Материалдар / ҚМЖ. Файлдардың форматтары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ. Файлдардың форматтары

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.1 бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
53
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

1-бөлім. «Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері»

Педагогтің аты-жөні:

Г.Бейсеева

Күні:

16.09.2024 ж

Сыныбы:7а,ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Файлдардың форматтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1 бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Файлды архивтеуді және архивтен шығаруды біледі.

Файлдардың көлемін өзгерту үшін архивтеуші программаларды қолданады.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбекқорлыққа  және кәсіби біліктілігін арттыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

4. Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, 1, 2-ге саналу арқылы екі топқа бірігеді. І топ. ІІ топ.


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


  • Архивтеуші программаларда архивтеу жұмыстары қалай жүзеге асады?

  • Файлдарды кеңейтуге сәйкес программа аттарын дәптерге жазу.

  • Қатқыл диск немесе флэш тасымалдаушыда бос орындарды қалай көбейтуге болады?

  • Компьютерде сақталған файлдардың немесе тасымалданатын файлдардың көлемін кішірейтуге бола ма?

Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Домбыра» әдісі арқылы бағалайды.


5 мин


Жаңа сабаққа кіріспе

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. «Insert/Түртіп алу» әдісі

Жұмыс дәптерінде орындайды.


Білу кезеңі:

  • Көлемді файлдардың өлшемін қалай кішірейтуге болады?

  • Архивтеу дегеніміз не және оны тұрмыста не үшін қолданады?

  • Компьютерде архивтеудің қажеттілігі неде?

  • Қандай архивтеу программаларын пайдаландыңдар?

  • Ақпаратты архивтеу қандай кездерде туындайды?

  • «Көптомдық архивтер» дегеніміз не?

Түсіну кезеңі:

  • WinRar программасының мүмкіндіктерін сипаттап бер.

  • Архивтеуші программа көмегімен файлды құпиялауды қалай жүзеге асыруға болады?

  • Желі арқылы үлкен көлемдегі ақпаратты тасымалдау қиындығы мен уақыт пен қаражатты үнемдеу жолдары қалай шешіледі?

Дескриптор:

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.


Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Домбыра» әдісі арқылы бағалайды.


Сабақтың ортасы

26 мин.


Топтық жұмыс




Компьютерде практикалық жұмыс

(Т)

1-тапсырма

  1. Файлды архивтеуді үйрену үшін архивтеу программаларының бірін таңдаймыз. Бұл орайда ең көп пайдаланылатын тиімді программа WinRAR программасының жұмысымен танысайық.

  2. Файлды архивтен шығару.

Дескриптор:

- WinRAR программасының жұмысымен танысады.

- Файлды архивтен шығарады.


Бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірін «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.


Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін

«Домбыра» әдісі арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.


Жеке жұмыс

(Д) 2-тапсырма

Өзің отырған компьютердің Жұмыс үстеліне «Менің құжатым» деген атпен қапшық жаса. Сол қапшықтың ішіне компьютердің басқа қапшықтарынан

1 данадан .docx, .jpg, .avi, .mp3 .txt, .gif, .pptx кеңейтілім функциясы бар файлдарды көшіріп, орналастырыңдар. Бұл файлдарды жекелеп жоғарыда көрсетілген

1 немесе 2-әдіс бойынша архивтеңдер.

Дескриптор:

- Жұмыс үстеліне жаңа бума ашады.

- Жаңа бумаға 1 данадан .docx, .jpg, .avi, .mp3 .txt, .gif, .pptx кеңейтілім функциясы бар файлдарды көшіреді.

- Файлдарды WinRAR программасының көмегімен архивтейді.


Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін

«Домбыра» әдісі арқылы бағалайды.

Информатика

7-сынып оқулығы.


Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия

Сабақты бекіту

Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Сабақтың қай бөлігі түсініксіз болды?

  • Файлдар көлемін сығу және қалпына келтірудің практикалық маңызы неде?

Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Домбыра» әдісі арқылы бағалайды.



Үй тапсырмасы:

  1. Интернеттен WinZip архиваторлық программаcын үйдегі компьютерлеріңе көшіріп, орнатыңдар.

  2. Интернеттен ірі көлемдегі архивтелген файлдарды бөліп-бөліп көшіруге көмектесетін программаларды анықтаңдар.

  3. Қосымша зерттеуге:

Интернеттен «Архиватор программаларында архивтеу қалай жүзеге асады?» сұрағына жауап іздеңдер. Маңызды мәліметтерді дәптеріңе жазыңдар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!