Материалдар / Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы. 2. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері. 3. Қазақ халқының үй кәсіпшіліктері 4. Сәндік қолданбалы өнер. 5. Ою-өрнектердің символикасы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері» атты ашық сабақ


Жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс

  1. Ұлт-азаттық күрестің бейбіт тәсілдері

  2. Ресей империясының ұлттық шеткері аймақтарға қатысты саясаттың қатаңдауы

  3. 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтеріліс

  4. Алаш автономиясы сипатында мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі

  5. Түркістан (Қоқан) автономиясы



1-тапсырма: «Тұлғаларды таны»


2-тапсырма: «Кім жылдам?»


ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)


Жоспары

1. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.

2. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері.

3. Қазақ халқының үй кәсіпшіліктері

4. Сәндік қолданбалы өнер.

5. Ою-өрнектердің символикасы.

6. Бейнебаян


ІV. Бекіту (30 мин)

1-тапсырма: «Көңіл күй қоржыны» әдісі.

2-тапсырма: «Сәйкестендіру әдісі»

3-тапсырма: Жеке жұмыс. «ПТМС» әдісі.

4-тапсырма: Сергіту сәті

5-тапсырма: Кері байланыс. БББ кестесі әдісі


V. Бағалау (3 мин)


VІ. Үйге тапсырма (1 мин)


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 мин)




Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану.

1.Білімділік: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері жайлы түсіндіріп талдау.

2.Дамытушылық: Шаруашылық факторларды сипаттап , ой өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, ұжымдасып жұмыс істеуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнебаян, плакат,бағалау парағы

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Мәдениеттану, еңбек

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс

1. Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі

2. Ұлт-азаттық күрестің бейбіт тәсілдері

3. Ресей империясының ұлттық шеткері аймақтарға қатысты саясаттың қатаңдауы

4. 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтеріліс

5. Алаш автономиясы сипатында мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі

6. Түркістан (Қоқан) автономиясы


1-тапсырма. «Тұлғаларды таны»

І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары. Алғашқы қазақ интелеллигенциясы

Әлихан Мұхамеджан Ахмет Темірғали Тілеулі Шәймерден

Бөкейханов Тынышбаев Бірімжанов Нұркенов Аллаберген Қосшығұлұлы

Бақытжан Бақтыгерей Молда Сәлімгерей Алпысбай

Қаратаев Құлман Тайынұлы Жантөрин Қалменов

2-тапсырма. «Кім жылдам?»

1. Қазақ зиялы қауымының көзқарастарын білдірген алғашқы журналдар мен газеттер қай жылы пайда болды? (1910 жылы)

2. 1911-1915 жылдары М.Сералин шығарып тұрған қадай журнал қазақ прозасының орнығуына үлкен рөл атқарды? («Айқап»)

3. Қай жылы отаршылдыққа қарсы көтеріліс болды? (1916 жылы)

4. Ә.Бөкейхан басқарған «Алаш» ұлттық партиясы қай жылы құрылды? (1917 жылы шілдеде)

5. Түркістан (Қоқан)автономиясының басында кімдер тұрды? (М.Тынышбаев пен М.Шоқай)

6.1916 жылғы көтерілістің себептері мен салдарын ата? (Орыс шаруалары қоныс аударды, - құнарлы жерлер тартып алынды, - майданға қажетті мал мен киіз үйлер алынды, - түтін салығы т.б. салық түрлерінің енгізілді, - мұсылмандар құқығы шектелді, - әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тіл, мәдениетке қысым көрсетілді)


ІІІ.Жаңа сабақ (25)

Жоспары

1. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.

2. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері.

3. Қазақ халқының үй кәсіпшіліктері

4. Сәндік қолданбалы өнер.

5. Ою-өрнектердің символикасы.

1. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы. Материалдық мәдениет жәдігерлерден (адамдар жасаған заттардан) және технологиялардан (жәдігерлерді жасау тәсілдерінен) тұрады. Материалдық мәдениетке: баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, қолданбалы өнер заттарды, тағам, ыдыс-аяқ және т.б. жатады.

Киіз үй жай ғана өмір сүруді қамтамасыз ететін баспана ғана емес, сондай-ақ ол материалдық мәдениеттің көрінісі. Үйдің жасау-жабдығымен үй кәсіпшіліктері, қолөнер мен қолданбалы өнер байланысты. Көпшілік дәуірдегі қазақтардың баспанасы бөлшектеніп тасымалданатын киіз үй болды. Бұл – көшпелілердің жыл бойы көшіп-қонуға жарамды тамаша өнертабысты. Киіз үйдің іші- жазғы аптап ыстықта салқын, қысқы суық ызғырықта жылы. Ол жылдам жиналады, бөлшектенеді және оңай тасымалданады.

Киіз үйдің ішкі жабдықтары

Киіз үйдің ағаш қаңқасы бөлшектенетін торлы қабырғалар – кереге, дөңгелек төбесі – шаңырақ пен шаңырақты ұстап тұратын иілген күмбездік – уықтардан құралады. Киіз үйдің ағаш бөліктерін талдан, қайыңнан, қараағаштан, көктеректен жасайды. Киіз үйге кіретін жерде жарма есік бектілетін жақтау орнатылады. Керегенің сыртынан ши тұтылып, олардың үстінен киіз жабындар (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Киіз жабындар жылқының қылы мен қой жүнінен есілген арқандармен бекітіледі. Сонымен бірге керегенің торларын бекіту үшін баулар және қайыстар пайдаланылады. Киіз үй күмбезі бау-басқұрлармен және шашақтармен әшекейленеді. Киіз үйдің жасау-жабдығы киіздер, тоқылған кілемдер, төсеніштер мен әралуан ағаш және былғары бұйымдардан тұрады. Ыдыс-аяқ пен киім аспалы қаптарда, киіз қорапшаларда, заттар салатын қапшықтар мен сандықтарда сақталады. Ағаш заттар көркем оюлармен безендіріледі.

Киіз үйдің сыртқы көрінісі

Киіз үйдің орталығы – ошаққа арналған орын. Кіретін жерге қарсы төр – қонақтарға арналған құрметті орын. Бұл жерде сәнді кілем ілінеді, үстіне көрпелер мен жастықтар жиналған сандықтар, мылтықтар мен сәнді қамшылар, сондай-ақ қасиетті зат ретінде құрметтелетін домбыра ілулі тұрады. Төрден оңға қарай (кіреберістен солға қарай) еркектерге арналған бөлігі: бұл жерде ер-тұрман, ат әбзелдері, қару, аспаптар, қасиетті заттар мен тұмарлар сақталады. Төрден солға қарай (кіреберістен оңға қарай) шымылдықпен бөлінген әйелдер бөлігі орналасқан. Ол жерде кереует тұрады, үй жабдықтары сақталады. Төрге қарама-қарсы, есіктің жанындағы кеңестік – босаға.

Киіз үйдің көлемі қанаттардың санына, ал қолданылуы көлеміне байланысты. Хандар дәуірінде сән-салтанатты киіз үйлер көлемінің үлкендігімен және жасау жабдығының әсемдігімен ерекшеленеді, ақ киізбен және жібекпен жабылды. Кереге қанаттары аз (4-5) киіз үйлер тұрмыстық қажеттіліктер үшін қызмет етті.

Жорықта, мал айдау кезінде жеңіл киіз күркелер орнатылды. Балалар мен әйелдерді алып жүру үшін дөңгелекті киіз үйлер пайдаланылды. Қыстаулардағы үйлерді, көбінесе шикі кірпіштерден салды.

2. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері. Киіз үй қазақтарда дәстүрлі қолөнердің, үй кәсіпшіліктері мен қолданбалы өнер түрлерінің дамуына зор әсерін тигізген. Аса маңызды қолөнер түрі-ағаш өңдеуші шеберлер үлкен құрметке ие болды. Олардың уықтары булауға арналған пеші, июге арналғанқұрылысы, бұрғылау аспабы бар арнаулы шеберханалары болды. Олар киіз үйдің ағаш бөліктерінен басқа, ағаштан әртүрлі еңбек құралдарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық бұйымдары, музыкалық аспаптар жасады. Ағаш заттарды оюлау мен асыл тастармен безендіру ағаш өңдеушіні қолданбалы өнерге жақындатты. Ағаш оюшылар ою мен әртүрлі өрнектерді пайдаланды.

Күмістелген ер Әшекей бұйымдар

Бұған қоса, қазақтарда зергерлік, қару-жарақ жасау, былғары өңдеу, сүйектеу және тас қашау сияқты қолөнер түрлері дамыды. Зергерлік өнердің кәсіптік сипаты болды. Шебер зергерлер зергерлік техниканың күрделі тәсілдерін меңгерді. Ұста аспаптар, металл ыдыстар, ал ертеректе қарулар да жасаған. Сүйек пен мүйіздерден дәстүрлі тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ сәндік қолданбалы заттар даярлаған. Тас қашау ісі де ежелгі дәстүрдің бірі. Тастан зират құрылыстары тұрғызылды, оларға бейнелер мен өрнектер салды, жазулар жазды.

3. Қазақ халқының үй кәсіпшіліктері. Үй кәсіпшіліктерінің ішіндегі негізгісі киіз басу болды. Киіз үйдің сыртқы қабырғаларына арналған киіздерден басқа, ішкі-жабдықтарға арналған түрлі түсті киіздер де дайындалды. Киіз басу бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен жүнді дайындап (жүнді сұрыптап, тазартап, бояп) алып, ши төсенішке жаяды. Содан кейін төсенішті орап, ыстық сумен ылғалдайды да, аяқпен және шынтақпен нығыздауға кіріседі. Бұған үнемі көп адам, әсіресе әйелдер қатысады.

Тоқымашылар. суретші Н.Хлудов

Текеметтер еденге төсеу үшін пайдаланылады. Оларды ою түріндегі жүнді жаймалап салу немесе киізден кесіліп алынған оюларды басу әдісімен жасайды. Қабырғаға ілетін және жерге төселетін сырмақтарда дайындаудың бірнеше тәсілі бар: қарама-қарсы түстегі киіз қиықтарынан құрастыру, ақ киізге матаны тігу, киізге жіппен кестелеп өрнек салу. Қошқармүйіз түріндегі зооморфты оюлары бар текеметтерден айырмашылығы сол, сырмақтар сан алуан өрнектермен безендіріледі. Қабырға кілемдері – түскиіздер құрастыру, жапсыру және кестелеу тәсілдерімен жасалады. Оларға жануартектес және өсімдіктектес өрнектердің үйлесуі тән.

Әйелдердің келесі бір кәсіпшілігі ши төсеніштер тоқу болды. Оюлы төсеніш дайындау кезінде ши сабақтарына қандай да бір ою жасау үшін түрлі түсті иірілмеген жүн орайды. Әйелдердің дәстүрлі кәсіпшіліктері – тоқымашылық пен кестелеу. Қазақ әйелдері тоқыма құрылғысында (өрмек) жүн жіптен киіз үйді сәндеу үшін қажетті түрлі түсті және оюлы бұйымдар тоқыды. Тоқылған бірнеше жолақтардан алашалар даярланып, оларды еденге төседі. Кестемен киімді, кілемдерді, көрпелер мен түрлі үй бұйымдарын безендірді. Қалыңдық жасауына енетін дәстүрлі бұйымдарды, оның ішінде үлкен тұскиізді қалыңдық өзі кестелеген.

4. Сәндік қолданбалы өнер. Тұрмыстық бұйымдардың әсемдігіне орасан зор мән берілуі бұл заттардың көпшілігін сәндік-қолданбалы өнер туындыларына айналдырды.

Ұрпақтан-ұрпаққа мүліктермен бірге оларды дайындау жолы, нышандық мағынаға толы өрнектері мен оюлары да беріледі. Материалдық мәдениет заттарында таңбаланған ақпарат-ұлттың мәдени коды сақталады.

5. Ою-өрнектердің символикасы. Өрнек – сәндік-қолданбалы өнердің ең ежелгі түрі. Оған пропорциялық, симметрия мен үйлесім, табиғат құбылыстарын стильдендіру тән. Қазақ халқында ХІХ ғасырға дейін өрнек салу өнері басым болды.

Қошқар мүйіз Қосмүйіз

Өрнектердің геометриялық, өсімдіктектес, жануартектес және антропоморфты түрлері бар. Қазақ қолданбалы өнерінде сақтардың аңдық стилінен шығатын жануартектес өрнек жетекші орын алады. Бұл – мүйіздер, қарға ізі, құс тұмсығы мен құс қанатының және т.б. бейнесі. Зооморфтық белгілердің тотемдік шығу тегі және тұмарлық сипаты бар.

Әмбебап геометриялық оюлардың шеңбер, айқыш, шаршы, шиыршық деген түрлері бар. Ортасында Күн орналасқан шеңбер аспандық жаратылыстың нышанын білдіреді. Тік сызық (жарық сәулесі, от қозғалысы, аспан мен жерді қосқан сызық, дененің осьтік симметриясы) қуатты, даму мен өсуді білдіреді. «Әлемдік ағаш» (бағана, тас баған) үш дүниенің: жерасты, жербеті және аспандағы әлемнің қосылу нышаны болып табылады. Көлбеу энергияның тыныштықтағы нышанын білдіреді (су беті, құбылыстардың ұзақтығы, көкжиек сызығы, демалған кездегі адам денесі). Тік сызық пен көлбеудің қосылу нүктесі энергиялардың қосылған жерін білдіреді. Сондай – ақ айқыш-әлемнің төрт тұсының, адамның төрт темпераментінің, жылдың төрт мезгілінің нышаны. Шаршы (айқыштың туынды пішіні) материалдық әлемі белгісі болып табылады. Ол тәртіп пен орнықтылықтың нышаны саналады. Төбесі жоғары бағытталған үшбұрыш рухтың материядан шығуының (әйелдік бастама) және бұған керісінше, төбесі төиен бағытталған үшбұрыш рухтың материяға енуінің (ертерек бастама) нышанын білдіреді. Осындай ою элементтердің кезектесіп орналасуы қазақ өрнегінде жиі кездеседі. Шиыршық – қозғалыстың, үдемелі күштің нышаны. Солға шиыршықтану білімді, ал оңға шиыршықтану қозғалысты сипаттайды. Бұл екеуінің бірігуі қазақтың жануартектес өрнегі қошқармүйіздің негізін қалаушы болып табылады.

Бұған қоса, қазақ өрнегінде үш бірлік (қарама-қарсы күштер мен біріктіруші үшінші күш; қазіргі уақытпен астасқан өткен уақыт пен болашақ) заңының нышанын білдіретін 3 санының магиялық мәні, сондай-ақ дүниені дуалистік қабылдауды бейнелейтін қарама-қарсылықтар үйлесімі (әсіресе сырмақтар мен тұскиіздердің өрнектерінде) байқалады.

Қорытынды: қазақтардың материалдық мәдениеті халықтың шаруашылық өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болды. Көшпелі қазақтар баспанасы мен ыдыс-аяқтар өмір сүрген табиғи жағдайларға неғұрлым оңтайлы бейімделген. Киіз үй көшпелілік өмір жағдайларындағы ыңғайлы баспана, сонымен бірге әлемнің кішігірім үлесі болды. Киіз үйде қазақтардың материалдық және рухани өмірі шоғырланған. Қазақтардың қолөнерлері мен үй кәсіпшіліктерінің тамырлары ежелгі замандарға кетеді және далалық өркениет дәстүрлерімен және көшпелі өмірдің ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Киіз үйдің ішкі жасау-жабдығы қолданылуға қолайлылығымен, жоғары эстетикасымен ерекшеленеді.

Бейнебаян

ІV. Бекіту (30 мин)


1-тапсырма. «Көңіл күй қоржыны» әдісі.

- жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Көңіл күй қоржыны » әдісін қолдану. Сынып оқушыларына бірілген смайликтермен өз көңіл күйлерін білдіеді. Қағаз қиындылар арқылы оқушылар таңдаған қиынды суреттері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өз тақырыбын қорғау қажет.

1 топ -Киіз үй тобы

2 топ -Қолөнер тобы

3 топ -Сәндік қолданбалы өнер тобы




2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру әдісі» Төменде берілген кестені ретімен орналастырып, аттарын тауып сәйкестендіріңдер.


Шаңырақ

Кереге

Күмістелген ер

Қошқар мүйіз


Қосмүйіз

Әшекей бұйымдар

Киіз үйдің ішкі жабдықтары

Күмістелген ер

3-Тапсырма . Жеке жұмыс. «ПТМС» әдісі.

Шарты: оқушы позициясын таңдайды. Таңдаған позициясына 1 себеп, 1 мысал келтіреді. Айтылған мәселе бойынша қорытынды жасайды. Позиция (Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуы және әр кезеңде жалғасуын тапты деп санаймын/санамаймын)

1. Түсіндіру (1 себеп)

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!