Материалдар / «Жүйке жасушаларының құрылысы» тақырыбындағы ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жүйке жасушаларының құрылысы» тақырыбындағы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныптың 2 бөлімі Координация және реттеу бөлімі бойынша «Жүйке жасушаларының құрылысы» тақырыбындағы ашық сабақ көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
45
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жүйке жасушаларының құрылысы» тақырыбындағы ашық сабақ

Жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

II. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут):

Тақырыбы: Антропогенез кезеңдері

  1. Антропогенез ұғымын түсіну

  2. Антропогенез кезеңдерін талдау

1-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі

2-тапсырма. Белсенді оқыту әдісі: «Еркін пікір»

III. Жаңа сабақ (30 мин)

  1. Орталық ми мен жұлын

  2. Шеткі жүйкелер мен жүйке түйіндері

IV. Бекіту (25 мин)

1-тапсырма. «Жеке жұмыс» әдісі

2-тапсырма. «Сыни тұрғысан ойлау» әдісі
3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақта жиған ақпараттарды оқушылардың жеткізуі.

V. Бағалау ( 4 мин)

Рефлексия. «Смайлик» әдісі

Рефлексия бойынша әр бала алдарындағы смайлдер арқылы кері байланыс жасайды.

VI. Үйге тапсырма (2 мин)

VII. Пайдаланылған әдебиеттер (1 мин)


























Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жасушаларының құрылысын

Сабақтың мақсаты: Жүйке жасушаларының құрылысын түсіндіру

Сабақтың көрнекі кұралдары: Дидактикалық материалдар, оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, плакат, стикерлер, бейнебаян

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру,

жинақтау, инновациялық технология, «сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, аудитория тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Тақырыбы: Антропогенез кезеңдері

  1. Антропогенез ұғымын түсіну

  2. Антропогенез кезеңдерін талдау

1-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі

2-тапсырма. «Еркін пікір» әдісі

Бірінші тапсырма бойынша интерактивті тақтаға 20, 30, 50 балдық жүйемен жасырынған ұяшықта сұрақтар шығарылады. Екінші тапсырма бойынша әр оқушы жеке үй жұмысын айтады.

III. Жаңа сабақ

  1. Орталық ми мен жұлын

  2. Шеткі жүйкелер мен жүйке түйіндері

Презентация, бейнеролик және муляждар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.


Жүйке жасушалары Нейрон(neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асыру.

Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.

Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді.

Өсінділер

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.

Жүйке жасушалары (нейроциттер)-олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма),

Ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.

Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.

Классификация

Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.

Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,

Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,

Биполярлы нейроциттер — көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде,

Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:

  1. cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)

  2. байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)

  3. қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)

Нейроннның денесі сома деп аталады. Оның пішіні әртүрлі. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді.

Миелин

Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а

Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді.



Ерекшеліктері

Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді.

Тигроидты дене-нейронның цитоплазмасында орналасқан дән немесе бұршақ тәрізді құрам бөлігі.

Оны арнайы бояумен бояған кезде микроскоппен көруге болады.Тигроидты дене көлемді дендриттердің негізінде орналасады және олар асондарда мүлдем болмайды.

Синапс

Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.

Синапстық:

пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); —

постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді); —

синапс саңылауын ажыратады.

Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар — медиаторлардың көмегімен беріледі. Жүйке талшықтары бойынша 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері — әлсіз биоэлектрлік ток.

Қызметі

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысқандықтан синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен ОЖЖ-ға барады. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал безде секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады

Егер синапсты зақымдалса, нейрон қаншалықты қозған болса да, ол жүйке импульсін көрші немесе бұлшық жасушасына бере алмайды. Синапстардың бірі — қоздырғыш, ал басқалары — тежеуші.

Рефлекс және рефлекс доғасы

Организм әр түрлі тітіркендіргіштерге үнемі жауап қайтарады. Организмнің тітіркендіргішке жауап реакциясы рефлекс (лат. reflexus - кері бұрылған) деп аталады. Рефлекс дегеніміз - орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргшітерге жауап реакциясы.

Рефлекстер- рефлекторлы доға арқылы іске асырылады.

Рефлекторлы доға - жүйке импульстары өтетін жол.

Рефлекс доғасы

-рецепторлардан - тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштарынан,

-импульсті орталық жүйке жүйесіне өткізетін сезімтал жүйке талшықтарынан, -түскен ақпаратты анализ жасайтын ОЖЖ бөлігінен,

- қозғалғыш жүйке талшықтарынан тұрады.

Осыған жауап ретінде бұлшық ет жиырылады

IV. Бекіту

1-тапсырма. «Жеке жұмыс» әдісі (сәйкестендіру)

2-тапсырма. «Сыни тұрғысан ойлау» әдісі (Сөйлеммен сұрақ қойып жауабын ішінде табу)

3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақта жиған ақпараттарды оқушылардың жеткізуі. (Ми мен жұлынды атқаратын қызметін, құрылысын 2 плакатка жазып топ болып корғау)

V. Бағалау

Рефлексия. «Смайлик» әдісі

Рефлексия бойынша әр бала алдарындағы смайлдер арқылы кері байланыс жасайды.


Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту

Қорытынды бағалау

Миға шабуыл

Еркін пікір

Жеке жұмыс

Сыни тұрғысынан ойлау

Ойлан, жұптас, бөліс

Рефлексия

1

Атымтай Ерасыл







2

Аяп Айгерім







3

Бураев Нұрғиса







4

Жайлау Нұржау







5

Изатулла Жасұлан







6

Қуандық Елнұр







7

Мұрат Мирас







8

Мұса Сағадат







9

Мұхаммедсадық Илияс







10

Омар Камшат







11

Серікбек Нұрасыл







12

Серікбек Нұрболсын







13

Тұрсымахамбет Тұрсынхан







14

Тыныштық Іңкәр








VI. Үйге тапсырма

Жүйке жасушаларының құрылысын түсініп оқып келу. Термин сөздерге анықтама жазып жаттау.

VII. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық. 10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

2. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық. 11 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

3. Есенбекова Э.Э. Основы анатомии и физиологии человека. 2015. 324 с.

4. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека, 2017, том второй. 420 с.

5. Сапин М.Р., Ревазов В.С. Анатомия человека, 2014. 260 с.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!