Тауар – бұл қажеттіктерді қанағаттандыра
алатынның және нарыққа назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну
үшін ұсынылатындардың барлығы (физикалық нысандар, қызметтер,
тұлғалар, ұйымдар, идеялар).
Тауарлық бірлік - бұл ерекшеленген, мөлшері,
бағасы, сыртқы пішіні және басқада атрибуттарының көрсеткіштерімен
сипатталатын біртұтастық (мысалы, тіс пастасы-тауар, ал тюбик
тауарлық бірлік).
Тауарды үш деңгейлі тұрғыдан қарастыруға болады
(әдетте шеңберлер түрінде сызады):
ойдағы тауар (ішкі орталық
шеңбер);
дайын тауар (ішкі екінші
шеңбер);
толықтырылған тауар (үшінші сыртқы
шеңбер).
Ойдағы тауар - бұл тұтынушылардың іздейтін
пайдасын құндылығын іске асыру идеясы.
Осы идея тексеру, талдау және өңдеуден өткен соң
дайын тауарға айналады. Дайын тауардың бес сипаттамасы
болады:
сапа деңгейі;
қасиеттер жиынтығы;
ерекшеленген безендіруі;
маркалық атауы;
ерекшеленген қорабы.
Толықтырылған тауар сатып алушыға деген жеке
ілтипатты білдіреді-үйіне жеткізіп беру, құрып көрсету, сервистік
қызмет, ақшаны қайтарып беру кепілдігі.
Сервистік қызметтеуге мыналар
жатады:
абонемент;
ақысыз жөндеу;
таңдау тәуелсіздігі.
Нарықта әртүрлi көптеген тауар түрлерi орын
алады. Тауар нарықтағы зерттеу жұмысын жеңiлдету үшiн және
маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын
қалыптастыру үшiн тауарлар топтастырылып
қарастырылады.
|