Материалдар / Музыкалық қалашыққа саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Музыкалық қалашыққа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған музыка іс-әрекетінің конспектісі. Мұнда мультимедиялық тәсілдер қолданылған. Ортаңғы топқа арналған музыка іс-әрекеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
52
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы: «Құлыншақ» ортаңғы тобы

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: музыка

Тақырыбы: «Музыкалық қалашыққа саяхат»

Музыка тыңдау: Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуге қалыптасу.

Ән айту: Ән сөздерін дұрыс және анық айтуға, әннің сипатын бере білуге (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді) қалыптасу.

Аспапта ойнау: Балаларға арналған музыкалық аспаптарда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге талпыну.

Әдіс-тәсілдер: АКТ, Ойын технологиясы


Өтілу барысы:

Балалар көңілді әуенмен қол ұстаса залға кіреді.

Жетекші: Қош келдіңдер, балалар!

Шеңбер құрып тұрайық

Әндете сәлемдесіп алайық.

Сәлем, алақан соқ-соқ, соқ, (қол соғады)

Сәлем аяғым, топ-топ-топ (аяқ топылдатады)

Сәлем, ай-жүзім, пух-пух-пух (бетін соғады)

Сәлем, ерінім, үп-үп-үп (сүйеді)

Сәлем, маржан тіс, тырс-тырс-тырс (тісін соғады)

Сәлем, достарым, алақай (бір-біріне қол соғады)

Сәлем береді балақай!(иіледі)

Жетекші: Тамаша! Жарайсыңдар!

Балалар, біздің бақшамызда ойын қалашығы бар.

Онда біз не істейміз? (Жауабы)

Қандай ойын ойнайсыңдар? (Жауабы)

Сол сияқты «Музыкалық қалашық» бар екен. Ал, бұл қалашықта балалар не істейді деп ойлайсыңдар? (Балалар жауабы)

Музыкалық қалашықа барып қайтамыз ба? Тез бару үшін пойызға отырып, «Паровоз» ойынын ойнап барайық. Ойын шарты бойынша ең ұзын бала паровоз, қалған балалар тіркеме болады. Қане, жолға шығайық, кеттік!

«Пойыз» әнінің ырағымен тізбектеле шеңбер бойымен жүріп келіп, орындарына келеді.

Экраннан «Әуенді қуыршақ» көрінеді.

Сәлем, балақайлар! Біздің музыкалық қалашыққа қош келдіңдер! Мен Әуенді қуыршақпын. Сендерді қалашықпен таныстырмақпын. Білесіңдер ме, бізде бәрі әуенді. Қалашық тұрғындарының бәрі музыка тыңдағанды, ән салғанды , би билегенді жақсы көреді. Тіпті балық та, құс та, жәндік те, тіпті көлік те музыканы ұнатады. Сенбейсіңдер ме? Көліктер қайдасыңдар? Балаларға өнерлеріңді көрсетіңдер!

Көліктер көрінеді.

Көліктер бірге: Иә, иә біз әуенді көліктерміз.

Ұшақ: Мен ән салғанды,

Автобус: Ал мен, музыка тыңдағанды

Қайық: Мен билегенді ұнатамын.

Біздің әнімізді мұқият тыңдаңдар!


Музыка тыңдау

«Ұшақ», «Автобус», «Қайық» әндері

Балалар әндерді тыңдайды.

-Балалар, нелер ән салды? (Жауабы)

Ұшақ нені жақсы көреді екен? (Автобус, Қайық )

«Сәйкесін тап» ойыны.

Ойын шарты бойынша сурет бойынша көліктердің орнын табамыз. Мысалы көлік қайда ұшады? (аспанда) Яғни ұшақты қайда қоюмыз керек? Және көліктер нені жақсы көреді, соған сәйкес затты қасына орналастырамыз. Ұшақ нені жақсы көреді? (Жаңа ғана тыңдадық, өзі айтып берді)

(Ән салғанды) т.б

Балалардан жалпылама сұрап, жекелеген балаларды тақтаға шақырып суреттердің орнын тауып орналастыру.

Енді Әуенді қуыршақ тағы немен таныстырады екен? Тыңдайық.

Қуыршақ: Көздерің жетті ме? Бізде бәрі әнші. Достарымызбен бірге қосылып ән салғанды ұнатамыз.

Жетекші: Қуыршақ біздің балалар да ән салғанды жақсы көреді. Тыңдап көрші.

Қуыршақ: Жарайды тыңдайын. Мен де қалыс қалмаймын.


Ән салу:

  1. Дауыс жаттығуы

Алақай, алақай

Ән салайық балақай.

  1. Қайталау ән. «Достар» әні. В. Герчик.

Қазақша аудармасы: Еспенбетова А.

Ән сөздерін дұрыс және анық айтуға, әннің сипатын бере білуге қалыптастыру.

Жетекші: Қуыршақ, біздің балалар әнді қалай айтады екен?

Қуыршақ: Тамаша! Достықты айтып әнге қосты жараса!

Енді біздің әнімізді тыңдаңдар,

Ұнап жатса үйреніп алыңдар.

  1. «Біз көңілді қуыршақ» А. Еспенбетова

«Қуыршақтардың» орындауында тыңдайды.

«Көңілді қимылдар» арқылы сөзін, «Мені қайтала» ойындары арқылы әуенін үйрету.

Әуенді қуыршақ: Жарайсыңдар, балалар!

Қалашықта тағы да

Балаларға арналған

Музыкалық аспап бар.

Сыйлығымды қабыл ал

Аспаптарда ойнап қал!


Сахнадан пойызбен «сыйлық» келеді.

Жетекші:

Қандай сыйлық болды екен?

Балаларды шақырып, қорапты ашып тамашалайды.

Аспаптарды көрсетіп, аттарын сұрайды.

«Көңілді оркестр» ойыны

Музыкалық аспаптарда ырғақпен ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгерту.


Қуыршақ: Балаларға сәттілік. Біздің қалашыққа келіп тұрыңдар! Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше!

Жетекші: Рақмет. Кездескенше!

Балалар, қалашыққа саяхатымыз ұнады ма?

Бізді кім қарсы алды?

Қандай көліктерді көрдіңдер?

Қуыршақтар не туралы ән айтты?

Бізге қандай сыйлық берді?

Жарайсыңдар!

Сау болыңдар, балалар!

Балалар музыка әуенімен залдан шығады.

























«Бекітемін»___________

«Бегім ана» бөбекжай-бақшасының

меңгерушісі Ж. Муханбеткалиева

___ ___ __________











Музыкалық қалашыққа саяхат


Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: музыка

Тобы: ортаңғы «Құлыншақ» тобы


Музыка жетекшісі: Еспенбетова А.






















Қызылорда 2023 ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!