуға үйрету. Коммуникативтік дағды



Тақпақ жаттау. «Ойыншықтар».Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін

Көркем әдебиет.

«Қасқыр мен түлкі»тапқырлыққа үйренеді, ,ертегінің соңын өз қиялдары бойынша аяқтауды біледі.арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалармен жеке жұмыс.

Түстеріне қарай заттарды топтауға үйрету.


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені ( (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

«Адам еңбегі» презентациясын қарауМіндеті: балаларды Адам еңбегімен таныстыру; балаларға еңбек өте маңызды екенін, бір-бірімізге көмектесуіміз керек екенін көрсету

қоршаған ортамен таныстыру


«Кімге онсыз оларсыз болмайды?»Міндеті: балалардың әртүрлі кәсіптердегі адамдарға қажетті материалдар, құралдар мен жабдықтар туралы білімдерін бекіту; кәсіптердің атауын қазақ тілінде оқыту қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі


«Күзгі орманда»

Міндеті: қарама-қарсы сипаттағы аспаптық пьесаларды тыңдауға үйрету. Ән айту: аспаптың сүйемелдеуімен ересек адаммен бірге ән айту дағдыларын қалыптастыру. Музыка


Психогимнастика «Бағбан» жаттығуы

Міндеті: қиялды, қимылдардың мәнерлілігін дамыту

физикалық дағды

«Жұмысты таңдау» дидактикалық ойыныМіндеті: балаларға еңбегі бақылау саласында болмаған адамдардың кәсіптері туралы қарапайым түсініктер беру; кез келген кәсіптегі адамдардың еңбегіне қызығушылық тудыру; кәсіптердің атауын қазақ тілінде бекіту сөйлеуді дамыту, қазақ тілі


Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.


Музыка

Музыка тыңдау.

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;


Қазақ тілі

ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Дене шынықтыру

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;

Балаларға келген хаты көрсету. Ашып хатта суреттерді алып көрсету. Бұл қандай жеміс немесе көкөністанисыңдар ма?деп сұрау Әр балаға бір сурет алып атауға беру. Ол атауларда дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айтқызу арқылы дыбыстардың

артикуляциясын нақтылау және бекіту

Сөйлеуді дамыту


Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын. Жеп көргендер тамсанған

Балдай тәтті қауынмын.Көркем әдебиет

Ойын мен ойын

жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту.

Екі бала арасында доппен ойын. Допты бір біріне берер кезде бір бала жемістерді,

ал екіншісі көкөністерді атайды. Барлық баланың ойын ойнауын қамтамасыз

ету.

Сөйлеуді дамыту


Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарға бөлініп

дербес шығармашлық әрекеттер жасау.

Ыдыстарға жемістер мен көкөністерді

салу. Балалардың қалауы бойынша Сурет салу

Ширату, созу

тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді

мүсіндеу.

Мүсіндеу



Геометриялық пішіндерді тану

( дөңгелек, үш бұрыш, шаршы) және атау.

Жемістермен көкөністер қандай пішінге сәйкес келеді. Карточкалармен жұмыс.

Математика негіздері


Пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану арқылы қарапайым құрылыстар құрастыру.

Құрастыру

Кітап орталығында кітаптардан жемістер мен көкөністердің

суреттерді көрсетіп сұрақтар қою.

Тіл ұстарту

жаттығуын жасау.

Із із із бақшадағы сәбіз

Ет – ет- ет- алма толы себет. Сөйлеуді дамыту

және көркем әдебиет



Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру дағдыларын жетілдіру.

Құрастыру

Балаларға топтағы жеміс пен көкөніс макет ойыншығымен ойнауға жағдай жасау. Ойнапотырған ойыншығы тура сұрау. Бұл ойыншық несімен ұнайды. Оның түсі, пішіні қандай және т.б сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Апта бойы жаттаған тақпақ пен тіл ұстарту жаттығуын қайталап айтқызу.

Сөйлеуді дамыту

және көркем әдебиет


Балалардың қалауы бойынша сурет салу немесе ермексазбен

еркін шығармашылық жұмыстар

ұйымдастыру. Сурет салу Мүсіндеу

Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту

Серуен

Бақылау: Күз мезгілін бақылау
Мақсаты: балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.
Еңбек: Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату.

Мақсаты: Еңбекке баулу.

(еңбек қызметі)

Көркем әдебиет бойынша жеке жұмыс.

Көркем сөз: «Күз»

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Қимылды ойын. «Кептерді қуып жет»
Мақсаты:Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

(дене қозғалысы қызметі)

Еркін ойындар.

Бақылау: Бұлтты бақылау
Мақсаты: балаларға бұлттың неге ұқсайтынын, қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.

Еңбек: Учаскедегі шашылған жапырақтарды жинату.

Мақсаты: Еңбекке баулу.

(еңбек қызметі)

Көркем әдебиет бойынша көркем сөз: «Бұлт» Қ. Әлімқұлов
Түрленді дала, бау- бақша,
Құлпыра қалды тау жақта.
Қара бұлтты жел қуып
Жөнеп берді аулаққа.

Қимылды ойындар. «Түсті автокөліктер»

Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Еркін ойындар

Құстарды бақылау
Мақсаты: Күзгі құстардың өмірі жайлы түсінік беру.

(қоршаған ортамен танысу-әлеуметтік қызмет)

Көркем сөз: «Суық торғай» (С. Қалиев)

Торғай-торғай тоңдың ба, Қарап қойып жай ғана,

Тұра алмайсың орныңда?

Жем іздейсің айнала.

Бір қонасың, бір ұшып,

Үйге кірші, торғайым,

Отырасың бүрісіп. Мен аяздан қорғаймын

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

(еңбек әрекеті)
Балалармен жеке жұмыс: балаларға өздері білетін құстар туралы тақпақтар айтқызу.
Қимылды ойын3 «Ақ қоян»

(дене қозғалысы)

Еркін ойын

Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.

Еңбек: Шашылған жапырақтар қалдықтарын жинау.

Мақсаты: еңбекке баулу.

(еңбек қызметі)
Көркем сөз: Ертегі оқып беру
«Ағаштар ұйықтайма?»

(көркем әдебиет-әлеуметтік қызмет)
Қимылды ойын.

«Қасқырлар мен лақтар»

(дене қоғалысы)

Еңбек әрекеті



Құмдағы іздерді бақылау
Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету. Өз іздерін бір-бірімен салыстыру.

Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.

Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

(еңбек қызметі)
Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

(көркем әдебиет-коммуникативті қызмет)

Жеке жұмыс: «Күз» тақпағын қайталап айту

Қимылды ойын.

«Жапалақтар»
(дене қозғалысы)

Еркін ойын

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың  тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. (Музыка)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіруін қалыптастыру.Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Көкөністер мен

жемістерді себеттерге салу.

бірдей заттарды салыстыру бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру

Математика негіздері


Сазбалшық, қамыр,

ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу.

Ұжымдық жұмыс жүзім. Балалар бір бірден жасап, сабағына жинап, жүзім

сабағын жасау.

Мүсіндеу


Дайын пішіндерден заттардың бейнесін

жасауға үйрету.

Жапсыру

Жемістер мен көкөністер туралы видео материал көрсету. Тыңдауға,

бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Көркем әдебиет

бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа), олардың

ерекшеліктері туралы білімдерін

қалыптастыру. Қоршаған ортамен таныстыру

Жалпы

белгілері бойынша жемістер мен көкөністерді

топтастыру.

тақпақты мағыналы, асықпай және

дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Иісім жұпар аңқыған, Бақшадағы шырынмын. Жеп көргендер тамсанған – Балдай тәтті қауынмын.

Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет


желімдеудің техникасы; желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып

алуды үйрету арқылы жемістерді жапсыру. Жапсыру

дөңгелек пішінді жемістердің суретін салу Сурет салу


көңілді музыкаға, еркін би қимылдарын жасау арқылы көңіл күйлерін көтеру

музыка

Алдын ала даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуі; үлкен және кішкентай көкөністерді жапсыру. Жапсыру


Құрастыру заттарынан ағаштармен жемістер құрастыру

Құрастыру

Балалармен жеке жұмыс

Күз мезгілінің белгілерін үйрету

Күз айларын атауға үйрету

Күзгі киім үлгілерін білуге үйрету

Күз мезгіліндегі адам еңбегімен таныстыру

Күз мезгіліндегі ауа райы құбылыстары жайлы бачндауға үйрету

Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Қ/о «Ақ доп, қызыл доп»

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулер


Қ/О «Поезд»

Кешкі табиғаттың ерекшеліктерін атауды үйрету.

«Артығын тап» дидактикалық ойын негізінде геометриялық пішіндерді тану және атауды пысықтау

(Математика негіздері)


Қ/О «Допты дәлдеп лақтыр»



Қ/о «Торғайлар мен автомобиль»

Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Нешеуміз? Тақпағын қайталап пысықтау

(көркем әдебиет)


Қ/О Құстардың ұшып келуі»

Еркін ойындар.


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Балалардың үйге қайтуы

Баланың бүгінгі көңіл-күйін баяндау

Баланың бүгінгі тәртібі жайлы әңгімелесу

Баланың бүгінгі жетістігі жайлы әңгіме

Ауа райына байланысты баланың киімі туралы әңгіме

Алда болатын іс-шараларға қатысты әңгіме




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!