Материалдар / PISA тапсырмаларын сабақтарда қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

PISA тапсырмаларын сабақтарда қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақтарда PISA тапсырмаларын қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2024
155
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі


Мектеп: №91 жалпы орта білім беретін

Күні:16.10.2023 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Букурова Б.С

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәрумендер сипаттамасы және оларды жіктеу.

Оқу мақсаттары

8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Дәрумендер туралы мәлімет алады, түрлерімен танысады, ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат екенін түсінеді.

Басым оқушылар:

Дәрумендер және олардың маңызы, ағзадағы биологиялық рөлі және дәрумендер жетіспеуінен болатын аурулар, олардың алдын алу туралы түсінеді

Кейбір оқушылар:

дәрумендердің адам ағзасындағы маңызды рөлі туралы білімдерін тереңдетеді,дәрумендер жетіспегенде адам ағзасында болатын өзгерістерді өз сөздерімен айта алады..

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин




2 мин





5 мин




«Тілектер бұрқасыны» әдісі .Оқушыларға тілектер жазылған қорапша беріледі.Олар тілектерді оқып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

«Қоректік заттар».

«Мозайка» әдісі.Қима суреттер арқылы оқушылар 3 топқа бірігеді.

.

1-топ: «Бейорганикалық заттар» (Ca, N, H2O)

2-топ: «Органикалық заттар» (көмірсу, май, нәруыз)

3-топ «Тағам түрлері» ( ет,картоп,балық)

Үй тапсырмасын пысықтау.

1. «Стикердегі диалог» әдісі

І топ. 1. Тағам өнімдері дегеніміз не?

2. Ересек адамда қанша тіс болады?

3. Ферменттер деген не?

ІІ топ. 1. Ас қорыту мүшелерін ата?

2. Тістің қандай түрлері бар?

3. Тамақтану мезгілі дегеніміз не?

ІІІ топ. 1. Ас қорыту процесіне не қатысады?

2. Тістің сыртқы құрылысы?

3. Ең үлкен ас қорыту безі?

Қалыптастырушы бағалау . Стикерлермен бағалап отырамын.

Тілектер жазылған қорапша.


Қима қағаздар мен

Топ атары жазылған бүктемелер.


Стикерлер жабыстырылған қағаз



ҚБ.стикерлер


Сабақтың ортасы

4-минут

5 минут




































10 минут








































Жаңа сабақ таныстырылымы.

Дәрумендер(витаминдер) және олардың маңызы.


Жаңа ақпараттарды тыңдайды. Жаңа термин сөздерді дәптерлеріне жазып отырады.

Түсінбеген сұрақтарына жауап алады.Ой тұжырымдайды.


1.Жаңа сабақты меңгеру. «ПОПС» әдісі арқылы.Әр топқа беріледі.

А) Дәрумендердің маңызы туралы .

Ә) Дәрумендердің топтары мен түрлері туралы .

Б) Тағам өнімдеріндегі дәрумендерді сақтау жолдары.

Слайдтардан осы материалдар көрсетіліп топтардың жұмыстары қорытындыланады.

  1. Дәрумендер дегеніміз – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз ағза мүшелерінің қалыпты жұмыс істемеуі мүмкін емес.

Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса ағзаның жұмысы нашарлап, ауруға шалдығады.

Дәрумендер А,В,С,Д және т.б. әріптермен белгілейді.


А дәрумені-нәлім (треска) балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде,қызанақта,т.б.болады.

Ағзаның өсуіне,дамып жетілуіне әсерін тигізеді, көздің көргіштігін жақсартады.


B дәрумені-нанда,жемістерде,әсіресе ашытқыда болады.

Бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді.

С дәрумені-көкіністерде,жемістерде,ашыған орамжапырақты тағамдарда көп болады.

Ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсартады.


Д дәрумені –денемізде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелерде мешел ауруы пайда болады.

Балықтың уылдырығында,құс еті,жұмыртқада көп мөлшерде болады.

Дəрумен– Биологиялықбелсенділігіжоғары, ағза үшін маңызды органикалық

заттар.

Витамин –это органические вещества, обладающие высокой биологической

активностью

Vitamin is an organic substance with a high biological activity

Гипервитаминоз – витаминдерді артық мөлшерде пайдалану.

Авитаминоз – витаминдердің адам ағзасына жетіспеуінен болатын ауру.

Гиповитаминоз – қандайда бір витамин жетіспегенде организмнің әлсіреуіне себепші.



Топқа тапсырма: «Кластер » құру арқылы постер дайындау.

1 топ: Дәрумендердің маңызы туралы

2 топ:Дәрумендердің топтары мен түрлері туралы

3 топ: Тағам өнімдеріндегі дәрумендерді сақтау жолдары.

Слайдтардан осы материалдар көрсетіліп топтардың жұмыстары қорытындыланады.

Топ жұмысы бағаланады.

Дәрумендер.

Дәрумендер- олар физиологиялық белсенділігі төмен молекулалы органикалық қосылыстар, олардың аз мөлшері адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық процестер ағымын реттеуді қадағалайды. Олар адам ағзасындағы зат алмасуды жәнеәр түрлі ауруларға қарсы тұру әрекетін жоғарылатады. Дәрумендер ферменттердің ыдырауына қатысады. Дәрумендер негізінен өсімдіктерден өндіріледі. Адам ағзасында олар өндірілмейді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 0,1-0,2г болуы тиіс. Қазіргі таңда дәруменнің 50 түрі белгілі. Олар еру әрекеттілігіне байланысты екі топқа бөлінеді. Майда еритіндер: А, Д, Е, К

Суда еритіндер : С, РР, В1, В3,В6, В12

Жоғарыдағы мәтінді пайдаланып , сұраққа жауап беріңіз:

Сұрақ 1

Тағамдағы дәрумендердің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы неге әкеліп соғады.?

А. Анемия және гипервитаминоз

В. Авитаминоз және гиповитаминоз

С. Невроз және авитаминоз

Д. Гиповитаминоз және авитаминоз

Дәрумендер

Дәрумендер- олар физиологиялық белсенділігі төмен молекулалы органикалық қосылыстар, олардың аз мөлшері адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық процестер ағымын реттеуді қадағалайды. Олар адам ағзасындағы зат алмасуды жәнеәр түрлі ауруларға қарсы тұру әрекетін жоғарылатады. Дәрумендер ферменттердің ыдырауына қатысады. Дәрумендер негізінен өсімдіктерден өндіріледі. Адам ағзасында олар өндірілмейді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 0,1-0,2г болуы тиіс. Қазіргі таңда дәруменнің 50 түрі белгілі. Олар еру әрекеттілігіне байланысты екі топқа бөлінеді. Майда еритіндер: А, Д, Е, К

Суда еритіндер : С, РР, В1, В3,В6, В12

Жоғарыдағы мәтінді пайдаланып , сұраққа жауап береміз:

Сұрақ2

        1. Дәрумендер негізінен көп мөлшерде өсімдіктерден өндіріледі. Иа/жоқ

        2. Дәрумендер құнарлы тағаммен ағзаға түседі. Иа/жоқ

        3. Дәрумендер тек ағзада өндіріледі. Иа/Жоқ

        4. Дәрумендер ферменттердің синтезделуіне қатысады. Иа/Жоқ


Слайд презентация










«Басбармақ»әдісі























Ақ қағаз,маркерлер


Слайд


«Басбармақ» әдісі


PISA Халықаралық зерттеуі.

Пиза тапсырмалары- 2018






















Сабақ соңы


15мин



















2 минут

Сабақты бекіту.

Жеке жұмыс. «Ойлан,ізден » әдісі. Кестемен жұмыс

Дәрумен

Қайда кездеседі

Ағзадағы маңызы

А дәрумені


көздің көргіштігін жақсартады.


В дәрумені

нанда,жемістерде,әсіресе ашытқыда болады.


С дәрумені


Ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады

Д дәрумені

Балықтың уылдырығында,құс еті,жұмыртқада


5 зертханалық жұмыс
Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықта

Жұмыс барысы
1. Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйыңдар.
2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл-
ден құямыз. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырамыз. 3. йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз. Енді осындай йодтың 1 мл-іне
0,875 мг
С дәрумені сәйкес келеді.
4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға
тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар. Жұмсалған
йод мөлшерін мұқият санап алыңдар. 5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йод-
тың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына
дәлел. Әр сынауыққа неше миллилитр йод жұмсалғанын жазыңдар.

Сабақты қорытындылау.

Дәрумендердің ағза үшін маңызы өте зор.Ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажет зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады,ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.

Дегенменде салауатты өмір салтын ұстануымыз тиіс.

Рефлексия

Кері байланыс:

«Табысқа жету баспалдағы»(Әр оқушыға жеке беріледі)

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгенін табысқа жету баспалдағы бойынша белгілейді.


1-ші: Мен бүгінгі сабақта .... туралы түсінбедім, көңіл күйім нашар болды

2-ші: Мен бүгінгі сабақта ....туралы жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды

3-ші: Мен бүгінгі сабақта ...туралы жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды

2. Үй тапсырмасы.

Дәрумендер туралы эссе жазу.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?



Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге стикерлермен және ауызша мадақтау арқылы бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада еркін, дұрыс отыруы мен сыныпта қозғалуы қадағаланады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!