Материалдар / Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
219
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.

Бөлім:

9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.

Оқу мақсаты:

9.3.1.2 - энергия ағымының тиімділігін есептеу

9.3.1.3 - энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру

Бағалау критериі:

  • Экожүйедегі энергия ағымын есептейді

  • Экологиялық пирамида түрлерін салыстырады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:

(G/P) суреттерден қоректік тізбектің құрастырымын жасайды.

(T) Оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың шіруі туралы баяу бейне жазбасын көрсету

(I) Оқушыларға ресурстардағы веб-сайттың көмегімен өздерінің қоректік тізбектерін құрайды. Кілт сөздермен белсенді жұмыс

Қарапайым қоректік тізбекте энергия ағымы сипатталады

Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталатын 1942 жылы ашылған Р.Линдеман заңына түсінік беру.

(G/f)) Оқушылар топта жұмыс жасайды: Энергия ағымының тиімділігін есептер шығару .

1,2,3,4 тапсырмаларды әр топқа беруге болады. Сараптау.(дифференц.)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Презентация

http://www.naturefootage.com/stockfootage/Time_Lapse_Decompose көрсету, тышқанның ыдырап кетуі

презентацияда

ресурстар

таратпа материалдар

Презентациядағы есептерді басып (печать) беруге болады.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма бередіЭкожүйе құрылымын талдайды

Қоректік тізбектер құра біледі

  • Қарапайым қоректік тізбектегі энергия ағымын сипаттай алады

  • Экологиялық пирамиданың «10 % ереже» негізінде тапсырмалар орындайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Популяция санының қисық сызығын түсіндіреді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

Тапсырма №1. «Энергия ағымының тиімділігін есепте»

  1. Шымшықтардың (екінші реттік консумент) 1кг массасында 4000 ккал энергиясы бар делік, ал ормандағы фотосинтездің ПӘК-і (КПД) 2% ды құрайды. Үстінен 2*107 ккал күн энергиясы түскен бірлестіктің салмағы орташа 20гр. осы құстардың қанша саны тамақтана алады.

1)

Екінші реттік консументтер қорекпен бірге қабылдайтын энергия мөлшерін анықтаймыз.

Ол үшін Линдеман ережесін ескереміз :

2)

Енді орман бірлестігінде қанша шымшық саны қоректенуі мүмкін болатынын табамыз.






1.Тапсырма.

Жауабы:

Фотосинтез үрдісі нәтижесінде ормандағы өсімдіктер пайдаланған күн сәулесінің энергия мөлшерін табу;

пропорция құрамыз:

2*107 ккал – 100%

Х – 2%

?

Х = (2*107 *2)/100 = 4*105

















Массасы 20 гр бір шымшық денесіндегі энергия мөлшерін тауып аламыз:

4000 ккал – 1кг (1000г)

Х – 20 г

Х = (4000*20)/1000 = 80 ккал





3)1 шымшық – 80 ккал

Х – 4000 ккал

Х = 4000/80 = 50 шымшық

Дискриптор:

Жалпы-3 балл

1. Тапсырманы орындайды.

2. Графикпен жұмыс жасайды.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

Тапсырма №2.


2. Тапсырма жауабы:

1.Әрбір деңгейдегі жеке ағзалардың санын көрсетеді.

Қоректік деңгейдегі энергия ағынының немесе "өнімділігінің" шамасын көрсетеді.

Әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы құрғақ салмағын сипаттайды.


Дискриптор:

Жалпы-3 балл

1. Мәліметтерді талдайды

2. Диаграмма сызады.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Сандар, биомасса мен энергия пирамидасын сызба түрінде көрсетіп түсіндіре алады

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.







Оқушының аты-жөні ..................................................................................... сыныбы ............ күні ....................

Бағалау критерийлері

Жақсы

Өте жақсы

Тырыстым

Құрбымның көмегі қажет болды

Мұғалімнің көмегі қажет болды

  • Өз ойын ортаға салады







  • Өзгені тыңдай біледі







  • Кілт сөздерді орнымен пайдаланады






  • Экожүйе құрылымын талдайды






  • Қоректік тізбектер құра біледі






  • Қарапайым қоректік тізбектегі энергия ағымын сипаттай алады






  • Экологиялық пирамиданың «10 % ереже» негізінде тапсырмалар орындайды.






  • Сандар, биомасса мен энергия пирамидасын сызба түрінде көрсетіп түсіндіре алады











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!