Материалдар / ҚМЖ. Процессор мен оның сипаттамалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ. Процессор мен оның сипаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
67
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
450 тг 405 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары


Мұғалімнің аты-жөні:

Бейсеева Гүлжан

Күні:

23.02.2024 ж

Сынып: 8а,ә,б

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Процессор мен оның сипаттамалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

  • процесссор ұғымы мен қызметін анықтау;

  • процессордың параметрлерін салыстыру;

  • процессор құрылымының маңыздылығын сипаттау, бағалау.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбекқорлыққа  және кәсіби біліктілігін арттыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері/уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылның іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі:/5мин

Сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

«Киіз үй» әдісі.




Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.


Оқушылар тілектерін киіз үйге жапсырылған жүрекшелерді алып, ішіндегі тілекті сыныптасына айтады.


Мақсаты: Оқушылар сабаққа көңілді қатысады, бір-біріне деген бауырмалдығы, қарым- қатынасы нығаяды, бірге білім алады.


Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

«Қошемет» көрсету.




Киіз үйіз, жүрекшелер.


Қызығушылықты ояту.

«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісін қолданып өткен сабақты пысықтау.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып бір-бірлеріне қарап тұрады. Бірінші болып ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқы шеңбер жауап береді. Бір минуттан соң сыртқы шеңбер сұрақ қояды, ішкі шеңбер оған жауап береді. Осылай ауысып отырады.


Смайликтер арқылы ҚБ.


Оқытудың белсенді әдістері



Топқа біріктіру.

Миға шабуыл.

«Сандар» арқылы топтарға біріктіреді.

Миға шабуыл әдісі бойынша өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып проблеманы бірге шешу.

Оқушылар шеңберде тұрған қалпында сандарды айтып топтарға бірігеді.

Оқушылар төмендегі сұрақтар туралы пікірлерін еркін жеткізеді:

  • Техникада адам жұмысын көрсететін қандай модельдерге мысал келтіре аласыңдар?

  • Адам мен компьютер арасында қандай ортақ ұқсастықтар бар деп ойласың?

  • Компьютер адамның қандай іс-әрекеттерін орындай алады?

Адамның орнын компьютер толық баса ала ма?


Информатика 8- сынып оқулығы.

Сабақтың ортасы Мағынаны тану





Топтық жұмыс.








Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдау.


Дисктегі материал арқылы таныстырылым жасайды.

  1. тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім тапсырманы орындауға көмектеседі.


Оқулықпен жұмыс Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады. Мұғаліммен бірге талдайды.


Оқушылар визуалды ақпарат алады.

  1. тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

Процессор жұмысы мен адам миының жұмысын салыстыра отырып талдаңдар.

Дескриптор

    • Процессордың параметрлері мен құрылысын анықтайды;

    • Процессордың құрылысы мен ядросының құрылысын салыстырады.










2 балл

Информатика 8- сынып Оқулығы

















Жұптық жұмыс





  1. тапсырма шығармашылық тапсырма. Өз беттерінше орындауын қадағалайды..

«Автор орындығы» әдісі











3-тапсырма көлемі үлкендеу тапсырма. Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындауына көмектесу.

2- тапсырма

Оқушылар өз беттерінше тапсырманы орындайды. Жазған мақаласын орындықта отырып оқып береді.

«Компьютер біздің ішімізде». Адамның жан дүниесінде болатын ақпараттық процестер жайлы ойыңды жаз. Ол жазбаңа адамның қабылдаған ақпарат әсерінен күйзеліске

ұшырауы, ренжуі немесе қуануы мысал болсын.

Дескриптор

    • Процессор жұмысын анықтайды;

Адам мен процессор жұмысын салыстырады


3-тапсырманы жұптасып орындайды. Процессордың компьютер жұмысын ұйымдастырудағы маңызын бағалаңдар.


Дескриптор

-Процессор жұмысын қолданудың маңыздылығын сипаттайды.








4 балл















4 балл


Сабақтың соңы.

Ой толғаныс. Жаңа сабақты бекіту/5мин








Кері байланыс:

Сабақты бекіту үшін

«Ыстық орындық» әдісін қолдану.

Оқушыларға жауап беру үшін 1 мин уақыт беріледі.

Жылдам жауап бермесе күйіп қалады.




«БББ кестесі» әдісі.

Оқушылар «ыстық» орындыққа отырып сұрақтарға тез жауап береді.

  1. «Процессор» деген не?

  2. Оның қызметі қандай?

  3. Процессор қандай параметрлерімен ерекшеленеді? Оларды сипатта.

  4. Процессор құрылысын сипатта.

  5. «Көпядролы процессор» деген не?


Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және келешекте не білгісі келетінін кестеге жазады

«Білемін, білдім, білгім келеді».

Қошемет арқылы ҚБ

Информатика оқулығы.

8- сынып.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!