Материалдар / Программаны тестілеу №2 ҚМЖ 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Программаны тестілеу №2 ҚМЖ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Программаны тестілеу №2 ҚМЖ 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
138
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлімі:

5-бөлім. «Практикалық программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.6. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: берілген есептерді программалау қадамдарын біледі.

Оқушылардың көбі үшін: программа құру процесінде кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын біледі.

Кейбір оқушылар үшін: тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептердің программалық кодын жазады.

Бағалау критерийлері

  • Берілген есептерді программалау қадамдарын біледі.

  • Программа құру процесінде кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын біледі.

  • Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептердің программалық кодын жазады.

Тілдік мақсаттар


Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python­да есептердің прогрмма кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Берілген есептерді программалау қандай қадамдардан тұрады? Есіңе түсір.

  • Есепті шешу жолының алгоритмін табуда қандай білімдерді ұштастыра білу керек?

  • Программа құру процесінде қиындық туғызатын қандай тұстарын атай аласың?

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Алдыңғы білім

Программаны тестілеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин.










(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

«Парасатты диалог» әдісі

Сыныпта жағымды ахуал туғызу. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

Топтастыру

«Мозаика» әдісі

Қима қағаздарды құрастыру бойынша 2 топқа бірігеді.

/Қимақағазда «Тестілеу, программалау» сөздері жазылған/

1-топ: Тестілеу

2-топ: Программалау


Қағаз қиындылары


5 мин.




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python­да есептердің программа кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Берілген есептерді программалау қандай қадамдардан тұрады? Есіңе түсір.

  • Есепті шешу жолының алгоритмін табуда қандай білімдерді ұштастыра білу керек?

  • Программа құру процесінде қиындық туғызатын қандай тұстарын атай аласың?

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.


Сабақтың ортасы











26 мин.




Практикалық жұмыстар

Сызықтық алгоритмдерге үлгілік тесттер құрастыру және программалау

(Т) 1-есеп. Тең бөлу

N бала К алманы тең бөліп жеді. Тең бөлуге келмесе, алма жетпей қалғандар басқалардан бір алмадан кем алды. Неше бала басқаларға қарағанда бір алмадан кем алды. Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.

Мысалы

Нәтиже

4 16

0

7 30

5



Дескриптор:

- Неше бала басқаларға қарағанда бір алмадан кем алғанын анықтайды.

- Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайындайды.

- Есептің программа кодын жазады.



Бағалау Топтар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.







(Ж) 2-есеп. Тіктөртбұрыш

Өлшемдері A x B м болатын тіктөртбұрыш берілген. Осы тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болады? Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.

Мысалы

Нәтиже

5 6 5

1







Дескриптор:

  • Берілген тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болатынын анықтайды.

  • Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайындайды.

  • Есептің программа кодын жазады.

Бағалау Жұптасып, оқушылар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.







(Ж) 3-есеп. Кеңсе тауарлары

Кеңсе тауарларын сататын дүкенге барған Гауһар X қалам, Y сызғыш мен Z өшіргіш сатып алды. Қаламның бағасы сызғыш бағасынан 10 теңгеге арзан, ал өшіргіш бағасынан 5 теңгеге қымбат екені белгілі. Егер қаламның құны Р теңге екені белгілі болса. Гауһар барлық сатып алған заттарына қанша теңге төлегенін анықта. Енгізу деректері X, Y, Z және Р реттілігімен берілген. Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.

Мысалы

Нәтиже

7 10 5 20

515



Дескриптор:

  • Барлық сатып алған заттарға қанша теңге төленгенін анықтайды.

  • Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайындайды.

  • Есептің программа кодын жазады.



Бағалау Жұптасып бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.







(Д) 4-есеп. Телефонға ақы төлеу

Телефон компаниясы өз телефон қызметіне ақы төлеудің жаңа жүйесін қолдана бастады. Жаңа ақы төлеу жүйесі бойынша, егер тұтынушы 1 айда А минутқа дейін сөйлессе, онда ол әрбір минут үшін K теңге, ал А минуттан көп болса, онда артық сөйлескен әрбір минут үшін В теңге төлейді. Қанат бір айда Р минут сөйлескен. Ол телефон компаниясына қанша ақша төлейді? Енгізу деректерінің реті Р, А, К, В (1≤Р≤1000, 1≤А≤500 1≤К≤50, 1≤В≤100). Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.





Мысалы

Нәтиже

392 300 10 25

5300



Дескриптор:

  • Қанат бір айда Р минут сөйлескеніне телефон компаниясына қанша ақша төлейтінін анықтайды.

  • Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайындайды.

  • Есептің программа кодын жазады.



Бағалау Оқушылар өзін-өзі «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы

Компьютер



Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия



Сабақты бекіту

«Бес саусақ» әдісі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы төмендегі сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:



Басбармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кім маған риза болды? Кім маған көмек берді?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? 

Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?

Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Баспалдақ» әдісі

арқылы жүргізіледі.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!