Материалдар / Жаңашылдыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңашылдыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Жаңашылдыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты»

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында білім алушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекеленген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі талаптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; яғни өзінің және білім алушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді.

Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.

Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз. Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі –тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!