Материалдар / HTML ге мультимедианы енгізу. Ашық сабақ, 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

HTML ге мультимедианы енгізу. Ашық сабақ, 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
HTML ге мультимедианы енгізу ҚМЖ 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
253
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
10.4.2.4 Web (веб)-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолдану;
(сабақтың тақырыбы)

WEB-бетке мультимедияны енгізу


Бөлім:

Веб-жобалау

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Туткабаева Сауле Сатыбалдыевна

Күні:

19.02.2024 ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

WEB-бетке мультимедияны енгізу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.4.2.4 Web (веб)-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолдану.

Сабақтың мақсаты


Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолданып, Web бет жасау.

Бағалау критерийлері:


  • Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін анықтайды;

  • Мультимедиа нысандарын кірістіріп Web бет жасау үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолданады.

ЕБҚ оқушы

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар бала. Ол 1-топқа жатады. (Сөйлеу барысында тұтығып сөйлейтін оқушы, сол себепті тапсырмалар жазбаша түрде беріледі)


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

ЕБҚ әрекеті

(Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар бала)

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.



«Ой қозғау» әдісі. Ұжымдық жұмыс

learningapps.org платформасы арқылы берілген сілтемемен кіріп https://learningapps.org/display?v=p8byzrjdj20

HTML тілінде құжатты форматтау тегтерін сәйкестендіру керек.











с криншот «learningapps» платформасы


«Ширату жаттығуы» Ұжымдық жұмыс.

Атаулар мен терминдер туралы

үш сұрақ” әдісін қолданып, берілген термин сөздерді (Мультимедиа, HTML, кескін,бейне, дыбыс, web bet) пайдаланып, (Қайда? Қалай? Қандай?) деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап алу.

Мұғаліммен сәлемдеседі.





HTML тілінде құжатты форматтау тегтерін сәйкестендіреді.

























Берілген термин сөздердің мағынасын ажыратып, берілген төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?







HTML тілінде құжатты форматтау тегтері қағаз түрінде ұсынылады, оқушы сәйкестендіреді.























Мультимедиа, HTML, кескін,бейне, дыбыс, web bet туралы білген терминін дәптерге жазып көрсетеді.










ҚБ.

дұрыс орындаса-жасыл түс,

дұрыс болмаса-қызыл түспен бағалап көрсетеді.



















Басқа оқушыға бағыттау, жетелеу,нақтылау








«Learningapps» платформасының сілтемеcі

https://learningapps.org/display?v=p8byzrjdj20




Сабақтың ортасы

5 мин













10 мин
























15 мин орындау,

5 мин қорғау

1-тапсырма. (Жұптық жұмыс)

«Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы

жаңа сабақты түсіну үшін «Оқулықтағы 139-142» бет аралығындағы «HTML –де мультимедианы енгізу» тақырыбын оқып шығып, ақпараттан түсінгендерін жұппен бірге талқылып төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ой бөліседі.

  1. Оқыған ақпараттан не түйіндедіңіздер?

  2. Web (веб)-бет жасау үшін қандай мультимедиа нысандарын кірістіреміз?

  3. Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін қандай HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолданамыз?


2-тапсырма. (Жеке жұмыс)

Берілген HTML кодына мультимедиа нысандарын кірістіру тегтерін қосып жазады.

Айдос мультимедиа нысандарын кірістіріп WEB бет жасауды ұйғарды. Бірақ ол кескін, бейне, дыбыс нысандарын қалай кірістіру керектігін ұмытып тұр. Айдосқа берілген тегтерді ары қарай жалғастырып, мультимедиа нысандарын кірістіріп, HTML кодын жазуға көмектес?


<HTML>

<HEAD>

<TITLE> </TITLE>

</HEAD>


Дескриптор

  • Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін кескін тегтерін анықтайды.

  • Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін аудио тегтерін анықтайды.

  • Мультимедиа нысандарын кірістіру үшін бейне тегтерін анықтайды.



3-тапсырма.

Практикалық жұмыс.(Жеке жұмыс)

Функционалды сауаттылық тапсырмасы (Креативті идеяларды ұсынуға негізделген)

Ұсынылып отырған ресрустарға қарап, өз идеяларын қосып, креативті түрде ойлана отырып, Notepad бағдарламасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында Web бет құрастырады.

Айдосқа жобалық жұмыс ретінде «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында мақала жазып, HTML тегтерін қолданып, web бетке мультимедиа нысандарын кірістіру тапсырмасы берілді. Айдос неден бастарын білмей отырғанда: досы Жандос бірнеше ресрустардың үлгілерін көрсетті.

Ресрустардың үлгілері: сурет түрінде және бейне, сурет, дыбыстың сілтемелері де беріледі.

а) Жандос ұсынған ресрустарда web бетке мультимедиа нысандарының қандай түрлері кіріктірілген? Web беттегі мультимедиа нысандарының тегтерін жазып шық?

_________________________________________________________________________________

б) Жандос ұсынған web бетке қарап, мультимедиа нысандарын кірістіріп, HTML

тегтерін қолданып, өз идеяңды қосып, web бет құрып көр?

Дескриптор

  • Web-беттерді әзірлеу барысында кескінді кірістіру үшін HTML-тегтерін қолданады;

  • Web-беттерді әзірлеу барысында дыбысты кірістіру үшін HTML-тегтерін қолданады;

  • Web-беттерді әзірлеу барысында бейнені кірістіру үшін HTML-тегтерін қолданады.

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақты түсінеді.












Мультимедиа нысандары (аудио, бейне, кескінді) кірістіріп, HTML кодын жазады.

















«Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы 2 түрлі кескінді тауып, жүктеп, HTML-тегтерін қолданып, Web бетке орналастырады немесе басқа кескіндерді жүктейді.


Мультимедиа нысандарының бірі: дыбыс пен бейненің сілтемелерін Web бетке орналастырады, немесе өздері басқа да қосымша мультимедиа нысандарын кірістіре алады.








225тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!