Материалдар / ҚМЖ Алгоритмді программалау. Практикалық жұмыс.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Алгоритмді программалау. Практикалық жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2024
183
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Практикалық программалау

Мектеп: І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретеін мектебі

Күні: 19.04.2024 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Бейсеева

Сынып:8Ә

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§5.3. Алгоритмді программалау. Практикалық жұмыс.

Оқу мақсатты

8.3.1.1Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау

8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты

Алгоритмнің шарты мен блок-схемасын анықтау;

Алгоритмнің программалау тілінде кодын анықтау;

Алгоритмнің программасы мен трассировкасын орындау.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-10 мин.




Топтастыру:

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Бірлік» әдісі

Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.

/Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.

Топтастыру

І топ: «Тик-ток»

ІІ топ: «Инстаграм»

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабақты пысықтау

«Шатастырылған логикалық тізбек» әдісі

Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады.

Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, тапсырманы оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.

Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді

  1. Тексерілетін сандар ретінде 100 саны берілген. Бұл санның тақ немесе жұп екенін анықтау үшін 1 мен 50 арасындағы жұп сандарға бөлеміз. (берілген сөздегі қатені анықтаңдар)

  2. Егер Р жай саны а құрама санының ең кіші бөлгіші болса, онда Р≤√а шарты орындалатын цикдің коды for j in range(1, n//2+1) (берілген кодтан қатені табыңдар)

  3. N саны берілген. Осы санның тақ немесе жұп екенін анықтау үшін тиімді алгоритм құру жолын ұсыныңдар.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Миға шабуыл

Миға шабуыл стратеиясы арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • Циклдық алгоритмнің басқа алгоритм түрлеріне ұарағанда қандай ерекшеліктерін атай аласың?

  • Циклдық алгоритмдерді программалаудың қандай қиыншылықтар туындауы мүмкін?



Саралау тапсырмалары

Топтық жұмыс/5мин











Жеке жұмыс/13мин

  1. тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалімнің көмегімен орындалады.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі:







  1. тапсырма көлемі үлкен тапсырма.

Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайды.

  1. тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

Оқулықта берілген 2-есептің программалық кодын талдаңдар. Программaға

1) n=495582 және 2) n=495582

мәндері енгізілгенде қандай нәтижелер алынады? Алынған нәтижелерді талдап, түсініктеме беріңдер

Дескриптор

    • Есептің шартын анықтайды;

    • Есептің алгоритмін жазады;

    • Есептің программа кодын жазады.

  1. тапсырманы мұғалімнің нұсқауымен өз беттерінше орындайды.

  1. Төменде берілген программалардың блок-сызбаларын құрастыр.

  2. Төменде берліген программа кодтары жұмыс жасаған-да экранда қандай нәтиже аламыз? Программа кодын компьютерге салып тексермей, жауабын тап.

Дескрипторлар:

  • Есептің алгоритмдік блок-сызбасын анықтайды;

  • Жоба кодын талдайды;

  • Программада жіберілген қателерді анықтайды.



4 балл
















6 балл

Информатика 8- сынып оқулығы













Компьютер, информатика, 8- сынып оқулығы


















Сабақтың

соңы

Ой толғаныс Сабақты бекіту/5мин





Кері байланыс:

/2мин



Үй тапсырмасы

«Зымыран

сұрақтар» әдісі арқылы сабақты бекіту






«Блоб ағашы» әдісі.

Оқушылар параққа бүгінгі

сабақта жасаған практикалық жұмыстары туралы сұрақтар жазады. Парақтан ұшақ жасап келесі топқа ұшырады. Келесі топ жауаптарын айтады.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін функционалды қолдана алуын іске асыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ағашқа өрмелеген маймылдарды бояу арқылы білдіреді

Үй тапсырмасы. (128-бет)

Өзара бағалау

А4

парағы


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!