Материалдар / Елбасы жолдауы- ел тарихындағы айшықты оқиға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Елбасы жолдауы- ел тарихындағы айшықты оқиға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
442
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасы жолдауы- ел тарихындағы айшықты оқиға

Турганбаева Диана Бауыржанқызы, 10 класс, Ақтөбе қаласы, №39 қазақ жалпы орта білім беру мектебі. Жетекшісі: Диханова Б. Ж., тарих пәні мұғалімі.

Жұмыстың өзектілігі: Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Мемлекетіміз сынақтарға төтеп берді, шынықты және нығайды. Бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік.Осы уақыттарда қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды жекешелендіру мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық компаниялардың келуі және де біз жаңа елордамыз – Астананың құрылысын қолға алдық, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бағдарламасы нәтижесінде дамыған 50 елдің қатарында болдық. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен ауылдарды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді.

Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы жетістіктер ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының, нақты және уақытылы стратегиялық жолдауларының нәтижесі деп сеніммен айтуға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекетімізді дамытуға арналған стратегиялық бағдарламалардың авторы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауларының маңызын жан-жақты ашу, талдау және оқушылардың бағдарламаларды қабылдауына жол ашу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Елбасы жолдауын маңыздылығына талдау

  2. Мемлекетімізді дамытуға арналған стратегиялық бағдарламалар жөнінде оқушылардың көзқарасын және қарым-қатынасын анықтау.

Жаңалығы:

Қазіргі жасөспірімдердің мемлекеттік даму бағдарламаларына көзқарасын анықтауда және де елдің болашағына тікелей араластыруда осы зерттеу жобасының жаңашылдығы айқындалады.

Зерттеу әдістері:

  1. Контекст талдау

  2. Сауалнама(8-9 сынып оқушылары)

  3. Салыстыра талдау

Дағдарысқа қатысты басты үш стратагема:

Өсу: Қазақстанның неғұрлым дамыған елдерінің отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономиканың өсу қарқының қалпына келтіру. Жеке бастамаларды дамыту арқылы өсудің жаңа көздерін табу.

Реформалар: Экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Мемлекеттік және корпоротивтік менеджментті, қаржы және фиксалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау.

Даму: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлымы әлсіз топтарына атаулы көмек қағидаттарында, барлық мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымда қайта жаңғырту.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсанда таныстырып, мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы Қазақстан тарихын зерттеу және ұлттық мұрамызды паш етуге бағытталған ірі алты жобаны таныстырды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Елбасы айтқандай, «Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру - мақсатымыз» болса, Жолдауда көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ елінің басына туатын ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, мәңгілік ел – Қазақ елі болатынымыз айдан анық. Ең жақсы жоспар – заман талабына бейімделген жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отыруымыз керек. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз – Қазақстанды мәңгілік ел ету деген Елбасы сөздері әр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын.

Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Елбасы өз сөзінде ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсетті. Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіліенген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.

...2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерге беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары – «Жаңа халықаралық университет», «Арнаулы қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.Сол себептен де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» болашақ білікті мамандарды оқытып, жұмыс істеп келеді.

Сауалнама нәтижесі:



Жауап берушілердің көпшілігі мемлкеттік бағдарламалармен танысудың маңыздылығын етене түсінеді, алайда мұнымен келіспейтін де, жауап беруге қиналатын оқушылар жетерлік.



Оқушылардың жартысы мазмұнымен ішінара танысатынын айтты және мүлдем таныспағандар үлесі әрдайым қызығушылық танытатындарға қарағанда әлдеқайда басымырақ.





Көбінесе барлығы түсінікті болғанымен, жасөспірімдер саясатты ұғына алмайтын және мәтіннің қабылдауына қиындық тудыратынын айтып өтті.





Жауап берушілердің мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін жоғары бағалауы олардың маңызын түсінетіндігінің дәлелі болып табылады.



Осы мемлекеттік бағдарлама нәтижесі ел экономикасына оң әсер етеді және осының барлығы ел беделін арттырады.

Қорытынды:

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктін туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Көк байрағымызды алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!