Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Материалдар / Қазақстан Республикасының экономикалық даму бағыты.
2023-2024 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған
Қазақстан Республикасының экономикалық даму бағыты.
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының экономикалық даму бағыты. 11 сынып.
Қазақстан
тарихы.Жалпы білім беретін
мектептің 11- сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. -Алматы: Атамұра,
2020.
Техникалық құралдар,
материалдар
Смартфон,
ноутбук.
4. Сабақтың
барысы
Уақыт
(мин.)
Ұйымдастыру
кезеңі
Студенттермен сәлемдесу,
студенттерді түгендеу, оқу құралдарын
түгендеу.
5мин.
Өткен білімді еске
түсіру
1.ХХ ғасырдағы Қазақстан
экономикасының дамуы тақырыбы бойынша хронологиялық кесте
толтыру
2. Ұжымдастырудың бұл
әдісін орта шаруаларға қолдану қажет пе
еді?
15
мин.
Жаңа тақырыпқа қадам
Сабақтың ортасы
Қорытынды
Жоспар:
1.Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарындағы Қазақстан
экономикасы.
2.Экономикалық даму
кезеңдері. Ұлттық валютаны
енгізу.
3.1995 жылғы Қазақстан
Конституциясы және нарықтық экономика.
ЭКСПО-2017.
1.Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарындағы Қазақстан
экономикасы.Тәуелсіздік қарсаңындағы аса ауыр жағдайда Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Одаққа
бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і
үкіметінің басқаруына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Қазақстан
дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз
етті.
Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында жоспарлы экономика- дан нарықтық жүйеге көшу оңай
тимеді. Бұрынғы КСРО-ның одақтас республикалары арасында
экономикалық байланыстар үзіліп, бір-бірінен алшақтай бастады.
Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші
мен қа- білетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну
тауарларының жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының
тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін
күресті. Бұқара халықтың жалақысы азық-түлік алудан артылмады.
Бірқатар ұлт өкілдерінің өз еліне қоныс аударуы жиілеп, республика
халқы едәуір азайды. Көптеген зауыт-фабрикалар жұмысы тоқтап қалды.
Осының салдарынан жұмыссыздар қатары өсті. Отбасы қатынастарының
бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік мәселелер көбейді. 1993-1994
жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта үш
есе, транспорттық жүк тасымалдау үштен екіге қысқарды. Халықтың
кірісі күрт төмендеді. Инфляция деңгейі шарықтады. Нарықтық
экономиканы қалыптастыру механизмдері тиімді жүргізілмей, бірқатар
қателіктер жіберілді.
Аталған жағдайлар экономикалық
терең дағдарысқа ұшыраудың басты себептерінің біріне айналды.
Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік- экономикалық өзгерістер қажет
болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет
басшылығы «алдымен экономика, содан соң саясат» деген жолды
таңдады.
2. Экономикалық даму
кезеңдері.
Қазақстан экономикасының
дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге
болады:
Бірінші
кезең(1991-1994) Қазақстанда жоспарлы социалистік экономикадан
нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Бұл кезең экономикалық
жағдай шиелінісіп, құлдырауымен сипатталады. Жұмыссыздық өршіді.
1992 жылдың қаңтарында баға босатылды, елімізде азық-түлік пен
тұрмысқа қажетті тауарлар түрлерінің бағасы шарықтап кетті.
Мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді жекешелендіру үрдісі
басталды. Кәсіпкерлікті өрістету үшін мемлекет тарапынан қолдау
көрсетіліп, жағдай жасалды.
Екінші
кезеңде(1995-1999) Қазақстанның экономикалық даму стратегиялық
жоспары және жаңа Конституция қабылданды. Ұлттық экономика
тұрақталды. Колхоздар мен совхоздар мемлекеттік емес нысандарға
айналдырылды. Еліміздің алдындағы басты міндеттердің бірі шетелдік
инвестициялар тарту арқылы нарықтық экономиканы қалыптастыру
еді.
1997 жылы Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты стратегиялық
бағдарламасын ұсынды. Онда еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз
етуге бағытталған ұзақ мерзімді міндеттер
белгіленді.
Үшінші
кезеңде(2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін) Қазақстан
экономикалық өрлеу жолына түсті. 2003 жылдан
индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге
асырылып келеді. Соңғы 20 жыл ішінде елімізде мыңнан аса жаңа
кәсіпорын іске қосылды.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз