Материалдар / Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптық тапсырмалар. 2 сабақ қатар берілген. Дұрыс жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
97
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
700 тг 630 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары.

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

1-тапсырма. Тест

  1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қашан пайда болған?

А) 1 млн жыл бұрын

В) 2 млн жыл бұрын

С) 2,5 млн жыл бұрын

2. Қазақстандық археологтер осы жерлерден алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдырын тапты.

А) Мұғалжар мен Үстірт

В) Үстірт пен Ұлытау

С) Қаратау мен Үстірт

3. Ағаш шауып, аң етін кесіп, тері өңдеуде пайдаланылған құрал.

А) Балта

В) Чоппинг

С) Ретушь



2- тапсырма. Сәйкестендіру

Бифас

А

Балтаның алғашқы түрі

Нуклеус

В

Екі жағынан өңделіп, қыр салынған

Унифас

С

Тастың жан-жағынан шауып алғанда қалған өзегі

Чоппинг

Д

Бір жағынан өңделіп, қыр салынған



3- тапсырма. Топтастыр

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Ұлы таулар















4- тапсырма. Тиісті орнына қой

Ш. Уәлиханов, Шақпақата, Тәңірқазған, Бөріқазған

Қаратау

Үстірт








5 –тапсырма. Толықтыр.

Ежелгі тас дәуірінде ___________________ жерінде жылдың ___________ және ___________________ мезгілдері ауысып тұратын далалық ______________, ________________ табиғи орта қалыптасты. Алғашқы адамдар ауа райының бұлайша өзгеруіне бейімделді. Сол уақыттың тұрақтарынан жабайы аңдардың (________, __________ т.б. ) сүйектері, _________________ табылды. Мұз дәуірі аяқталғаннан кейін _________________ аумағын ____________________адамдар игере бастады.

6- тапсырма. Кілтті сөздер

  1. Негроидтар –

  2. Монғолоидтар –

  3. Д витамині –

  4. Арктикалық тундра –

  5. Жер шары –

Осы сөздерді байланыстырып не айта аласың?







Дұрыс жауаптары:

  1. 1-а, 2-с, 3-в

  2. 1-в, 2-с, 3-д, 4-а

  3. Алтай, Тянь-Шань, Тибет, Гималай

  4. 1) Ш. Уәлиханов, Бөріқазған, Тәңірқазған. 2) Шақпақата

  5. Қазақстан, жылы, салқын, шөлді, шөлейт, жылқы, бөкен, тас құралдар, Қазақстан, саналы адамдар

  6. 20 бет. Балама пікір.















Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.

5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

1- тапсырма. Галереяға саяхат



















  1. Суреттердің қандай ақпарат беретінін анықта

2 –тапсырма. Ақиқат/жалған.

  1. Ұсақ өткір тастар макролиттер деп аталды.

  2. Қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, ит қолға үйретілді.

  3. Мұздық палеолит пен мезолит кезеңі арасында еріді

3- тапсырма. Топтастыр.

Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6

Микролит















4- тапсырма. Адасқан әріптер

Бұл ұғымдар нені білдіреді?

ІЛСЕ -

ОЛТЫБ -

РЙТАОҒ -

АЙЖЫҚ –



5- тапсырма. Сұрақтар

  1. Мезолит дәурінің хронологиялық мерзімін анықтаңдар?

  2. Не себепті мезолит дәуірінің тұрғындарының негізгі кәсібі балық аулау еді?

  3. Мезолиттік тұрақтардың аз болуының себебі?



6- тапсырма. «Мезолит дәуірінің ерекшеліктері» кестесін толтыр.

Табиғи жағдайы


Адамдардың биологиялық түрі


Тұрақтары


Тас өңдеу техникасы


Еңбек құралдары


Қауымдастық түрі


Кәсібі


Жетістігі




Дұрыс жауаптары:

  1. 1) Садақ пен жебенің пайда болуы, 2) Мұздықтың еруіне байланысты су көбейіп қайық ойлап табуға тура келді. 3) Судың көп болуына байлансыты балықта көп болып, балық аулады. 4) терімшіліктің дамуы нәтижесінде егіншілік пайда болды. 5) Ұсақ аңдардың көбейуіне байланысты микролиттер пайда болды.

  2. 1-ж, 2-а, 3-а

  3. 1) ұзындығы 1-2 см ұсақ тас құралдары. 2) Тас тілігінен немесе жаңқадан дайындалады. 3) Екі шеті кейде қыры мен ұшы өткір етіп жасалған микролит жебенің ұшы, пышақтың жүзі ретінде пайдаланылды. 4) Ағаш не сүйектің жарық өзегіне өткір жүзді ұсақ тастарды орнатып, пышақ жасалды.

  4. Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық

  5. 1) б.з.б. 12- 5 мыңжылдықтар, 2) Біріншіден, мұздық еруі салдарынан су көп болуына байланысты балық та көп болды. Екіншіден, тамақ табудың басты көзі болды.

  6. 1) Мұз еріді, күн жылынды. 2) Палеоазият, монғолоид өңдес болды. 3) Есіл өзені алқабында 40-60м2 келетін тікбұрышты құрылыстар табылды. 4) Микролиттер жасалды. 5) қырғыш, кескіш, тескіш құралдар, ине, жебе, найза ұштары кеңінен қолданылды. 6) Ұсақ қауымдастықтарға бөлінді. 7) Малшаруашылығы,егіншілік, балық аулау, аң аулау 8) садақ пен жебе, микролиттердің пайда болуы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!