Материалдар / Кіріспе сабақ. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіріспе сабақ. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе сабақ Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады? Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Тамыз 2024
154
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Кіріспе сабақ
Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу

Сабақтың мақсаты

  • орта ғасырларда Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттердің даму үдерісі мен тарихи оқиғаларды талдау;

  • Қазақстан территориясындағы орта ғасырлар кезеңінің ерекшеліктері мен өзгерістерін анықтау.

Бағалау критерийі

Білу: Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын оқудың маңызын біледі;

Түсіну: «Түркі кезеңі» ұғымының мәнін түсінеді;

Қолдану: Ежелгі дәуір мен ерте ортағасырлық Қазақстан карталарын салыстырып, саяси өзгерістерді анықтайды;

Талдау: Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихының кезеңдерін талдайды.

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдыларын дамытып, арнайы - пәндік ғылыми тілдің оқытылуын қалыптастыру. Оқушылар:

1. Жазба дағдыларына қатысты: карталарды салыстыру нәтижелерін жазбаша рәсімдейді;

2. Сөйлеу дағдыларына қатысты: өз пікірлерін , зерттеу нәтижелерін қорғайды;

Пәндік лексика мен терминология:

Кезең, ғасыр, уақыт, саяси т.б

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ортағасырлық кезеңінің ерекшелігі....

Ортағасырлық дәуірі........кезеңнен тұрады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

География

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім


Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттердің пайда болуы, құлдырауы туралы біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин




5 мин


2 мин


  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.


(Б) Оқушыларға жаңа ұғымдар көрсетіледі, және жаңа ұғымдар туралы не білетіндерін сыныпта талқылайды.

Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.




1-слайд



2-слайд

Сабақтың ортасы


























6 мин








































7 мин















Қысқаша конспект.

Қазақстан тарихы төрт кезеңнен тұрады. Олар: ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа заман және қазіргі заман. Бұл сабақта орта ғасырлар тарихына жалпы шолу жасаймыз. Орта ғасырлар – VI–XVII ғасырларды қамтитын маңызды тарихи кезең. Бұл кезең ежелгі және жаңа заман тарихының аралығында орналасқандықтан «орта ғасырлар» деп аталады.

VI-ІX ғасырларды қамтитын ерте орта ғасыр дәуірінде қалыптасу, шарықтау және құлдырау кезеңдерін басынан өткізген Түрік мемлекеттері өмір сүрді. Ұлы далада 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен екіге бөлінді.

Қазақстанның Жетісу өңірінде Түргеш қағанатының билігі орнаса, одан кейін қарлұқтардың үстемдігі артты. Ал ІХ ғасырдың аяғында мәдениет тарихында маңызды із қалдырған Оғыз және Қимақ мемлекеттері өмір сүрді. Сонымен, бұл дәуірдің басты ерекшелігі – түркі жазуы мен мәдениетінің пайда болуы.

Х-ХІІІ ғасырдың басы аралығында саяси құрылымы берік, мәдени деңгейі жоғары Қарахан, Қыпшақ мемлекеттері бой көтерді. Бұл кезеңде Ұлы Жібек жолы арқылы халықаралық сауда белең алды. Сәулет өнерінің дамуы қала мәдениетін жандандырды. Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи т.б. ортағасырлық ғалымдар ғылым-білімнің дамуына үлес қосты.

XIІІ-XV ғасырдың ортасында моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған ұлыстар түркі тілдес мемлекеттерге айналды. Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері – бүкіл Еуразия тарихында үлкен рөл атқарды. Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және т.б. мемлекеттердегі саяси жағдайлар Қазақ хандығының құрылуына ықпалын тигізді. ХV- ХVІІ ғасырлар аралығын қамтитын кейінгі орта ғасыр кезеңінде Қазақстан тарихында жаңа кезең – Қазақ хандығының дәуірі басталды.


«Қолдану» дағдысына негізделген тапсырма

Картамен жұмыс.

(Т) Тапсырма 1. Оқушылар ежелгі дәуір мен ерте ортағасырлық Қазақстан карталарын салыстырып, саяси өзгерістерді анықтайды. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап береді.


1 карта



2 карта

  1. 1 және № 2 картада қандай мемлекеттер белгіленген?

  2. 1 және № 2 картада қай кезеңдер бейнеленген?

  3. 2 картада саяси өзгерістер болды ма? (болса қандай өзгерістер)

  4. 1 және № 2 картада не өзгеріссіз қалды?


Дескрипторлар:

  • Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттерді атайды;

  • Орта ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттерді атайды;

  • Картадағы кезеңдерді анықтайды;

  • Орта ғасырлардағы саяси картадағы өзгерістерді анықтайды.


«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма

Мәтінмен жұмыс.

(Т) Тапсырма 2. Кесте бойынша орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдеріне сипаттама береді.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кестесі

Ғасырлар

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдерi

VI

Ерте орта ғасырлар

Түркі кезеңі


VII

VIII

IX

X

Дамыған орта ғасырлар

XI

XII

XIII

Кейінгі орта ғасырлар


Монғол шапқыншылығы кезеңі

XIV

XV

XVI

Қазақ мемлекетінің қалыптасып, даму кезеңі

XVII


Дескрипторлар:

  • Түркі кезеңіне сипаттама береді;

  • Монғол шапқыншылығы кезеңіне сипаттама береді;

  • Қазақ мемлекетінің қалыптасып, даму кезеңіне сипаттама береді.

Таратпа материал



























3-слайд








































Қосымша 1


Сабақтың соңы

Ой-толғау кезеңі

6 мин




















5 мин



7 мин





Бекіту тапсырмасы

(Т) Тапсырма 3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан тарихы неше кезеңнен тұратынын атаңыз

А. кезеңге бөлінбейді

В. Үш

С. Бес

Д. Төрт

Е. Екі

  1. Ерте орта ғасырларға тән мемлекетті анықта.

А. Қыпшақ мемлекеті

В. Керейіт мемлекеті

С. Қарахан мемлекеті

Д. Түрік қағанаты

Е. Найман мемлекеті

  1. Қазақ хандығының қай кезеңде құрылғанын анықта.

  1. Жаңа заман

  2. Қазіргі заман

  3. Кейінгі орта ғасыр

  4. Дамыған орта ғасыр

  5. Ерте орта ғасыр

  1. Х-ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет:

А. Қарахан

В. Найман

С. Керейт

Д. Жалайыр


Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы.


Рефлексия

-Менің бүгін білгенім...

-Менің бүгін үйренгенім...

-Менің байқағаным...

-Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді...


Қосымша 2

Үй тапсырмасы

§Кіріспені оқу




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!