Материалдар / ҚМЖ Программаны тестілеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Программаны тестілеу

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау 8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2024
190
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
250 тг 225 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Практикалық программалау

Мектеп: І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретеін мектебі

Күні: 03.05.2024ижыл

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Бейсеева

Сынып:8Ә

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§5.5. Программаны тестілеу

Оқу мақсатты

8.3.1.1Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау

8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Программаны тестілеу ұғымын анықтау;

Программада жіберілетін қателіктерді салыстыру;

Программаны тестілеудің маңыздылығын тұжырымдау.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-10 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Күн! Тас! Қоршау!» ойыны

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн», «Тас», «Қоршау» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.

Топтастыру:

«Тұрғындар мен үй» ойыны

Оқушылaрдың білім деңгейін ескере отырып, «Тұрғындар мен үй» ойынын пайдаланып оқушылaрды тaңдaп aлу әдісімен шығaрa отырып, шыққaн оқушылaр екеу-екеуден қолдaрын көтеріп ұстaсып, үйдің шaтырын жaсaйды. Келесі шaқырылғaн оқушы шaтырдың aстынa кіріп тұрғын болaды. Сәлден соң мұғaлімнің нұсқaуымен тұрғын екеу болaды. Осылaй төрт оқушыдaн шaғын топтaр құрaлaды.

І топ: Тұрғындар

ІІ топ: Үйлер

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – ойларын ортаға салып, пікірлесуге; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабақты пысықтау

Миға шабуыл

«Екі жақты күнделік» әдісі

Миға шабуыл стратегиясы арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып продлеманы топта шешу сұрақтарын айту

Оқушылар дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөледі. Өткен сабақта тапсырмаларды орындағанда олар: Бөліктің оң жағына – есепті программалау кезіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол жағына әсер еткен тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болады?

  • Программаны тестілеу дегеніміз не?

  • Программаны тексеруге арналған тесттердің қандай түрлерімен таныссыңдар?

ҚБ: Оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай өзін-өзі «Күлегештер» әдісімен бағалайды

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың

Ортасы

30 мин

Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

Оқулықтағы

ақпаратты оқушылармен бірге талдау, Диск материалы арқылы көрсету

«Топтастыру» әдісі

Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен

танысады. Визуалды ақпарат алады.

Мақсаты: аудиал және визуал оқушыларды білімге қамту.


Оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Программада кететін қателіктерді топтастырыңдар

Смайлик арқылы ҚБ

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Практикалық жұмыс

Тапсырманы орындуына көмектесу, қолдау көрсету

Оқушылар практикалық жұмыс орындайды

«Бөлгіштер»

Берілген b натурал саны а санына қалдықсыз бөлінсе, онда а саны b санының бөлгіші болады. Мысалы, 15 санының 4 бөлгіші бар: 1, 3, 5, 15. Әрбір берілген b саны үшін оның бөлгіштер саны жұп немесе тақ сан болатынын анықтаңдар. Берілген N (1 < N <= 105) және b саны берілген. Әрбірберілген b (1 <=b <= 1018) үшін бөлгішінің саны жұпсан болcа 0, бөлгішісаны тақ сан болса 1 санын шығар. Программаның әрбір тестке жауап беру уақыты 2 секундтан аспайды.

Дескриптор

    • Программа кодын анықтайды;

    • Программада алгоритмдерді талдайды;

1-тапсырма**. 0 және 1 лерден тұратын тізбек берілген. Осы тізбектегі ең ұзын 1 лер тізбегін табыңдар. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептің дұрыстығын анықтайын

5 түрлі жағдайды қамтитын тест дайындаңдар.

Дескриптор

    • Есептің шартын анықтайды;

    • Есептің алгоритмін анықтайды;

    • Программа кодын жазады;

  • Программаны тестілейді.

2-тапсырма**. Деталь дайындау Жұмысшылар 5 сағатта N деталь дайындауы керек. Олар жұмыс бастаған алғашқы сағатта Х деталь дайындайды және қалған деталдардың әр бірін дайындауға Т минут уақыт жібереді. X, N и T (X ≤ N ≤ 15, T ≤ 240). Жұмысшылар

5 сағатта қанша деталь дайындап үлгереді? Анықтаңдар. Есепке түрлі жағдайды қамтитын 5 тест дайындаңдар. Прогрммасын жазыңдар.

Дескриптор

  • Есептің шартын анықтайды;

  • Есептің алгоритмін құрады;

  • Программа коды мен трассировкасын анықтайды;

  • Есепке тест дайындайды.




3 балл



















4 балл













3 балл



Компьютер, Оқулық

Сабақтың соңы

Ой толғаныс Сабақты бекіту/5мин







Кері байланыс:


Үй тапсырмасы

«Жуан- жіңішке сұрақтар» әдісі










«БББ кестесі» әдісі

Оқушылар тараудың мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.


Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не біледі, сабақта не білгенін, сабақ туралы келешекте не білгісі келетінін жазады.


Үй тапсырмасы. (134-бет.)

Өзара бағалау

А4 парағы


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!