Материалдар / "Жаңа Қазақстан және жасампаз жастар тұжырымдамасы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жаңа Қазақстан және жасампаз жастар тұжырымдамасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деп атап өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2022
428
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
770 тг 693 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа Қазақстан және жасампаз жастар тұжырымдамасы

Бидолда Аманбек

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы


Shape1

Аннотация: Бұл мақалада қоғам дамуының айрықша кезеңінде Президентіміздің бастауымен Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құруда жастардың үлесі зерттелді. Зерттеу жұмысында халық тарапынан қолдау тап­қан конституциялық реформаның бағыттары негізделіп, Әділетті мемлекет – әділетті қоғам құру іс жүзінде көрініс табатын нақты бастамалары туралы жан-жақты зерттелді. Бұл идея сана­ға терең орнығып, өмір сүру философиясының өзегіне айналуы үшін мемлекет­тігі­міз­дің іргесін қалаған ежелгі тарихи және мәдени құндылықтарды қайта жаң­ғыр­ту басты міндет екенін сезінгеніміз жөн. Өйткені Алтын Орда парадигмасы негізінде аз ғана уақыт ішінде Еура­зия кеңістігінде қоныстанған халықтарды бір арнаға түсірген бірлік пен тұтас­тық идеясы жатыр. Ұлытауда жаңғырған ұлы рух мемлекетімізді кемел келешек­ке бас­­тай­тыны анық. Сондықтан біз ұлттық мүддеге ғана жұмыс істейтін мемле­кет моделін темірқазық етіп, алдымызға биік мақсат қойып, зор үмітпен алға жылжыдық.

Тірек сөздер: Әділетті Қазақстан, Конституциялық реформа, Алтын Орда

Аннотация: В данной статье исследован вклад молодежи в создание нового и справедливого Казахстана под руководством нашего президента на особом этапе развития общества. В исследовательской работе были обоснованы поддерживаемые населением направления конституционной реформы и всесторонне исследованы конкретные инициативы по созданию справедливого государства – справедливого общества. Мы должны чувствовать, что главной задачей является возрождение древних исторических и культурных ценностей, заложенных нашей государственностью, чтобы эта идея прочно закрепилась в сознании и стала ядром философии жизни. Ведь в основе парадигмы Золотой Орды лежит идея единства и целостности, которая за короткое время объединила народы, населявшие евразийское пространство. Великий Дух, возрожденный в Улытау, открывает наше государство перед совершенным будущим. Поэтому мы сделали модель государства, работающего исключительно на национальные интересы, поставили перед собой высокую цель и с большой надеждой пошли вперед.

Ключевые слова: Справедливый Казахстан, конституционная реформа, Золотая Орда



Abstract: This article examines the contribution of young people to the creation of a new and just Kazakhstan under the leadership of our president at a special stage of society's development. The research substantiates the directions of constitutional reform supported by the population, and examines in detail the specific initiatives reflected in the practice of building a just state – a just society. We should feel that the main task is to revive the ancient historical and cultural values that laid the foundation for our statehood, so that this idea is deeply embedded in the consciousness and becomes the core of the philosophy of existence. After all, the Golden Horde paradigm is based on the idea of unity and integrity, which for a short time United the peoples who settled in the Eurasian space. It is obvious that the great spirit that was revived in ulytau will lead our state to a better future. Therefore, we have built a model of a state that works only in the National Interest, set a high goal and moved forward with high hopes.

Key words: Just Kazakhstan, constitutional reform, Golden Horde

______________________________________________________________


КІРІСПЕ

Қазақстан – болашағы бекем, елдік үміттері ақталатын жас мемлекет. Қазіргі жаңару мен жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз орнын, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық. Әрине, бұл елдік мәселенің оң шешім таппағы, дұрыс бағыттан ауытқымауы ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігіне де тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты – осы.

Жапон философиясында «Өзгерісті өзіңнен баста» деген қағида бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы қағиданы берік ұстанып отыр. Елге жетекшілік ететін басшының өз туыстарын билікке тартпау, Президент ман­датын бір мәрте ғана жеті жылға белгі­леу, елге әділетті, адал қызмет ету, жем­қорлыққа қоғам болып қарсы тұруға үндеу – Жолдауда көпшіліктің көкейіне қонған қағидаттардың бірсыпырасы осылар. 

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.



Алдағы кезеңнің бізге жүктейтін бас­ты міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Мәдениетсіз қоғамның дамымайтыны, рухани қазынасы­нан айырылған елдің еңсесі көтеріл­­мей­тіні бесенеден белгілі. Экономика мен саясатты қатар алып жүріп дамыту – уақыт талабы. Осы себептен саяси-экономикалық реформаларды және қоғамдық ой-сананы жаңғырту үрдісін жалғастырып, замана талабына бейімделген ұлттың жаңа рухани болмысын қалыптастырудың қажет екендігі белгілі.

Мемлекет басшысының «Президенттік жастар кадрлық резерві», «Жастар практикасы» бағдарламаларын іске асырып, өзгеріс енгізу қажет дегені мемлекеттің жастарға деген қамқорлығының бір парасы іспетті. Осы жоба аясында жастардың жұмыс істеу мерзімін ұзартып, жалақы мөлшерін көбейту туралы  тапсырма бергені және жастар бастамаларына берілетін гранттардың құнын екі есеге, яғни 400 АЕК-ке дейін өсетіні көңілімізге қуаныш ұялатты. 

Қазіргі кезде әлем халықтарының рухани дағдарыс кешіп отырғаны аян. Бұл дағдарыстан ең бірінші зардап шегетін – жастар. Жастар адамзаттық және ұлттық құндылықтардан алыстап, жат дүниелерге санасыз түрде кіріп кетіп жатыр. Тіршіліктің заңдылығы мен құндылықтардың орны ауысты. Соның салдарынан жастар рухани күйзеліске, ішімдік, есірткі сынды жағымсыз әдетке, жыныстық бейбастақтыққа, өзге де мәдениетсіздікке бой алдырып жүр. Біз бұл мәселені ашық айтып, ел болып, жұрт болып талқылауымыз керек.

Жастардың осындай қиын жағдайға түсуіне себепші болып отырған басты мәселенің бірі қоғамдағы әділетсіздік пен жұмыссыздық екені анық. Жастар санасында «сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын» дейтін тоғышар, жаман пиғыл орныға бастады. Әділетті мемлекет болмай, берекелі қоғам құру мүмкін емес. Әділетсіздіктің түбінде жеке бастың мүддесін елдік мүддеден жоғары ұстау, жершілдік пен топшылдық жатыр. Соның салдары жемқорлық сынды қоғамды іштей ыдырататын індетке жол ашады. Ал одан шығар жол – адамның және қоғамның санасын өзгерту, көркем мінез бен мәдениетті дамыту. Сондықтан жастардың қарым-қабілетіне, еңбекке деген талпынысы мен іскерлігіне мән берілуі қажет. «Еңбек – ердің көркі, ер – елдің көркі» дейді халқымыз. Нағыз дер шағындағы, намысты қыз-жігіттердің жігерін жасытпау амалдарын жасау – іс тұтқасындағы азаматтардың парызы. Тасқыны тау қопаратын талантты жас­тар өнері мен білімін ұлтының ұпайын түгендеуге жұмсағаны абзал. Осы себептен жастарға қашанда тәуекелмен, сеніммен қарап, ертеңгі келешекке бүгін берешек болмау үшін жалынды жас толқынның батыл қадамына жол ашу қажет!

Жастар – ұлттың үлкен күші, елі­міздің болашағы. Ұлттың заманға лайық мәдени коды жастардың жан тереңіне сіңірілуі керек. Осы себептен Президентіміздің тапсырмасымен болашаққа бағдар болатын Жастар концепциясы дайындалып жатыр. Бұл құжат арқылы жастар бойына сенім ұялайтын болады, ендеше, жастар да болашаққа сеніммен қарайды деген сөз.

ХХІ ғасырдағы ақпараттар тасқыны, жаңа технологияның қарқынмен дамуы, құндылықтардың өзгеруі тұтас қоғамға, оның ішінде жастарға әсер ететіні белгілі. Әлеуметтік желінің жастарға танысуға, араласуға, ақпарат алуға мүмкіндік бергенімен, жағымсыз мінезге де жетелейтініне куә болып отырмыз. Виртуалды әлемде мыңдаған адаммен араласып жүрген кейбір жастардың отбасынан бастап, туысқандарынан, жақын достарынан, елінен алыстап, туған жерінде өз-өзін жат санап, ұлттық болмысты былай қойғанда, адамдық табиғатынан ажырап бара жатқаны байқалады. Осының салдарынан біздің қоғамда да аномия және гедонизм орын алып, қоғамның түкпір-түкпіріне жайылып жатыр.

Президент Қ.К.Тоқаев "Жақын арада Ресейдің озық техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлануда. 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек",– деген болатын. Бұл  білімге құштар жастардың болашағына даңғыл жол ашылып, білім алу үшін шетел асудың қажеттілігі азаяды, елде білікті жастар көбейеді дегенді білдіреді. Сөйтіп, өз Отанымызда білім алып, туған жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосуымызға бар жағдай қарастырылмақ.

Осы тұрғыда Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстар мен алға қойылған тапсырмалардың нақты орындалуы үшін әрбір азамат бар қажыр-қайратын, білім-білігін аямай еңбек етсе, еліміз жаңарып, дамитыны сөзсіз.

Қазіргі таңда еліміздегі жастардың қоғамдағы ең өзекті, түйткілді мәселелері жетіп артылады. Мәселен, жұмыссыздықтың салдарынан, көптеген жастар сандалып жүргені бәрімізге мәлім. Сондай-ақ жоғары білім алып жүріп, бос уақытын пайдасыз істерге арнап жүрген жастар да жетерлік. Осы сынды түйткілді мәселелерді шешуге қандай қажетті қадамдар жасалынып жатыр деген сұраққа келсек, Жастар саясаты әр өңірден құрылып, аймақтардағы жастардың басын қосып, қоғамдық жұмыстарға араласып жүргенін де жоққа шығаруға болмас.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру – жастардың қолында. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз – жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интеллекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы – көңіл қуантарлық жағдай.
Кешегі күн кетті, көп нәрсеге қолымыз жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық. Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек – жастарда. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім. Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.

«Алыстан алаш десе аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», – деп заманының заңғар тұлғаларының бірі Міржақып Дулатов айтқанындай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда, бүгінгі жас ұрпақпен әрқашан мақтанамыз.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді болашақ жастардың қолында екенін, оларға жасаған тәрбиелік және қаржылық инвестицияның бекерге кет­пейтінін ата-бабамыз біліп айтса керек. Олай болса, бүгінгі жаңа реформа − оның жарқын дәлелі іспеттес. Жастарға жағдай жасау, оларға көмек қолын созу, қолдау – үлкендердің міндеті, парызы. Жастайынан қолдау көріп өскен баланың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, болашақта еліне жанашыр, қамқор болатыны сөзсіз. Бұл реформа − Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттардың бірі. Ел Президентінің бұл көрегенді­лігі қолдауға тұрарлық, құптарлық іс. Мұндай істерде Жаңа Қазақстандағы жұрт жағдайын жақсартатын жақсы реформалардың орындалуы мен жүзеге асуы қадағалануға тиіс.

Әділетті Қазақстанды қалыптастыру балаларға жағдай жасау мүмкін­дік­терін заңдық тұрғыдан негіздеу­мен де ерекшеленсе деген ұсынысымыз бар. Ендеше осындай игі істерге ұйытқы болып отырған Президентіміздің жаңа бас­тамаларын қолдай отырып, әрі қарай да жаңа реформалар күтетінімізді айтқымыз келеді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!