Материалдар / Факультатив "Туған жер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Факультатив "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге»көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын ұсынды. «Туған жер» бағдарламасы: - біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
2476
101 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Курс бағдарламасы

Р/сТақырыбыСағат саныМерзімі
1Кіріспе. Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер108.09
2Қ.Р тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау туралы Заңдары. «Мәдени мұра » бағдарламасы115.09
3Айша-Бибі кесенесі122.09
4Айша-Бибі кесенесі129.09
5Бабаджа-Хатун кесенесі106.10
6Қарахан кесенесі113.10
7Қарахан кесенесі120.10
8Тектұрмас кесенесі127.10
9Қожа Ахмет Яссауи кесенесі110.11
10Тайғазан Түркістандағы-қасиетті қазан117.11
11Арыстанбаб кесенесі124.11
12Жошы хан кесенесі130.11
13Жошы хан кесенесі108.12
14Қозы Корпеш-Баян Сұлу мазары115.12
15Қозы Корпеш-Баян Сұлу мазары122.12
16Қабанбай батыр кесенесі128.12
17Қабанбай батыр кесенесі112.01
18Рабия Сұлтан Бегім кесенесі 119.01
19Домбауыл кесенесі126.02
20Қалжан Ахун медресесі102.02
21Қарақожа мешіт медресесі. Жүсіп ата кесенесі109.02
22Махамбет Өтемісұлының ескерткіші116.02
23Махамбет Өтемісұлының ескерткіші123.02
24Алаша хан кесенесі 102.03
25Алаша хан кесенесі109.03
26 Жұбан ана кесенесі116.03
27Қорқыт ата ескерткіші 106.04
28Қорқыт ата ескерткіші113.04
29Домалақ ана мұнарасы120.04
30Абылай хан стелласы127.04
31Әбдіғапар ханның кесенесі104.05
32Әбдіғапар ханның кесенесі111.05
33Кейкі батыр кесенесі118.05
34Кейкі батыр кесенесі124.05


Барлығы: 34



Бағыты: қоғамдық-гуманитарлықБейіні: тарих «Туған жер» таңдау курсының тақырыбы: «Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер» ( 5-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) Түсінік хат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге»көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын ұсынды.«Туған жер» бағдарламасы:- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге; - екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.); үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге; төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» болып табылады;

Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын оятып, дүниетанымын кеңейту үшін осы оқу жылы 5сынып оқушыларының сабақ кестесіне «Туған жер» атты арнайы курс енгізіліп отыр. Осы курсқа оқушылардың рухани мәдениетін жаңғыртудағы «Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштер» деген атау беріп отырмын. Себебі, туған өлкеміздің тарихын жан-жақты білу үшін көзбен көріп, санаға сіңіру мақсатында тарихи орындарға, ескерткіштерге, мәдениет ошақтарына саяхатқа бару. Бұл- рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Қазір Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: « Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс». Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5-шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Сонымен қатар «Мәдени мұра» бағыты бойынша тарихи ескерткіштердің оқушыларға тәрбие берудің маңызы зор.Факультативтік курс оқушылардың Қазақстан жеріндегі тарихи ескерткіштері туралы танымын кеңейтіп, патриоттық сезімін ұлғайтады, туған өлкесі туралы түсініктерін нығайтады. Мақсаты: -Оқушыларға Қ.Р тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау туралы Заңдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Туған өлкеміздегі тарихи орындардың, ескерткіштердің салынуы және оның ғылыми тұрғыдан зерттелуі туралы мәлімет беру. Туған жеріндегі ескерткіштерімен өз Отанымен мақтануға және биік рухқа көрінуге тәрбиелеу.

Міндеттері:-Өз жерінің тарихы, ескерткіштері жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;- Жеке тұлғаның бойында ізденушілік- зерттеушілік қасиетін экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту; - жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Күтілетін нәтиже:-Оқушы кез-келген тарихи оқиғаларға,ескерткіштерге өзіндік баға бере алады.-Алған білімін өз бетінше практикада қолдана алады;олимпиадада, ғылыми жоба сайыстарына қатыса алады;

Өзектілігі: Оқушылардың туған жер тарихына оның ішінде ата-бабаларымыздың асқақ рухынан нәр алуға, оған лайық болуға бағытталған.

Оқушыларға қойылатын талаптар:-тарихи дәуірлерді ажырата білу;-алған білімін өмірде орынды, өздігінен жұмсай білу;-өз туған жерінің рухани мәдениетін, тарихи ескерткіштерін сақтай білу;





  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  • Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна , 2005 
  •  «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы « Бас редакциясы, 1998  I том
  • Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005.
  •  Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  •  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 
  •  Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна , 2010.
  • Тарихи тұлғалар- Алматы 2008.
  • Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі- Алматы: Дарын.2004.
  • Әмір Темір аманаты- Шымкент: Жібек жолы 2000.
  • Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан: Қазақ-түрік университеті, 2000.
  • Әулие ата -Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас- Алматы. Білім, 2004.
  • Байпақов Қ. Қазақстанның ежелгі қалалары –Алматы: Аруна, 2005.
  • Торғай энциклопедиясы
  •  А.Иманов. Мақалалар, материалдар, документер. А., 1975 ж.
  •  Мырзағалиұлы М. 1916-1917 ж. Торғай қазақтарының көтерілісі.-А., 2005.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!